- •Мемлекет және құқықтың негіздері
- •Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?
- •8. Мемлекет нысанының элементтері
- •9.Мемлекеттiң басқару нысаны
- •11. Қр Үкiметiнің жалпы сипаттамасы
- •12. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгiлер
- •13. Зайырлы мемлекет
- •14. Құқықтық прецедент
- •16.Конфедерация
- •17.Мемлекеттiң iшкi қызметi
- •18.Мемлекеттiң сыртқы қызметi
- •19.Құқықтық сана
- •20.Құқықтық нигилизм
- •21. Құқықтық мәдениет
- •22. Құқықты түсіндіру, түсінігі, түрлері
- •2. Жалпыға міндеттілігі;
- •3. Нормативтілігі;
- •4. Мемлекетпен байланысы;
- •30. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •Қылмыс Құрамы
- •Жазаны тағайындау негіздері
- •Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздер
- •Соттылық
- •Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
- •Азаматтық процестің тараптары
- •Қылмыстық процесстің жалпы сипаттамасы
- •59 Қылмыстық процесстің қатысушылары
- •60.Азаматтық құқық қатынасының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері
- •61.Азаматтық құқтарды қорғау
- •62. Мәміленің түрлері мен нысандары
- •63. Жарамды және жарамсыз мәмілелер
- •Мәмле мен шарт ұғымдарының арақатынасы
- •Азаматтық құқық және әрекет қабілеттілік
- •Меншік құқығының жалпы сипаттамасы
- •74.Ерлі зайыптылар арасындағы жеке мүліктік емес қатынастар
- •Ортақ мүліктегі ерлі-зайыптылардың үлестері және мүлікті бөлуде сот нені ескереді
- •76.Мемлекеттік биліктің түсінігі, бөлінісі
- •78.Некені сот тіртібімен бұзу
- •81.Адам мен азаматтың конституцилық құқықтары мен бостандықтарының және мндеттерінің жүйесі
- •90.Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің негіздері
- •91.Физикалық немесе психикалық күштеу қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын негізі
- •92.Бұйрықты немесе өкімді орындау қылмыстық жауаптылықтан босататын негізі ретінде
- •93.Кәмелетке толмаған балаға тағайындалатын жаза түрлері
- •94.Жазаның түрлері мен мақсаттары
- •95.Жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар
- •96.Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар
30. Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматтық құқық қатынасы бұл – азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады.
Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:
- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;
- азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл – келісім, мәмілелер;
- құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;
- азаматтық құқық бұзылған жағдайдағы басым сот тәртібі.
Азаматтық құқықтық қатынас туралы неғұрлым анық көрініс оны тек қана біртұтас жалпы деп қарастырған кезде ғана емес, оның құраушы элементтерін жеке қарастырғанда да туады, оның қатарына құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері мен нысандары жатады. 2.1 Азаматтық құқық қатынасының құрылымы
Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді:
1) құқықтық қатынас субъектілері;
2) құқықтық қатынас нысандары;
3) құқықтық қатынас мазмұны.
31.Азаматтық құқықтың субъектілері.
