Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.22 Кб
Скачать

81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі

12-бап

1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

  1. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

  2. 34-бап

1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

  1. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

35-бап

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

36-бап

  1. Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

82.Қазақстандағы мемлекеттік биліктің түрлері

Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік әрбіреуі өз алдына дербес бірлігі бар заңнамалық, атқарушы және сотты үш бұтаққа бөлу арқылы іске асырылады.Мемекеттік билік органдары мен басқару деңгейлі жалпы сипаттағы арасындағы уәкілдік шектеуі Қазақстан Республикасы мен мемлекеттік басқару жөніндегі заңнамалы және нормативтік актілермен реттеледі. Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.

Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.

82. Алименттік міндеттемелердің түсінігі, пайда болу негіздері

Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

83. Патронаттық тәрбиелеудің құқықтық негіздері

Асырап алу, қамқоршылық және патронат – ерекше жауапкершілік және маңызды тәсілді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Баланы патронаттық тәрбиеге алу туралы шешімді қабылдай отырып моральдық қана емес, материалдық және заңдық тұрғыдан дайын болуы қажет. Баланы Қазақстанда қамқоршылыққа, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбиеге қабылдаудың негізгі шарттарын аталмыш мақалада қарастырамыз.Ата-ананың және асыранды баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке және ерлі-зайыптылық туралы кодекске сәйкес заңды қатынастардың түрлері болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие.

  1.  Педагогикалық білімнің болуы (тиісті білімі болмағанына қарамай тілек білдіргенде орган сіздің кандидатураңызды жеке қасиеттерге назар аудара отырып қарастыруы мүмкін).

  2. Қамқорлық және қорғаншылық органына қажетті құжаттарды ұсыну. 

Қажетті құжаттар:

  • патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдіру туралы өтініш;

  • тұрғын үй-тұрмыстық  шарттарына тексерулер жүргізу туралы өтініш;

  • патронаттық тәрбиеші болғысы келетін адам некеде тұрса, жұбайының келісімі (балалар);

  • патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның денсаулық жағдайы, соның ішінде психикалық жағдайы, есірткілік (уыттық), алкогольдік тәуелділіктің болмауы туралы анықтама;

  • егер патронаттық тәрбиешіс болғысы келетін адам некеде болса, жұбайының денсаулық, психикалық жағдайы, есірткілік, уытқұмарлық, алкогольдік тәуелділіктің жоқтығы туралы анықтама;

  • баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның, сондай-ақ патронаттық тәрбиеші болғысы келетін адам некеде тұрса зайыбының соттылығының жоқтығы (болуы) туралы мәліметтер. Қамқоршылық және қорғаншылық органы  баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық шарттарына тексеру жүргізеді, оның қорытындылары бойынша акт дайындалады.Бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда қамқоршылық органы 5 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде баланы патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамға негізді жауап береді және оған құжаттарды қайтарады.Бала асыралып жатқан ұйымның әкімшілігімен және органымен келісу бойынша оны патронаттық тәрбиеге беру үшін алдын-ала таңдау. Заңнамалық бекітілмесе де, қамқоршылық  және қорғаншылық екі аптаның ішінде балаға барып, араласу немесе  болжамды баланы «отбасына қонаққа» шақыру керек. Патронаттық тәрбиеші және қамқоршылық органы арасында шарт жасасу. Баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт негізіндегі органның шешімі. Шарт мыналарды көздейді:

    • баланы (балаларды) асырау тәрбиелеу және оқыту шарттары;

    • патронаттық тәрбиешілердің құқықтары және міндеттері;

    • патронаттық тәрбиешілерге қатынасы бойынша органның міндеттері;

    • шартты тоқтату негіздері және салдарлары.

    • Балаларды патронаттық тәрбиешілерге беру. Міндетті құжаттарды ұсыну:

    • баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

    • медициналық құжаттама, егу картасы;

    • білімі туралы құжат;

    • қайтыс болғаны туралы куәліктің  көшірмесі,  сот шешімі мен үкімі,ауруы туралы немесе ата-анасын іздеу туралы анықтама және баланың (балалардың) ата-ананың қамқорлығынсыз қалуын растайтын басқа да құжаттар;

    • ағалары мен әпкелерінің болуы және орналасқан орны туралы ақпарат;

    • оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер және балаға (балаларға) тиісті мүліктің тізілімі;

    • балада (балаларда) тұрғын бөлменің болуын растайтын құжат;

    • баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге де құжаттар.

