- •Мемлекет және құқықтың негіздері
- •Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?
- •8. Мемлекет нысанының элементтері
- •9.Мемлекеттiң басқару нысаны
- •11. Қр Үкiметiнің жалпы сипаттамасы
- •12. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгiлер
- •13. Зайырлы мемлекет
- •14. Құқықтық прецедент
- •16.Конфедерация
- •17.Мемлекеттiң iшкi қызметi
- •18.Мемлекеттiң сыртқы қызметi
- •19.Құқықтық сана
- •20.Құқықтық нигилизм
- •21. Құқықтық мәдениет
- •22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері
- •2. Жалпыға міндеттілігі;
- •3. Нормативтілігі;
- •4. Мемлекетпен байланысы;
- •30. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •Қылмыс Құрамы
- •Жазаны тағайындау негіздері
- •Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
- •Соттылық
- •Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
- •Азаматтық процестің тараптары
- •Қылмыстық процесстің жалпы сипаттамасы
- •59 Қылмыстық процесстің қатысушылары
- •60.Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
- •61.Азаматтық құқтарды қорғау
- •62. Мәміленің түрлері мен нысандары
- •63. Жарамды және жарамсыз мәмілелер
- •Мәмле мен шарт ұғымдарының арақатынасы
- •Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
- •Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
- •74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
- •Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді
- •76.Мемлекеттік биліктің түсінігі, бөлінісі
- •78.Некені сот тіртібімен бұзу
- •81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі
- •90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері
- •91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі
- •92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде
- •93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері
- •94.Жазаның түрлері мен мақсаттары
- •95.Жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар
- •96.Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар
Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
Азаматтық құқық - бұл тауар- ақшалай және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық саласы. Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес , бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін жүзеге асады.Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Азамат өлген жағдайда оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес басқа тұлғаларға өтеді. Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді. Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен бастап жүзеге асады. Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол берілмейді, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа. Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады.
Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады. Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс.
67.меншік құқығының түрлері мен нысандары Меншік құқығы дегеніміз субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзініе тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,пайдалану және оған билік ету құқығы. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Иеленудің заңды, заңсыз, ұқыпты, ұқыпсыз деген сияқты түрлері болады. Пайдалану құқығы д.з мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы д.з. мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгіліудің заңмен қамтамасыз етілуі. Жеке меншік д.з. азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы , су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады. Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына: ● жерді пайдалану құқығы ; ● шаруашылық жүргізу құқығы ; ● оралымды басқару құқығы; ● заңдаржа көзделген басқа да заттық құқықтар жатады. Жерді пайдалану құқығы арнайы жер туралы заңнамалық кесімдермен реттеледі. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену,пайдалыну, және оған билік ету құқықтарын заңмен белгіленген текте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқықтары болып табылады. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекеменің , меншік иесінен мүлік алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына жіне оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. |
68.міндеттемелердің ұғымы, пайда болу негіздері Міндеттеме дегеніміз бір адамның (борышқордың ) басқа адамның (несие берушінің ) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тарту. Бірақ несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеменің пайда болуына шарт және т.б. негіздер, яғни, зардап келтіру мен басқа да заңды фактілер әсер етуі мүмкін. Міндеттемелер пайда болу негізіне байланысты шартты және шартсыз міндеттемелер болып екіге бөлінеді. Міндеттеменің мазмұнын осы міндеттемеге қатысушы субъектілер: борышкор мен несие берушінің құқықтары мен міндеттері кұрайды. Кейбір жағдайда міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысуы мүмкін. Бұл орайда сөз міндеттемедегі көп тұлғалар жөнінде болып отыр. Міндеттемедегі құқыктар мен міндеттер арақатынастарына байланысты: біржақты, екіжақты немесе өзара ортақ міндеттемелерге бөлінеді. Біржақты міндеттеменің бір жағында тек құқықтар, ал екінші жағында тек міндеттер ғана болады. (Мысалы: зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер). Екі жақты немесе өзара ортақ міндеттемеде оған қатысушылардың әрқайсында міндеттемелер мен құқықтар болады. (Мысалы: сату және сатып алу шарты.) Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады: ●кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті; ●міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі; ●міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті. Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді: ●Ұзақ мерзімді міндеттемелер ●Ағымдағы міндеттемелер Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады. Оларға мыналар жатады: 1.Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт; 2.Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі; 3.Кредиторлық борыштар: 69.міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша иемесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс. Міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді, орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі. Міндеттемені бұзған борышкер несие берушіге оның бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырып беруге міндетті. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы , сондай ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса , дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын , бірақ алынбай қалған табыстары залалдар деп түсілніледі. Мұнымен қоса , міндеттеменің бұзылуынан келтірілген моральдық нұқсан да өтелуі мүмкін. Мәміленің тарабы ақша міндеттемесін орындамаудың салдарынан, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімінен өткізіп жібергені, не оларды негізсіз алғаны немесе басқа адамның есебінде сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында пайыздар төленуге тиіс. |
|
70.шарттың түсінігі, мазмұны, түрлері, жасау тәртібі 1. бір тараптың ғана ықтияры жеткілікті болатын мәмілелер бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда басқа тараптың оған деген ықтияры болмайды. Мәселен , өсиетхат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас тарту және басқалары бір жақты шарт болып табылады. 2.Екі жақты мәміле шарт деп аталады. ол тараптың өзара келісімімен білдіреді. Екі жақты мәміле кең тараған оларға сатып алу сату, жеткеру, мердігерлік, мүлік жалдау, сақтандыру, авторлық және тағы басқа шарттар жатады. 3. көп жақты мәміле үш немесе одан көп тараптар ықтиярымен олардың арасындағы келісімнен тұратын мәміле. Шарттар ақысыз және ақылы шарттарға бөлінгеннен басқа ҚР Азаматтық кодексі жария шарт ұғымын енгізді. Алдын ала жасалатын шарт. Бұл шарт бойынша тараптар алғашқы айтылған талаптарға сәйкс оны болашақта жасауға міндеттенеді. Ниет хаттамасы, егер онда алғашқы шарт күші берілгені туралы айтылмаса, ол алғашқы шарт болып саналмайтынын ескеру қажет. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт. ҚР АК 391-бабына сәйкес , тараптар несие берушіге емес , шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт болып табылады. |
71.кәмелетке толмаған балаға төленетін алиментттер Ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті. Егер Ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды қаражат яғни алимент ата аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда , кімелетке толмаған балалар асырап бағуға алынбағанда және сотқа талар арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата анасынан алимет өндіріп алу туралы талар қоюға құқылы. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата аналарынан алиментті ай сайын мынандай мөлшерде: бір балаға ата ана табысының және өзге де кірісінің төрттен бірін; екі балаға үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетіе кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларымен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді. |
72.еңбек шартын тоқтату Еңбек шартын тоқтату негіздері Мыналар: 1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. Жеке еңбек шарты 1) мерзімнің бітуі бойынша; 2) тараптардың еркіне байланысты емес ман жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкін Жеке еңбек шарты: 1)тараптардың келісімі бойынша 2) тараптардың бірінің бастамасы бойынша 3) заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылуы мүмкін. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Қызметкер мен жұмыс берушінің жазбаша келісуі жеке еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзудың негізі болып табылады. Жеке еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасымен , егер бұл тарап екінші тарапқа жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертсе , бұзылуы мүмкін. Бір тараптың екінші тарапқа ескерту мерзімі жеке еңбек шарты бұзылғанға дейін бір айдан кем болмауы керек. Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынандай мән жайлар бойынша: 1)қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде құжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;2)қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 3) қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар ошарсыз кетті деп таныған жағдайда ; 4) сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі , соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуға тиіс. |
73.әйелдер, жастар мен мүгедектердің еңбек құқықтарын қорғау 185-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын шектеу 1. Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. 2. Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі он екі апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жоқ қызметкерді алмастыру жағдайларын қоспағанда, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті. 186-бап. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар 1. Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес әйелдердің еңбегін ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады. 2. Әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынады. 3. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 222-бап. Мүгедектердің еңбек ету құқығын іске асыруы 1.Мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы. 2. Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, мүгедектік себептері бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады. 229-бап. Азаматтық қызметке кіру 1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. 2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын ұйымдастырып, өткізеді. 3. Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады. |
