Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.74 Кб
Скачать

13 Дәріс тақырыбы. Сандық кодтар. Кодтарды жазудың ерекшеліктері

Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.

Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

1.Сыртқы экономикалық қызметті тарифтік реттеу.

2. Кедендік баждың сипаттамасы.

3. Тарифтік жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар.

4. Қазақстан кеденіндегі салықтар мен төлемдер.

Бәсекелестік типтегі сауда операцияларына халықаралық конкурстық сауданың әртүрлі формалары жатады, соның ішінде халықаралық аукциондар, халықаралық сауда және биржалық сауда.

Саудалар — дегеніміз жабдықтарды жеткізу немесе алдын ала жасалған шарттар негізінде арнайы құжатта - тендерде баяндалған объектілер құрылысына, тапсырыс берушінің (сатып алушының) бірнеше жеткізушілер (сатушылар) арасындағы өткізетін конкурсы негізінде тапсырыс (заказ) беру әдісі.

Саудалардың көмегімен қазіргі кезде машиналар мен жабдықтарды жеткізуге, ғылыми, жобалау, зерттеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге тапсырыстарды орналастырады.

Саудалар ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Ашық саудалар туралы газеттер мен журналдарда хабарландырылады. Мұндай саудада барлық қалаушылар қатыса алады.

Жабық саудалар жүргізілгенде оларға қатысу туралы ұсыныстарды тендерлік комитеттер ең белгілі, тәжірибелі және беделді көбінесе тасырыстарды әлемдік деңгейде орындайтын жеткізушілерге (сатушыларға) жібереді.

Әдетінше жабық саудалар қзіргі заманғы қымбат тұратын жабдықтарды жеткізуге бағытталған, күрделі құрылыс және монтаждау жұмыстары, осындай объектілер «кілтпен жабуға дейін» шарттары бойынша орындалады.

Өте маңызды объектілер бойынша жабық саудалар екі этапта жүргізіледі: басында - ашық мамандарды таңдау саудалары, содан кейін - жабық саудалар.

Аукциондық саудалардың ерекшеліктері. Аукцион дербес қасиеттері бар белгілі нақты көрсетілетін тауарларды сатуға маманданады. Әрбір тауар бойынша аукционның өзінің ерекшелігі және өткізілуінің жиілігі бар: жылына бір немесе бірнеше рет.

Аукциондарда сауда ашық болуы мүмкін. Бұл көбінесе аң терілерін, тірі малдарды, көркемөнер шығармаларын және т.б. сатуда қолайлы болады.

Ааукциондар формаларының бір түрі брокерлік фирмалар болып табылады. Олар комиссия шартымен сатушылар мен сатып алушылардың өтініштерін орындай отырып, тауарларды сатып алып қайта сатады. Мұндай аукциондар жабық деп аталады және оларда көбінесе жүн, темекі, шай сатылады.

Тауарлық биржа.- тұрақты әрекет жасайтын нарық. Онда біркелкі тауарлар (дәнді дақылдар, ағаш, мұнай, түсті металдар және басқалар) оларды көрсетпей-ақ суреттемесі немесе үлгілері бойынша сатылады және сатып алынады.

Халықаралық саудада фьючерстік тауар биржалары басым, сондай-ақ сауда нақты тауарлар биржасында да жүзеге асырылады. Биржалық сауданың өсуі тауарлық биржалардың шикізат және азық-түлік нарқына әсерінің артуына әкелді, осының нәтижесінде оның көптеген түрлері бойынша биржалық айналымдар олардың әлемдік өндіріс көлемінен бірнеше есе асады.

Биржалық операциялар әлемдік нарықтың бағаларына, нақты контрактар бағаларына, өнеркәсіп және сауда фирмаларының шаруашылық қызметі нәтижелерін бағалауға үлкен әсер етеді.

Негізінен биржалық тауарларға ауылшаруашылық өнімдері, минералдық шикізат және олардың өңделген өнімдері жатады.

Сонымен қатар биржаға көбінесе мынандай сипаттағы қасиеттер тән:

- тауарларды емес, оларды жеткізу контрактарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;

- контрактар тауарлардың тек қана стандартталатын түрлеріне сатылады, оларды ірі партиялармен үлгілері және техникалық суреттемелері бойынша сатуға болады;

- саудалардың жүйелілігі, биржада сатып алушылар мен сатушылардың үлкен тобын шоғырландыруға, базистік нарық баағаларын анықтауға мүмкіндік береді;

- сұраныс пен ұсыныстың нақты ара қатынасының әсерімен қалыптасатын нарықтық бағалардың еркін қозғалысы,

- саудаларда биржа делдалдарының (брокерлердің) белсенді және тікелей қатысуы.