  1. Сеніп тапсырылған баланың тәрбиесі мен білімі, баланың күтімі. Қамқоршылық және қорғаншылық органына қамқорлықтағының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу бойынша жұмыс туралы жартыжылдық есептілікті ұсыну. Органдарға әрекеттесу .

84. Соттылық ұғымы

Соттылық - қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды. Мемлекеттік орган немесе оның лаууазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады. Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі:

1. топтық соттылық – сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы;

2.аймақтық соттылық – сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық.

Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. Аудандық, қалалық сотта және оған теңетірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы):

1.ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне.

2.Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚР-сы Парламент депуттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы орталық сайлау коммисиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды.

Аймақтық сотылықтың мынадай түрлерін атауға болады:

1.Жалпы соттылық – жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы);

2.Балама соттылық – талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы);

3.Ерекше соттылық – белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 33-бабы);

4.Шарттық соттылық – тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін соттылық (ҚР АІЖК-нің 34-бабы);

5.Істің байланыстылығы бойынша соттылық – аумағына қарамастан дау алғашқы талап қаратырылған сотта шешілуі (ҚР АІЖК-нің 35-бабы).

Осы соттылық бойынша істі қартыруды мынаны ескеру қажет: 1- әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналақан жері бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататтын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖКнің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптардың бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады; 2- дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі; 3- қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.

ҚР АІЖК –нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс. Іс басқа соттың қарауына мына жағдайларда беріледі:

  1. егер тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;

  2. егер бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдіргеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;

  3. егер істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылдағаны анықталса;

  4. егер сотқа талап қойылса (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 2-бөлігі).

Істің сол соттың сотталуына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарым шығарады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру – бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 4-бөлігі).

85.Соттылықты жою

77-бап. Соттылық

1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезiне дейiн сотты болған деп есептеледi. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезiнде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.

2. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады.

3. Соттылық:

а) шартты түрде сотталған адамдар жөнiнде - сынақ мерзiмi өтуi бойынша;

б) тәртiптiк әскери бөлiмде ұсталу, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрiнде жазасын өтеген әскери қызметшiлер жөнiнде - iс жүзiнде жазаны өтеу бойынша;

в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңiл түрiне сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн бiр жыл өтуi бойынша;

г) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өтуi бойынша;

д) ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өтуi бойынша;

е) аса ауыр қылмысы үшiн сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өтуi бойынша жойылады.

4. Егер сотталған адам заңда белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзiмi жазаның нақты өтелген мерзiмiн негiзге ала отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.

5. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейiн өзiн мiнсiз ұстаса, сот оның өтiнiшi бойынша соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн одан соттылықты алып тастай алады.

6. Егер сотталған адам соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн тағы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзiмi тоқтатылады. Бiрiншi қылмыс бойынша соттылықты жою мерзiмi соңғы қылмысы үшiн негiзгi және қосымша жазаны iс жүзiнде өтегеннен кейiн қайта есептеледi. Бұл жағдайда адам екi қылмыстың ең ауыры үшiн соттылық мерзiмi өткенге дейiн олар үшiн сотталған деп есептеледi.

7. Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшiн жояды.

86. Қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдайлар

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

  • бірінші рет қылмыс жасаса;

  • жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

  • жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;

  • жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:

  • кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;

  • орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

  • ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

  • аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.

87. Қажетті қорғанудың заңи негіздері

Қажетті қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша  қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға  және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.

Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.

88. Аса қажеттіліктің заңи негіздері

Аса қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында мүмкін, қойылатын шарт–бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет және аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс;

Қылмыстық құқықта 1. Заңмен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе қылмыс болып табылмайды. 2. Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

89. Орынды тәуекел қылмыстық жауаптылықты болдырмаудың негізі ретінде

Орынды тәуекел ету. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Егер аталған мақсатка тәуекелмен байланыссыз іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады. Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]