
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •1 Тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті меллекеттік реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет туралы ұғым, оның тақырыбы, құқықтық қайнар көздері
- •2 Тақырып. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Тақырып. Сэқ-режимі сыртқы экономикалық қызметтегі операцияларды ұйымдастыру және оның техникасы
- •4 Тақырып. Лицензиялау және жеңілдіктер беру шетел инвестицияларының құқықтық режимі
- •5 Тақырып. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері шетелдіктер қатысушы кәсіпорындардың құқықтық жағдайы
- •2 Сабақ
- •2 Сабақ
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарыныңжоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •«Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиалық қоры
- •Дәрістер кешені
- •2 Дәріс тақырыбы. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Дәріс тақырыбы. Сэқ-режимі
- •4 Дәріс тақырыбы. Лицензиялау және жеңілдіктер беру. Сыртқы экономикалық мәліметтер жасау ерекшелігі мен оның түрлері.
- •5 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері
- •6 Дәріс тақырыбы. Арнайы экономикалық аймақтардың режимін құқықтық реттеу
- •7 Дәріс тақырыбы. Сэқ тарифтік тарифтік емес реттеу
- •8 Дәріс тақырыбы. Халықаралық мәселелерді орындау. Сэқ ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
- •9 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық дауларды шешу
- •10 Дәріс тақырыбы. Тауарларды сипаттау және қодтаудың үйлестірілген жүесі. Тауарларды бейнелеу және кодировка жасаудың үйлестірілген жүйесі Үйлестірілгенжүені қолданудың негізгі ережелері
- •11 Дәріс тақырыбы. Бұұ-ң кеңейтілген экономикалық топтар бойынша топтастыру. Тауарларды бөлімдерге топтастырудың қағидалары
- •13 Дәріс тақырыбы. Сандық кодтар. Кодтарды жазудың ерекшеліктері
- •14 Дәріс тақырыбы. Тмп-ң сэқ кн тмд-ң сэқ кн кодтарын құрудың мағыналақ жүктемесі
- •15 Дәріс тақырыбы. Тауарларды жария етудің негізгі ережелері
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2010-2011 Оқу жылына «сыртқы экономикалық қызметті құқықтық және кедендік-тарифтік реттеу» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық жургізу
- •Арнайландырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Бұл оқу курсының оқыту пәнi iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.
Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға конституциямен бекiтiлген шешiм сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары маманданған деңгейде қолдануды, соттардың қатесiз және жүйеленген жұмысын, сот беделiнiң бұлжымастығын мойындауды талап етедi.
Қазақстанда сот жүйесiн реформалау сот төрелiгiнiң шынайы тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге, сот процесiнiң жарыспалығын, тараптардың тең құқықтылығын бекiтуге, дәлелдемелер жинауды тараптарға жүктеу арқылы сотты бұл мiндеттен босатуға, соттың қоғамда заңдылық принципiнiң әрекет етуiнiң кепiлi ретiнде болуына бағытталған болатын.
Осыған орай, азаматтық сот iсiн жүргiзуде де түпкiлiктi өзгерiстер болды. Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғауда, еңбектiк және басқа да дауларды шешуде, моральдық және материалдық зиянның орнын толтыруда, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуде тиiмдi құрал болуы тиiс. Сот актiлерiнiң орындалуы үшiн тиiмдi әрекет етушi жүйе құрылуы керек.
Аталған мiндеттердi iске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың және заң саласының басқа қызметкерлерiнiң жұмысында бiлiктiлiктi талап етедi.
Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын, азаматтық қоғам мен мемлекеттi қазiргi заманғы құрылымын түсiнетiн маман-заңгерлердiң (жоғары кәсiби заң бiлiмiне ие тұлғалардың) бiлiктi корпусын қалыптастыруға студенттердiң Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасы саласында терең бiлiм алуы ықпал етедi.
Пәнді оқудың мақсаты студенттердiң азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн iске асыру барысында сот пен iске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсiнуi, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негiзгi iс жүргiзушiлiк институттар мен ұғымдар: азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының мәнi, азаматтық процестiң соттық сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша қызметi екендiгi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың ерекшелiгi, соттың және азаматтық сот iсiн жүргiзу қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық iс жүргiзу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдар туралы дұрыс түсiнiк қалыптастыру.
Бұл курсты оқудың мiндетi: құқықтың қажеттi қайнар көздерiмен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерiмен таныстыру, маңызды заң актiлерi мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот iсiн жүргiзудi реттейтiн, азаматтық iс жүргiзу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiн бiлу, әрбiр iс жүргiзу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсiндiру, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершiлiк талаптар туралы нақты пiкiрдi орнықтыру.
