Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LIST_-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
166.22 Кб
Скачать
  1. Мемлекет және құқықтың негіздері

Мемлекет дегеніміз өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін№». басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Бүгінгі күнгі мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдағы істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында. «Құқық негіздері» ‑ кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік‑құқықтық әдебиеттер кіреді.

2. Құқықтың түсінігі, белгілері

Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

  1. Құқықтың белгілері:

  2. еріктілік сипаты;

  3. жалпыға міндеттілігі;

  4. нормативтілігі;

  5. мемлекетпен байланысы;

  6. формальды анықталғандығы;

жүйелілігі.

Нормативтік сипаты — құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық/ қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап).  2. Формальды анықтылық — құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң — ережелері қиынтығы.

3Күштеу теориясына сәйкес мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары

Күштеу теориясы–мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болы, оның өкілдері–Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

  1. Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы басты идеясы неде?

Діни теория–мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайданң деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі–Фома Аквинский.

5. Мемлекеттiң негiзгi белгiлерi

1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік–бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

  1. 2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

  2. 3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

  3. 4. Егемендік. Бұл мемлекетке тән  өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

  4. 5. Құқықтың болуы.  Мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

6. Мемлекеттің функциялары

Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функциялары–бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады.  Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары–ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.

7. Мемлекет егемендiгi

Егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі ментәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]