Құқықтық қатынас субъектілері бұл – азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады:
- жеке тұлғалар;
- заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- әкімшілік-аумақтық бірліктер
Құқықтық қатынас мазмұны бұл – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективті азаматтық құқықтары мен міндеттемелері. Субъективті құқықтар мен міндеттемелер өзара байланысты болып келеді және әрбір жеке адамның субъективті құқығына екінші бір адамның нақты бір субъективті міндеттемесі сәйкес келеді. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады
32. Азаматтық құқық объектілері Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады
33. . Меншік құқығы. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.Меншік Құқығы:
1) Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
2) Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
- Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
- Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
- Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
34. Мұрагерлікті алудың түрлері- 1. Ортақ бірлескен меншік болып табылатын мүлікке мұрагерлік- 1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. 2. Өсиет бойынша мұрагерлік- Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады. 3. Заңды мұрагерлік-Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi. 4. иесіз қалған мүлік-Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса (осы Кодекстiң 1045-бабы), не олардың бәрi мұрадан бас тартса (осы Кодекстiң 1074-бабы), мұра иесiз қалған мүлік деп танылады. |
35.Некеге тұрудың шарттары- Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата – аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі – зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс. |
36.Некені жарамсыз деп танудың негіздері- Некені жарамсыз деп танудың негіздері- 14-бап . Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан некенің тоқтатылуы 15-бап . Некені бұзу 16-бап . Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу 17-бап . Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында туындайтын дауларды қарау 18-бап . Некені сот тәртібімен бұзу |
37.Некені тоқтатудың негіздері- 24-бап . Некені жарамсыз деп тану 25-бап . Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдар 26-бап . Некенің жарамсыздығын болғызбайтын мән-жайлар 27-бап . Некені жарамсыз деп танудың салдары 38 Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар. Баланың өз ата-анасының тәрбиесіне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуіне, жан-жақты өсiп-жетiлуiне, өзінің адами қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқығы бар. Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстің 13, 15 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi. Баланың өз пікірін білдіру құқығы Бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар немесе сот он жасқа толған баланың және заңды өкілдердің қатысуымен өзі берген келiсiмiмен ғана шешiм қабылдай алады. Баланың пікірі ата-аналарының немесе баланың тұратын жері бойынша басқа да заңды өкілдердің қатысуымен қабылданған, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен ресімделеді. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау құқығы 1. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерiнің қорғалуына құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, прокурор және сот, сондай-ақ ішкі істер органдары және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әрекетке толық қабiлеттi деп танылған кәмелетке толмаған баланың өз құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Баланың ата-аналар және басқа да заңды өкілдер тарапынан жасалатын қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған кезде, оның iшiнде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер баланы күтіп-бағу, тәрбиелеу, оған бiлiм беру жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған кезде немесе тиiсінше орындамаған кезде не ата-ана (қорғаншылық, қамқоршылық) құқықтарын терiс пайдаланған кезде бала - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, ал он төрт жасқа толғанда сотқа өз құқықтарын қорғау үшiн өз бетiнше жүгінуге құқылы. 3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы өздеріне белгiлi болған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органғахабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтер алынған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. 39. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері 1. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. 2. Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. 3. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. 4. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардыңқұқықтары мен міндеттері 1. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды. 2. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. 40. Бала асырап алу тәртібі 1. Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. 2. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет. 3. Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органнан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткенге дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. 41. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін адамдар 1. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 2. Сондай-ақ, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 3. Бұл мән-жайлар балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген бірге туған ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына жол берілмейді. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу 1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн. 2. Адамды әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тану туралы шешiм заңды күшiне енген кезден бастап үш күн iшiнде сот оған қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi. 3. Адамға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты немесе мүлікке қорғаншылықты белгiлеу қажеттiгi туралы тиiстi органдарға белгiлi болған кезден бастап бiр ай iшiнде қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адамдар сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн. 42. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі 1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бір-бір данадан қызметкер мен жұмыс берушіде сақталады. Қызметкердің еңбек шартының бір данасын алуы жазбаша нысанда расталады. 2. Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен жазбаша нысанда жүзеге асырады. Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бірі жазбаша нысанда береді және екінші тарап оны берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарайды. 3. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкінің меншік иесі не ол уәкілеттік берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен жасайды. Еңбек шартын тоқтату негіздері Мыналар: 1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу; 2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы; 3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу; 5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар; 6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы; 7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын лауазымға тағайындалуы; 8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы; 9) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негіздер еңбек шартын тоқтату негіздері болып табылады. 43. Демалысуақытыныңтүсінігі, түрлері Демалысуақыты - бұлжұмысшыныңқызметтікміндеттерінатқаруданбоскезеңінде өзқалауыншапайдаланаалатынуақыт. Демалысуақытыныңтүрлері
44. Қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан айырмашылығы Қылмысқұқықбұзушылықтыңеңауыртүріболыптабылады.Осығанбайланыстықылмыстыәкімшілік, азаматтыққұқықбұзушылықтанжәнетәртіптікқылықтарданбөлектепқарауғатуракеледі. Кеңестікқұқықтеориясындақоғамдыққауіптілікқұқықбұзушылықтыңқасиетіменемесетекқанақылмыстыңғанақасиетімедегенсұраққажауап ретіндегібірыңғайнақтыпікірлержоқдеугеболады. Кейбірғалымдар, қоғамдыққауіптілік — бұлкезкелгенқұқықбұзушылыққатәнқасиетдесе/60/, ендібіреулеріонытекқанақылмыстыңқасиеті/61/ депқарайды.Ескеруқажет, қылықпенқылмыстыңқоғамдықкауіптілігібірмағынаныбілдірмейтінінесөзжоқ. Олардың арасындағыжалпыбайланыс — істелетінәрекеттерқоғамүшінжағымсыз, қоғамдыққатынастарғабелгілібірдәрежедезиянкелтіретінәрекеттер, қоғамменкінәтағылатынәрекеттертурасындасөзболуында. Олардыарасындағыайырмашылық — қылмыспенқылықтыңекеуідеқоғамғатүрлідәрежедезиянкелтірумүмкіндігінеиеболғандыктан, екеуідетүрлідәрежедеқоғамүшінқауіпті. Қылмысістеушіменқылықкерсетушіадамдарқауіптілігініңдәрежесідеәртүрлі.