Студенттер судья, прокурор, адвокат ретiнде жұмысты орындау үшiн тәжiрибелiк дағдыларға ие болып, iс жүргiзу құжаттарын (талап арызды, шешiмдi, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра бiлуi тиiс.
Азаматтық iс жүргiзу құқығын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласы, сондай-ақ бiрқатар салалық пәндер бойынша бұрын алған құқықтық бiлiмдердiң кешенiне сүйенiп оқу қажет.
Осы курсты конституциялық, азаматтық, экологиялық, еңбек, әкiмшiлiк, қаржылық құқық тәрiздi пәндердi бiлмейiнше меңгеру мүмкiн емес, өйткенi аталған пәндер шеңберiнде мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi туралы, субъективтi құқықтар мен заңды мүдделердi қорғау тәсiлдерi, материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектiлерi, материалдық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi туралы мәселелер оқытылады.
Аталған алуан түрлi материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын құқық және заңды мүдде туралы даулар сотта азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қараудың және шешудiң пәнi болып табылады. Сондықтан азаматтық-iс жүргiзушiлiк қызметтi меңгеру сәйкес материалдық құқық салалары бойынша бiлiмдермен тығыз байланысты.
Құқықтың екi iс жүргiзушiлiк салалары: азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы өзара байланысты атап өту қажет. Екеуiнде де арнайы мемлекеттiк орган - соттың қызметi арқылы сот төрелiгiнiң жүзеге асырылуының заңмен реттелуi жөнiнде айтылып отыр. Бұл мән-жай аталған құқық салаларының ортақ белгiсi болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрдей болып табылатын сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiне негiзделген. Құқықтың екi саласында да сот iсiн жүргiзу саласындағы қатынастарды реттейтiн ұқсас институттар бар. Дегенмен, азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы айырмашылықтардың көптiгi соншалық, оларды ортақ сот құқығына бiрiктiруге мүмкiндiк бермейдi. Бұл айырмашылықтар азаматтық және қылмыстық процестердегi сот қарауының және шешуiнiң пәнiнен шығады.
Тәуелсiз Қазақстанның жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы жағдайында азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мәнi мен ролi түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Бұл бөлiгiнде ҚР Президентiнiң 1994 ж. 12 ақпандағы қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы негiзгi бағыттары) iске асырылды деп айтуға болады. Сот iсiн жүргiзу “жалпы халықтық” меншiктi қорғау құралы ролiн атқаруды тоқтатып, мемлекеттiк азаматтық даудағы тең құқылы тараптарға көрсететiн қызметiне айналады. Азаматтық процесс бiртiндеп азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың тиiмдi құралына айналуда. Бұған соттарды ұйымдастыру және сот iсiн жүргiзу туралы жаңа заңнамалық базаның құрылуы ықпал еттi. Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласы құқықтық мемлекет идеясын көрсететiн және қоғамның әрi қарай демократиялануы талаптарына сай келетiн жаңа бастама ережелерге негiзделедi.
Пәндi оқудың нысанасы азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарда, соттың заңды күшiне енген актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша iс жүргiзумен, сондай-ақ сот актiлерiн және өзге органдардың актiлерiн орындаумен байланысты пайда болады. Сонымен бiрге, оқу пәнi болып азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының зерттеу объектiсi болып мыналар табылады: құқық саласы ретiндегi азаматтық iс жүргiзу құқығы, оның нормалары мен институттары, сондай-ақ iс жүргiзу нормаларын қолдану тәжiрибесi; азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының және заңнаманың даму тарихы; шет елдердiң азаматтық iс жүргiзу құқығының және заңнамасының тарихы мен теориясы.
Құқықтық құбылыстарды танудың тиiмдi әдiсi ретiнде салыстыру болады. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының, әсiресе теориялық сипаттағы, мысалы, азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң принциптерi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар, iске қатысушы тұлғалар, ведомстволық бағыныстылық, талап, дәлелдеу және дәлелдемелер, сот актiлерiн қайта қарау бойынша iс жүргiзу сияқты жекелеген проблемаларын оқу кезiнде әртүрлi оқулықтардың атаулары бiрдей тарауларындағы оқу материалдарын салыстырса дұрыс болар едi.
Оқу материалдарын салыстыру және талдау құқықтық көзқарастардың қалыптасуына ықпал етедi және азаматтық iс жүргiзу құқығының проблемалық мәселелерi бойынша әртүрлi пiкiрлердi дербес бағалау қабiлетiн дамытады.