
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •1 Тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті меллекеттік реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет туралы ұғым, оның тақырыбы, құқықтық қайнар көздері
- •2 Тақырып. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Тақырып. Сэқ-режимі сыртқы экономикалық қызметтегі операцияларды ұйымдастыру және оның техникасы
- •4 Тақырып. Лицензиялау және жеңілдіктер беру шетел инвестицияларының құқықтық режимі
- •5 Тақырып. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері шетелдіктер қатысушы кәсіпорындардың құқықтық жағдайы
- •2 Сабақ
- •2 Сабақ
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарыныңжоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •«Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиалық қоры
- •Дәрістер кешені
- •2 Дәріс тақырыбы. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Дәріс тақырыбы. Сэқ-режимі
- •4 Дәріс тақырыбы. Лицензиялау және жеңілдіктер беру. Сыртқы экономикалық мәліметтер жасау ерекшелігі мен оның түрлері.
- •5 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері
- •6 Дәріс тақырыбы. Арнайы экономикалық аймақтардың режимін құқықтық реттеу
- •7 Дәріс тақырыбы. Сэқ тарифтік тарифтік емес реттеу
- •8 Дәріс тақырыбы. Халықаралық мәселелерді орындау. Сэқ ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
- •9 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық дауларды шешу
- •10 Дәріс тақырыбы. Тауарларды сипаттау және қодтаудың үйлестірілген жүесі. Тауарларды бейнелеу және кодировка жасаудың үйлестірілген жүйесі Үйлестірілгенжүені қолданудың негізгі ережелері
- •11 Дәріс тақырыбы. Бұұ-ң кеңейтілген экономикалық топтар бойынша топтастыру. Тауарларды бөлімдерге топтастырудың қағидалары
- •13 Дәріс тақырыбы. Сандық кодтар. Кодтарды жазудың ерекшеліктері
- •14 Дәріс тақырыбы. Тмп-ң сэқ кн тмд-ң сэқ кн кодтарын құрудың мағыналақ жүктемесі
- •15 Дәріс тақырыбы. Тауарларды жария етудің негізгі ережелері
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2010-2011 Оқу жылына «сыртқы экономикалық қызметті құқықтық және кедендік-тарифтік реттеу» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық жургізу
- •Арнайландырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
11 Дәріс тақырыбы. Бұұ-ң кеңейтілген экономикалық топтар бойынша топтастыру. Тауарларды бөлімдерге топтастырудың қағидалары
Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.
Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
1. Шет мемлекеттер тәжрибесінде арнайы экономикалық аймақтарды құру тарихы.
2. ҚР-ның «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңы.
3. Арнайы экономикалық аймақтар аумағында шаруашылық субъектілерінің құқықтық кепілдіктері.
4. Арнайы экономикалық аймақтарды басқару.
Лицензиялар сату дегеніміз патенттелген өнертабысты немесе басқа техникалық жетістіктерді пайдалануға құқық беретін рұқсатты білдіреді. Ондай құқықты сатып алушыға (лицензиарға) патент иесі береді.
Патенттелген өнертабыстар - ол лицензиардың елінде немесе лицензиаттың елінде және үшінші елдерде әрекеттегі патенттермен қорғалған техникалық шешімдер.
Сауда маркасын өзінің тауарын дербестендіру және жарнамалау үшін тауар шығарушы қолданады және патент агенттігінде бір мезгілде тіркелу бажын төлеу арқылы және жыл сайынғы жарналарды төлей отырып тіркеледі.
Фирмалық атау - дегеніміз осы атаумен бұйымның (өнімнің) тұтынушыға белгілі болуы. Фирмалық атау сондай-ақ тауардың дербестелуіне қызмет етеді және сауда маркасы сияқты куәлікпен қорғалады.
Ноу-хауды сату, яғни техникалық білімдерді, тәжрибені, ғылыми, техникалық, өндірістік, коммерциялық және басқа сипаттағы документтер формасында көрсетілген дағдыларды, (ресми тәртіппен патенттелмеген және жалпы көпшіліктің игілігіне айналмаған) сату маманның - ноу-хау иесінің тәжірибесімен толықтырылады, мысалы, жіберетін-реттейтін жұмыстарды , процестерді, өнім шығару және т.б. жүзеге асыру бойынша.
