
- •Мемлекет және құқықтың негіздері
- •Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?
- •8. Мемлекет нысанының элементтері
- •9.Мемлекеттiң басқару нысаны
- •11. Қр Үкiметiнің жалпы сипаттамасы
- •12. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгiлер
- •13. Зайырлы мемлекет
- •14. Құқықтық прецедент
- •16.Конфедерация
- •17.Мемлекеттiң iшкi қызметi
- •18.Мемлекеттiң сыртқы қызметi
- •19.Құқықтық сана
- •20.Құқықтық нигилизм
- •21. Құқықтық мәдениет
- •22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері
- •2. Жалпыға міндеттілігі;
- •3. Нормативтілігі;
- •4. Мемлекетпен байланысы;
- •30. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •Қылмыс Құрамы
- •Жазаны тағайындау негіздері
- •Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
- •Соттылық
- •Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
- •Азаматтық процестің тараптары
- •Қылмыстық процесстің жалпы сипаттамасы
- •59 Қылмыстық процесстің қатысушылары
- •60.Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
- •61.Азаматтық құқтарды қорғау
- •62. Мәміленің түрлері мен нысандары
- •63. Жарамды және жарамсыз мәмілелер
- •Мәмле мен шарт ұғымдарының арақатынасы
- •Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
- •Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
- •74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
- •Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді
- •76.Мемлекеттік биліктің түсінігі, бөлінісі
- •78.Некені сот тіртібімен бұзу
- •81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі
- •90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері
- •91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі
- •92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде
- •93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері
- •94.Жазаның түрлері мен мақсаттары
- •95.Жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар
- •96.Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар
Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері
а) сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;
б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;
в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы керек.
ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі
а) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;
б) талап қоюмен іс жүргізу істері;
в) ерекше талап қобмен іс жүргізу істері;
г) ерекше іс жүргізу істері.
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.
Азаматтық іс жүргізу сатылары
Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады
1- Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол тиісті ұйғарым шығарады.
Азаматтық процестің тараптары
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар. Тараптар – сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады;2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.
Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтықіс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық ааматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әркет қаббілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.