
- •Мемлекет және құқықтың негіздері
- •Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?
- •8. Мемлекет нысанының элементтері
- •9.Мемлекеттiң басқару нысаны
- •11. Қр Үкiметiнің жалпы сипаттамасы
- •12. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгiлер
- •13. Зайырлы мемлекет
- •14. Құқықтық прецедент
- •16.Конфедерация
- •17.Мемлекеттiң iшкi қызметi
- •18.Мемлекеттiң сыртқы қызметi
- •19.Құқықтық сана
- •20.Құқықтық нигилизм
- •21. Құқықтық мәдениет
- •22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері
- •2. Жалпыға міндеттілігі;
- •3. Нормативтілігі;
- •4. Мемлекетпен байланысы;
- •30. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •Қылмыс Құрамы
- •Жазаны тағайындау негіздері
- •Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
- •Соттылық
- •Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
- •Азаматтық процестің тараптары
- •Қылмыстық процесстің жалпы сипаттамасы
- •59 Қылмыстық процесстің қатысушылары
- •60.Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
- •61.Азаматтық құқтарды қорғау
- •62. Мәміленің түрлері мен нысандары
- •63. Жарамды және жарамсыз мәмілелер
- •Мәмле мен шарт ұғымдарының арақатынасы
- •Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
- •Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
- •74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
- •Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді
- •76.Мемлекеттік биліктің түсінігі, бөлінісі
- •78.Некені сот тіртібімен бұзу
- •81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі
- •90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері
- •91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі
- •92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде
- •93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері
- •94.Жазаның түрлері мен мақсаттары
- •95.Жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар
- •96.Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар
74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ;
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдықменшікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
75. ерлі зайыптылардың ортақ және жеке меншік құқығы |
Кодекстің 35-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке меншігі мыналар болып табылады:
• некеге (ерлі-зайыптылық) отырғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсына тиісті мүлік;
• мұрагерлік тәртібінде немесе ақысыз мәмілелер бойынша ерлі-зайыптылар некеде болған кездегі мүлік;
• бағалы заттар және басқа да әшекей заттарды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың ортақ қаржысы есебінен сатып алынса да жеке қолданыс заттары (киім, аяқ киім және басқалары);
• некенің нақты тоқтатылуына байланысты жеке тұру кезінде ерлі-зайыптылардың әрқайсы жинаған мүлік.
Кодекстің дәл сол 33-бабына сәйкес неке кезінде ерлі-зайыптылар жинаған ортақ мүлікке мыналар жатады:
еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және зияткерлік қызмет нәтижелерінен ерлі-зайыптылардың әрқайсының табыстарының сомалары;
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің және ерлі-зайыптының әрқайсының жеке мүлкінің табыстар сомасы;
ол алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнеткерлік жинақтаулар, сондай-ақ арнайы мақсатты тағайындалуы жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, еңбек қабілеттілігінің жойылуына байланысты шығынды өтеуде төленген сомалар, мертігу немесе денсаулықтың өзге де нашарлауы және басқалар);
ерлі-зайыптылардың ортақ табыстары есебінен алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, пай, салымдар, несие ұйымдарына немесе өзге ұйымдарға енгізілген капиталдағы үлестер;
неке кезінде ерлі-зайыптылар жинаған кез келген басқа мүлік