- •Мемлекет және құқықтың негіздері
- •Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?
- •8. Мемлекет нысанының элементтері
- •9.Мемлекеттiң басқару нысаны
- •11. Қр Үкiметiнің жалпы сипаттамасы
- •12. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгiлер
- •13. Зайырлы мемлекет
- •14. Құқықтық прецедент
- •16.Конфедерация
- •17.Мемлекеттiң iшкi қызметi
- •18.Мемлекеттiң сыртқы қызметi
- •19.Құқықтық сана
- •20.Құқықтық нигилизм
- •21. Құқықтық мәдениет
- •22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері
- •2. Жалпыға міндеттілігі;
- •3. Нормативтілігі;
- •4. Мемлекетпен байланысы;
- •30. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •Қылмыс Құрамы
- •Жазаны тағайындау негіздері
- •Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
- •Соттылық
- •Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
- •Азаматтық процестің тараптары
- •Қылмыстық процесстің жалпы сипаттамасы
- •59 Қылмыстық процесстің қатысушылары
- •60.Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
- •61.Азаматтық құқтарды қорғау
- •62. Мәміленің түрлері мен нысандары
- •63. Жарамды және жарамсыз мәмілелер
- •Мәмле мен шарт ұғымдарының арақатынасы
- •Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
- •Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
- •74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
- •Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді
- •76.Мемлекеттік биліктің түсінігі, бөлінісі
- •78.Некені сот тіртібімен бұзу
- •81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі
- •90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері
- •91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі
- •92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде
- •93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері
- •94.Жазаның түрлері мен мақсаттары
- •95.Жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар
- •96.Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар
Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату-адам кішігірім немесе орташа ауырлыктағы кылмыс жасағаннан кейін: айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе кылмыскелтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе; коғамдык қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқлалақтау салдарынан қажетті корғану шегінен асқан кезде; жәбірленушімен татуласуына байланысты; жағдайдың өзгеруіне байланысты; ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық. жауаптылыктан босатылуы мүмкін
Соттылық
Соттылық - қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды. Мемлекеттік орган немесе оның лаууазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады. Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі:
топтық соттылық – сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы;
аймақтық соттылық – сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық.
Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. Аудандық, қалалық сотта және оған теңетірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы):
ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне.
Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚР-сы Парламент депуттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы орталық сайлау коммисиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды.
Аймақтық сотылықтың мынадай түрлерін атауға болады:
Жалпы соттылық – жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы);
Балама соттылық – талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы);
Ерекше соттылық – белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 33-бабы);
Шарттық соттылық – тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін соттылық (ҚР АІЖК-нің 34-бабы);
Істің байланыстылығы бойынша соттылық – аумағына қарамастан дау алғашқы талап қаратырылған сотта шешілуі (ҚР АІЖК-нің 35-бабы). Осы соттылық бойынша істі қартыруды мынаны ескеру қажет: 1- әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналақан жері бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататтын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖКнің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптардың бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады; 2- дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі; 3- қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі
Амнистиция мен рақымшылық Амнистия немесе рақымшылық (грекше αμνηστια – кешіру) адамдардың белгісіз бір тобын мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкілетті органының шешімімен қылмыстық жазадан босату.
Амнистия жалпы (қылмыстық кодекстің белгілі бірбаптары бойынша сотталған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық адамдар үшін) немесе ішінара (рақымшылық ету) болуы мүмкін. Амнистия актісімен кейде сотталу фактісі алынып тасталады. Қазақстанда айыптау үкімі заңды күшіне енген жеке адамға қатысты рақымшылық ету актісін Қазақстан президенті шығарады. Амнистия актісі аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, кісі өлтіргендер мен жазаны өтеу кезеңінде тәртіп бұзған адамдарға қолданылмайды.[1]
Қылмыс жасаған адамды жазалаудан толық, немесе ішінара азат ету не болмаса сотпен тағайындалған жазаны барынша жеңіл жазамен ауыстыру. Бұл сонымен қатар жазасын өтеп келген адамдардан сотталғандығын алып тастау. Рақымшылық құқы әдетте елдің ең жоғарғы өкілетті органы мен (немесе) Президенті арқылы танылады. Казақстанда Рақымшылық туралы актіні Республиканың Парламенті шығарады.[
