Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
первые дополн_семь лекций_Раушан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.68 Кб
Скачать

1 Сурет. Топырақ жамылғысының ғаламдық функциялары

Функциялар

литосферамен байланысты

атмосфе­рамен байланысты

гидросферамен байланысты

жалпы биосфералық

Литосфера (мору немесе мүжілу қыртысы) жоғарғы қабатының биохимиялық және биофизикалық түрленуі

Күн радиациясының сіңірілуі және шағылуы

Атмосфералық және жер үсті суларының грунттық және жер асты суларына тасымалдануы

Жер құрлығы организмдерінің негізгі мекендеу ортасы, энергия мен биофилді заттардың жиналуы

Педогендік минералдар, шөгінді жыныстар және пайдалы қазбалар құрайтын заттар көзі

Атмосфераның ылғал айналымын реттеу

Жер үсті сулары құрамы мен режимінің, өзен ағынының реттелуі және қалыптасуы

Заттардың биологиялық және геологиялық айналымының байланыс буыны

Жиналған күн энергиясын литосфераның тереңгі қабатына тапсыру

Атмосфераның газдық құрамын және режимін реттеу

Өзендер мен су қоймаларының биологиялық өнім факторы

Биологиялық әралуандылық пен эволюцияның факторы

Литосфераның үстіңгі қабатын эрозия және денудациядан қорғау

Атмосфераға түсетін қатты заттар мен микроорганизмдердің көзі

Құрлықтан гидросфераға заттардың миграция жолындағы биохимиялық тосқауыл

Биосфераның функциясының тұрақтылық факторы

Бір мезетте топырақ түзілу процестері өсімдіктерді қажетті химиялық элементтердің қолайлы формаларымен қамтамасыз етеді. Бұл функцияның масштабын былай сипаттауға болады: мысалы, құрлықтағы биологиялық айналымға жылына миллиард тонна азот, кальций, калий, жүз миллиондай тонна фосфор және күкірт, оншақты миллион тонна ауыр металдар қатыстырылады. Педосферада сонымен қатар басқа да химиялық элементтердің миграциялық формалары генерацияланады, олар континенттер мен Әлемдік мұхит арасындағы жалпы планетарлық циклға қатыстырылады.

Топырақтың биосферадағы маңызды және ауыстырылмайтын рөлі жайындағы түсініктер XX ғ. екінші жартысында көптеген атақты ғалымдар мен табиғат зерттеушілердің еңбектері арқылы толықтырылды, оның ішінде қазақстандықтар: Аханов Ж.У., Бельгибаев М.Е., Боровский В.М., Дурасов A.M., Имангазиев К.И., Матусевич С. П., Пономарева А.Т. және т.б.

Бақылау сұрақтары

1. Топырақтың экологиялық функцияларын атаңыз

2. Топырақ жамылғысының атмосфераға байланысты ғаламдық функцияларын атаңыз.

3. Топырақ жамылғысының гидросфераға байланысты ғаламдық функцияларын атаңыз.

4. Топырақ жамылғысының литосфераға байланысты ғаламдық функцияларын атаңыз.

5. Топырақ жамылғысының жалпы биосфералық функциялырын атаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

2, 11-20 б; 4, 154-190 б; 15, 12-13 б; 17, 12-13 б.

3 Тақырып Топырақтың морфологиялық белгілеріне экологиялық факторлардың әсері

Мақсаты: топырақ түзуші факторлардың, жер рельефінің түрін зерттеу, сонымен қоса топырақ түзу процессіндегі микроағзалардың және өсімдіктердің рөлі.

Жоспар:

3. 1 Рельеф түрі

3. 2 Мезорельефтің кескіні мен пішіні

3. 3 Жер асты сулар

3.4 Топырақтың геохимиялық процессіне рельефтің әсері

3.5 Климат, оның топырақ түзудегі рөлі

3.6 Топырақ түзудің биологиялық факторлары

3.7 Топырақ түзуші фактор адамның шаруашылық әрекетінің бір бөлігі

3. 1 Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, езгеріп отырады. Эндогендік процестер рельефте ірі бұдырлар жасайды да, «Жер пішінінің» негізгі түрін құрайды, экзогендік процестер рельефтің әр формаларын жасап тегістейді. Әрбір аймақтың рельеф формасы оның геологиялық құрылысына, экзоген мен эндогендік процестердің біреуінің басым болуына, оның ұзақ уақыт әсер етуімен байланысты болады. Рельефтің бұдырлығы әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан ол макрорельеф, мезорельеф, микрорельеф болып бөлінеді.

Мегарельеф жүздеген және оңдаған мың шаршы километр аукымды қамтиды. Мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс -Сібір жазығы, Орта Сібір қыраты, Тянь-Шань тay жүйесі, Тибет тау қыраты т.с.с.

Макрорельеф - мегапішіндердің құрамдас бөлігі. Олардың аумағы жүздеген, мыңдаған кейде оң мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макрорельефтерге таулы аймақтардың жеке кыраттары немесе ойыс жерлері жатады. (Іле Алатауы, Күңгей және Теріскей Алатау, Ыстыккөл ойысы т.б.).

Мезорельеф аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе оңдаған шаршы километр. Бұларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумулятивтік пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.

Микрорельеф - ірі пішіндердің бөлшегі болып саналатын, кішігірім кедір-бұдыр түрлері, мысалы, шұңкырлар, эрозиялык қазбалар, ұсақ құм төбелер, көлдеулер (степные блюдца) және т.б.

Нанорельеф макро - мезо және микрорельефтердің шиелендіріп бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар. Бұларға шалғындық төбешіктер, ұсақ жемірілген казындылар, кеміргіштердің індері, шағылдардың бетінде дамыған күм иректері (эоловая рябь) т.б. жатады.

Рельеф түрлері, олардың бөлінуі

Шығу тегі (генезис) мен сыртқы түріне (морфология) байланысты рельефтің 4 морфологиялық түрлері болады: таулы (структуралы-тектоникалық); структуралық (қыртысты); мүсіндік (эрозиондық); аккумулятивті (үйілген).