Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.74 Кб
Скачать

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)

Пәннің аты: «СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК-ТАРИФТІК РЕТТЕУ»

Пәннің коды: SEKKKTR 3210

Мамандығы: 050304 – Кеден ісі мамандығының студенттеріне арналған

Оқу нысаны: күндізгі, сырттай

Күндізгі бөлім

Сырттай бөлім

Барлығы кредит/сағат

3/135

3/135

3/135

Курс

3

2

3

Семестр

5

3

5

Дәріс (сағат)

30

9

9

Тәжірибелік сағат

15

18

18

Аралық бақылау

2

СӨОЖ

30

18

18

СОЖ

60

90

90

Емтихан (семестр)

5

3

5

АСТАНА 2012

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК-ТАРИФТІК РЕТТЕУ» оқу-әдістемелік кешені

Құрастырған з.ғ.к., аға оқытушысы Егизбаев Н.У.

Оқу әдістемелік кешен жоғары оқу орнына арналған стандарттарға сәйкес құрастырылған. Оқу әдістемелік кешен «Кеден ісі» мамандығының студенттеріне арналған.

Оқу әдістемелік кешен ««Маркетинг және құқық» кафедрасының отырысында қарастырылған.

Хаттама №_1_“_27_” _тамыз_ 2012ж.

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.д., профессор М.Ж. Каменова

У ниверситеттің әдістемелік кеңесімен бекітілген

Хаттама №____ «____» _______________2012ж.

ҚазЭҚжХСУ оқу-әдістемелік кеңес төрағасы,

э.ғ.д. профессор Сагинтаева С.С.

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Егизбаев Н.У. – маркетинг және құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к.

  1. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы қажет. Шетелдердін мемелекет және құқық тарихы, Қазахстан тарихы, Қоғамтану, Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, Халықаралық көпшілік құқық, кеден құқығы пәндерін оқып үйрену қажет

3. Курстың постреквизиттері:

Студент аталмыш пәнді оқып үйренген соң,

-ҚР Қаржы құқығы, Салық жүесі және салық құқығы, Кедендік әкімшілік жүргізу, Халықаралық сауда құқығы, Халықаралық жеке құқық, кедендік сараптама пәендерін білуі керек.

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

Пәнді оқыту мақсаты: Студенттерге сыртқы экономикалық қызмет мәселелерімен айналысатын мемлекеттік негізгі органдар туралы, сыртқы экономикалық қызметтің принциптері және оларды жүзеге асырудың негізгі формалары мен методтары туралы білім беру.

Студенттерге «Кеден ісі» мамандығымен тығыз байланысты арнайы, түбегейлі білім беру.

Студенттерді мемлекеттік органдарда және сыртқы экономикалық қызметпен байланысты салаларда мамандығы бойынша жемісті қызмет істеуге дайындау.

Студенттерді сыртқы экономикалық қатынастар және қызмет мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, оларға көмек көрсету.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • Мемлекетке және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да субъектілеріне қатысты сыртқы экономикалық қызметтке байланысты нормативтік актілерді оқып білу;

  • сыртқы экономикалық қызметтің мәнін түсініп, түбегейлі игеру үшін арнайы әдебиетті оқып білу;

  • сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін студенттерді сыртқы экономикалық қызметтің принциптерімен, негізгі формаларымен және методтарымен таныстыру.

Студенттер пәнді оқып білу процесінде сыртқы экономикалық қызметтің негізі туралы білімдерін қалыптастыруы керек, СЭҚ-ті реттеу және басқару, шетел инвестициялары, арнайы экономикалық аймақтар, валюталық реттеу сияқты ұғымдарды игеруі қажет.