Ұйымдастыру формасы бойынша биржалар жариялық және жеке түрлеріне бөлінеді. Жариялық биржаларда келісімдер жасау құқығы биржа мүшелеріне болсын, кәсікерлерге болсын беріледі. Жеке биржалар келісім жасауға монопольдық құқығы бар тек өзінің мүшелеріне ғана қызмет көрсетеді.

Келушілердің биржа саудаларына қатысу дәрежесіне қарай тауар биржалары ашық және жабық түрлеріне бөлінеді. Жабық биржалардағы саудаларда тек қана биржа делдалдары (брокерлер) қатысады, ал ашық биржаларда брокерден басқа келушілер де қатыса алады.

Шетелдердегі қазіргі биржалар негізінен жабық болып табылады.

Биржада операциялардың негізгі бөлігін келісімдерді өз есебінен және клиенттерінің есебінен төлем ақы алу үшін жасайтын монопольдық құқығы бар брокерлер орындайды.

Фьючерстік келісімдерді жүзеге асырудың ерекшеліктері. Для обеспечения гарантий более качественного исполнения обязательств сторон Фьючерстік контрактар бойынша келісуші жақтарды биржаларда есеп палаталары құрылады, солар арқылы сатып алушылар мен сатушының арасындағы контрактар дайындалады. Есеп палатасы контрагенттер арасындағы техникалық делдал болып табылады, және оның қызметінің арқасында сатып алушы мен сатушының міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беріледі. Есеп палатасының көмегімен сондай-ақ келісімдердің иесіздігіне қол жетеді.

Есеп палатасы мүшелерінің құрамына ірі брокер және сауда фирмалары кіреді. Олар палатаны биржалық келісімдердің қайсысының болсын орындалуына кепілдік беруге мүмкіндік беретін қажетті қаржы құралдарымен қамтамасыз етеді.

Күн сайын биржа жабылғаннан кейін есеп палатасы әрбір контракт бойынша және әрбір позиция бойынша. «есептелген бағасын» хабарлайды. Егер бағаның өзгеруі контракты ұстаушы ие-фирманың пайдасына қарай болмаса, онда бұл фирма келесі күнгі биржаның ашылуына дейін бағаның айырмашылығын есеп палатасына төлеуі керек.

Өз кезегімен фирма - есеп палатасының мүшесі клиенттен маржаны өндіріп алады. Егер бағаның өзгеруі контракт ұстаушының пайдасына қарай болса, көпшілік елдерде ол тек контракт жойылған кезде ғана төленеді.

Тәуекелді азайту үшін фирмалар биржадағы сақтандыру операцияларына сүйенеді, әдетінше нарықтағы нақты тауарлар коммерциялық келісімін қосымша фьючерстік келісімдермен толықтырды. Бағалардың тұрақсыздануы және аз мерзім ішінде үлкен пайда табу мүмкіндігі биржаға алыпсатарларды да тартады. Алыпсатарлық және сақтандыру операциялары әрқашанда фьючерстік келісімдерді(сатуға немесе жоқ тауарды сатып алу) және офсеттік (оларға қарама қарсы) қамтиды.

Бағалардың өзгеруінен болатын шығындардан құтылу үшін сақтандыру операциясы (хеджирование) қолданылады.

Пути развития биржевой торговли. Шын мәніндегі тауар биржасының әлемдік саудада фьючерстік биржаға айналуы олардың сыртқы нарықтағы ролінің одан әрі күшеюіне мүмкіндік туғызады.

Әлемдегі ең үлкен халықаралық биржа американдық «Чикаго борд оф трейд» биржасы болып табылады. Ол дәнді дақылдармен, соя бұршақтарымен, алтын, күміс, құнды қағаздармен сауда жасайды. АҚШ-дағы басқа да халықаралық биржалар белгілі: Нью-Йорк мақта биржасы; Нью-Йорк кофе, қант, какао және басқа тауарлар биржасы; Нью-Йорк түсті металдар тауар биржасы; түсті металдардың Лондон тауар биржасы; Лондон мұнай биржасы; қант, тоқыма шикізаты, каучук, дақылбұршақ. Жапон биржасы.

Сондай-ақ көлемі үлкен халықаралық регионалдық биржалар бар. Олар жақын орналасқан бірнеше елдерге қызмет көрсетуге, ұлттық, қызмет көрсетуші фирмаларға және орналасқан елдің ұйымдарына қызмет көрсетуге бейімделген.

Биржаларды құрудың бастаушысы көбінесе коммерциялық орталықтар, акционерлік қоғамдар, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары,жеке фирмалар, тұтынушылар одақтары болып табылады.потребительские союзы.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.

2. СЭҚ-тің даму факторлары.

3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.

4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.

5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.

6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.

Әдебиет:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.

  2. Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.

  3. Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.

  4. Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.

  5. .Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.