Қылмысістегенадамныңқоғамдыққауіптілігіқылықістегенадамғақарағандаәлдеқайдаартықболады /62/. ҚР Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралыкодекстің 28-бабына сәйкес, әкімшілікқұқықбұзушылық (қылық) депзаңменәкімшілікжауапкершіліккарастырылғанкінәліерекет (іс-әрекетнемесеәрекетсіздік) танылады. Қылмысдегеніміз – қылмыстықзаңдарментиымсалынған, қоғамғақауіптіәрекетнемесеәрекетсіздіктіайтамыз. 45.Қылмыстыңтүсінігі, санаттары Қылмыстыңбелгілерінемыналаржатады: 1. Қоғамғақауіптілігі 2. Заңғақайшылығы 3. Айыптылығы 4. Жазаланатындығы. Қылмыстыңсанаттарыдеполардынақтыбелгілерібойыншатопқабөлудіайтамыз.Қылмыстарсипатына, қоғамғақауіптілікдәрежесінежәнекінәніңтүрінебайланыстымынадайсанаттарғабөлінеді: - оншаауыремес; - ауырлығыорташа; - ауыр; - асаауыр. ҚылмыстықКодекстің 10-бабына сәйкесқылмысжасағаныүшіносыКодекстекөзделгенеңауыржазабасбостандығынан: 1. қасақанажасағанәрекеті – 2 жыл, абайсыздажасағанәрекеті – 5 жылданаспайтынмерзімге – оншаауыремес; 2. қасақанажасағанәрекеті – 5 жыл, абайсыздажасағанәрекеті – 5 жылданаспайтынмерзімге – ауырлығыорташа; 3. қасақанажасағанәрекеті – 12 жылданастаммерзімге – ауыр; 4. қасақанажасағанәрекеті – 12 жылданастаммерзімгенемесеөлімжазасыкөзделсе – асаауырсанатынажатады. 46.Қылмысқұрамы Қылмыстыңқұрамыдегеніміз – бұлқылмыстыңобъективтікжәнесубъективтікжақтарынанқұралатынбелгілерініңжиынтығынайтамыз.Ондайбелгілер 4 топқабөлінеді: - қылмыстыңобъектісі; - қылмыстыңобъективтікжағы; - қылмыстыңсубъектісі; - қылмыстыңсубъективтікжағы. 1. Қылмыстыңобъектісі – қылмыскердіңқиянатжасайтынжәнедеқылмыстықзаңдарменқорғалатынқоғамдыққатынатсар. 2. Қылмыстыңобъективтікжағы – олқылмыстыңсыртқыкөрінісінежататынбелгісі. 3. Қылмыстыңсубъектісі – олқылмысжасағануақыттаақыл-есідұрысжәне 16 жасқатолғанжекеадам. Кейбірауырқылмыстарүшін (кісіөлтіру, зорлау, адамұрлаужәнет.б.) қылмыстықжауатылыққаадам 14 жастантартылады. 47)Жазаның турлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды. Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы. Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі. Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды. Жазаның мақсаты Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:
48) Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән жайлар Қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет екені белгілі. Осы тұрғыдан іс-әрекеттің Қылмыс екенін жоятын мән – жайларды алсақ, бұл әрекет қоғамға пайдалы болып саналады. Себебі, адам қарсы сес көрсету арқылы тойтарыс беріп, өз мүлкін, өмірін, қоғам мүлкін аман алып қалу. Қылмыстық заң бойынша оған: - қажетті қорғану, - аса қажеттілік, - психикалық мәжбүрлеу немесе күштеу, - орынды кәсіби тәуекел, - жалған қорғану. Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. игілігін қорғаудың тәсілі болып саналады. Жалған қорғану – қорғанудың әртүрлі объективтік жағдайларға байланысты істеген қатесі болып табылады. Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет. Жалған қорғануды жүзеге асырған адм кінәлі деп танылады., қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Егер қажетті қорғануды өзінің қателігін байқамаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап береді. Аса қажеттілкте қауіп құқықтық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге немесе мүдделерге төнеді. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүддеге зиян келеді. Мұндай жағдайда келтірілген зиян мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болу керек. Орынды тәуекел 35 бапта қаралған. Ол, бойынша, пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін тәуекел кезінде заңмен қорғалған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылады. Егер адам өміріне, денсаулығына қатер төһндірген экологиялық апатқа, өзге де зардаптарға апарып соқтырса, тәуекел орынсыз деп саналады. Күштеп немесе психологиялық мәжбүрлеуде күштеу белгілі бір әректті істеуге мәжбүрлеу, яғни бұрында жәбірленушіге күш қолданып, оның еркінен тыс әрекеттер орын алады. 49) Қылмыстың эксцесі қылмысқа қатысушының эксцесі (шектен шығушылығы) туралы мәселе. Қылмысқа қатысушының эксцесі деп – адамның басқа қатысушылардың ниетімен қамтылмаған қылмысты жасауы.Қылмысқа қатысушылардың біреуі алдын ала істеуге деп келісілген келісімнің шегінен шығып өз бетінше басқа бір қылмысты қосымша істеуі мүмкін.