Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.22 Кб
Скачать

8. Мемлекет нысанының элементтері

Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Мемлекет нысанының элементтері көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим.

Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылу жолдары, олардын қарым-катынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.

Мемлекеттің басқару жолы монархия және республика деп екі түрге бөлінеді.

Мемлекет нысанының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл - мемлекеттің жергілікті әкімшілікке бөлінуі, сол бөлімдердің бір-бірімен катынасы және мемлекет пен бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлык, федеративтік және конфедеративтік болып үшке бөлінеді. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.

Мемлекеттің нысанының соңғы элементі  саяси режимМемлекеттің саяси режимін, оның қолданатын әдістерінен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдануынан білуге болады. Саяси режим демократиялыкдемократияға карсы болған режимдер болып бөлінеді.

9.Мемлекеттiң басқару нысаны

1. Мемлекет нысанының түсінігі.Мемлекет нысаны–бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан  құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.

 дүниежүзінде басқарудың екі нысаны бар: олар монархия және республика. Монархия (грек сөзі monarchial – бірыңғай билік) – жоғарғы мемлекеттік биліктің нақты немесе формальді түрде бір басшының (монархтың) қолына шоғырлануы. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туыстарының қолынан көшуі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Монархия екіге бөлінеді – шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, биліктің бәрі соның қолында болады. Қазіргі кезде шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман). Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы Үндістан. Жаңа ғасырларда шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады. Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Монарх – мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу, монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер, т.б.Республика (латын сөзі Republic – қоғамдық іс, мемлекет) – мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары не сайланады, не жалпыұлттық мекемелермен қалыптасады. Бұл билік формасының жаңа кезеңде мынадай түрлері бар: президенттік және парламенттік республикалар. Парламенттік республика – мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы саяси жүйеде парламент жетекші орынды алатын республикалық билік формасы. Парламенттік республикада атқарушы және сот билігінің органдары парламентпен сайланады немесе бекітіледі. Парламенттің үкіметті бақылау өкілеттілігі бар, парламенттік республиканың айрықша белгісі парламент алдындағы үкіметтің ұжымдық жауапкершілігінің болуы болып табылады. Мұндай республикаларда президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз болады. Парламенттік республикаға Монғолия, Италия жатады. Президенттік республика. Президенттік институт пен президенттік республиканың даму тарихы 18 ғ. аяғынан АҚШ-тың басқару формасының пайда болуынан басталады.

10. Республикалық басқару нысанына тән белгiлер. Мемлекет нысаны–бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан  құралған құрылымдық ұйымдастырылуы. Басқару нысаны–бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның  жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады. Монархия–бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.Республика–жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты— республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.

Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.

Президенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.

2. Үкімет президентке тәуелді.

3. Атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы президент. Үкімет те президенттің қарамағында болады.

Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.

Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.

2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.

3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты.

Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.

Парламенттік республиканың белгілері:

1. Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.

2. Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.

3. Үкімет парламентке тәуелді.

Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік басқару түрлерінің, жалпы демократияның дамуына байланысты шын мәніндегі демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар — азаматтық қоғам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]