Мұндай жағдайда қылмысқа қатысушының шегінен шығушылығы үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл жағдайда қылмысқа қатысушылардың бірі ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші немесе орындаушы басқа қылмысқа қатысушылармен бірге алдын ала ойластырылған, келісілген қылмыс істеудің орнына мүлдем басқа қылмысты немесе бірнеше қылмысты істейді. Мысалы: келісім бойынша тонауды жүзеге асырудың орнына, орындаушы қарақшылық жасайды немесе келісілген тонауды да, оның үстіне басқа қатысушылармен келісілмеген қосымша тоналған әйелді зорлауды жүзеге асырады.Орындаушының эксцесі тар мағынадағы және бірге орындаушылықтағы қылмысқа қатысуда орын алады.Мысалы, бірге орындаушылықта қылмысты орындаушының біреуі қатысушылардың алдын ала келісілгендігінің шегінен шығып, адамды сабаудың орнына оған пышақ салып, жәбірленушіні қазаға ұшыратады. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқықтың жалпы принциптеріне сәйкес орындаушының эксцессі үшін қылмысты орындаушы жеке өзі жауапты болады, ал қылмысқа басқа қатысушылар орындаушымен алдын ала істеуге келіскен қылмыс үшін ғана жауапты болады. 50) Қылмыс жасау сатылары Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды. Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: (мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ сигнал беру жүйесініңқосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп аталады.Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяқталған қылмыс. Қылмысқа дайындалу — бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдлйлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе. Қылмыс құралдарын сатып алу тәсілдері заңды болуы қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйлық ретінде алу, немесе заңсыз да болуы мүмкін: қаруды, мөрлерді, кілттерді және т.б. ұрлау. Дайындау — бұл шикізаттардан қылмыс жасау үшін қарулар мен құралдардың жартылай фабрикаттарын жасау. Бейімдеу — заттарды өңдеу, сол арқылы олар қылмыс жасау үшін жарамды болады (мысалы, кілттің түрін өзгерту). Бірге қылмыс жасаушыларды іздеу басқа адамдармен танысу немесе таныстықтарын жалғастыру, оларды нақты қылмыс жасауға итермелеу, әрқайсысының рөлін талқылау және т.б. тұрады. Іздеу тәсілдері ретінде уәделесу, қорқыту, бірге баюға уәде беру, бопсалау қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасауға сөз байласу, қылмыстық жауапкершілік жасына толған екі немесе одан да көп адамдардың бірге қылмыс жасауға сөз байласуларын көздейді. Қылмыс жасау үшін басқа да шарт-жағдайлар жасау әр түрлі әрекеттерден көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер ойға алған қылмыстың жоспарын жасаудан, пәтер иелерінін кету, келу уақытын аныктаудан, белгі беру жүйесінің бар жоқтығын білуден және т.б. сипатталады. Мұндай әрекеттерді шамалап, тізімін беру мүмкін емес. Субъективтік жағынан қылмысқа дайындалу тек тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмысқа қылмыс нәтижесің тілемей дайындалуға болмайды. Қылмысқа оқталу деп — адамның еркінен тыс мән жайларға байланысты, аяғына дейін жеткізілмеген жағдайда адамның қылмыс жасауға тікелей бағытталған қасақана әрекеті немесе әрекетсіздігі танылады. Қастандық қылмыс жасауға тікелей бағытталған әрекеттерден тұрады, ол адамның қылмыстық нақты құрамының объективтік жағын орындай бастағанын немесе орындап болғанын білдіреді. Адам өлтіруге қастандық жасағанда, мысалы, адам жәбірленушіге оқ атуға оқталады немесе атқанымен мүлт кетеді, ұрлық жасағанда құлыпты бұза бастайды. Көпшілік жағдайда қастандық әрекет жолымен жасалады (соққы беру, у беру, оқ ату және т.б.) Жеке жағдайларда қастандық әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін (мысалы, анасы жаңа туған баласын өлтіру үшін, оған емшек сүтін бермей қояды). Аяқталған қылмыс. Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі. Яғни, бұл қылмыстың материалдық құрамы (мысалы, адам өлтіру өлім туындаған жағдайда аяқталған деп есептеледі. Егер өлім болмаса, онда адам өлтіруге қастандық жасау болып табылады). Ал басқа қылмыстар әрекетті жасаған сәттен бастап (әрекет немесе әрекетсіздік) қоғамға қауіпті салдардың туындағанынан немесе туындамағанынан тыс аяқталған болып есептеледі (мысалы, қарақшылықта шабуыл жасау фактісінің өзі, адам мүлікті алған, алмағандығына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамын құрайды). Кейбір қылмыстар әрекетті жасау сәтінен бастап емес, дайындау немесе қастандық сатысында-ақ аяқталған болып есептеледі (мысалы, бандитизм банды шабуыл жасаған кезде емес, оны ұйымдастырған сәтте аяқталған болып есептеледі)
|