Лицензиялық алмасу екі канал бойынша жүзеге асырылады, біріншіден, «таза» лицензиялармен сауда жасау және, екіншіден, ілеспелі лицензиялармен сауда жасау (машиналарды, жабдықтарды жеткізіп тұру), және ноу-хауды сату. Сонымен қатар лицензияларды сату ақы төлеу арқылы белгілі мерзімге лицензиялық келісімдер негізінде өндірісте, объектілерді салуда және оларға реконструкция жүргізгенде және басқа да патенттелген өнертабыс жұмыстарын орындауға заңды құқықты беруді қарастырады.
Ілесе жүретін лицензияларды лицензиялық емес сату және ноу-хау бойынша қызмет көрсету контрактар бойынша жекелеген немесе комплекті жабдықтарды экспорттағанда, шетелдегі құрылыс объектілері мен оларға реконструкция жүргізгенде, «инжиниринг» типті қызмет көрсетуді экспорттағанда жүзеге асырылады.
Жаңа технологияларды беру саласындағы Халықаралық тәртіп кодексі. Халықаралық технологиялармен алмасу процесінде және халықаралық экономикалық қатынастардың субъектілері арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруда реттеуді керек ететін әртүрлі қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар үшін негізгі нормативтік халықаралық акті 1883 ж.өнеркәсіп меншігін қорғау бойынша Париж конвенциясы болып табылады. Өнеркәсіп меншігі интеллектуалдық меншіктің бөлігі болып табылады және тікелей адамның ғылыми-техникалық шығармасына жатады. Интеллектуалдық меншіктің өте көп таралған объектілері өнертабыстар, пайдалы моделдер, тауар белгілері және өнеркәсіп үлгілері болып табылады.
Технологияларды беруде және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруда пайда болатын қатынастарды реттеу үшін БҰҰ-ның сауда және даму бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) жасаған технологияларды беру саласындағы тәртіп Кодексі маңызды нормативтік халықаралық құжат болуы керек. Кодекс, ұсыныс ретінде болғандықтан, өзінің сипаты бойынша әмбебап ерекшеліктері болуы керек және қолдануда кең саласы болуы керек. Оның негізгі мақсаты - технологияларды халықаралық берудің барлық елдер үшін олардың әлеуметтік-экономикалық дамуынан дербес бірдей мүмкіндіктер жағдайында өрістеуіне көмектесу.
Интеллектуалдық меншікті қорғау проблемаларымен занимается Әлемдік сауда ұйымы (ӘСҰ) да айналысады. Интеллектуалдық меншікті қорғаудың сауда аспектілері туралы мәселенің ГАТТ-тың Уругвай раундында қаралуы, арнайы Келісімнің пайда болуына алып келді.
Бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.
2. СЭҚ-тің даму факторлары.
3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.
4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.
5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.
6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.
Әдебиет:
Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.
Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.
Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.
.Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.
12 Дәріс тақырыбы. Тауарлық позициялар мен субпозициялар.
Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.
Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
1. Валюталық реттеу туралы ҚР-ның заңнамасы.
2. Валюта, валюталық құндылықтар ұғымы.
3. Валюталық бақылау органдарының жүйесі және валюталық қатынастар субъектілері.
4. Валюталық операциялар ұғымы.
Әлемдік тауар айналысының жартысынан көбі делдалдардың өте үлкен тобы арқылы сатылады. Оларға жататындар шығарушылар мен тұтынушылардан тәуелсіз тауарлар айналымына қатысушы тұлғалар.
Делдалдарды тартудың басты мақсаты сыртқы сауда операцияларының үнемділігін мына факторлар арқылы арттыру болып табылады:
- тауарларды сатудың жеделдігін арттыру;
- тауарларды сатушы үшін тым қолайлы жағдайларда делдалдардың сыртқы нарықтағы тауарлардың конъюнктурасын тез ескеруі арқылы сату;
- тауарлардың бәсекелестікке қабілеттігін оларды қоймалардан жеткізу уақытын қысқарту нәтижесінде арттыру;
- делдалдан тауардың сапасын бағалау және бәсекелестік қасиеттері туралы сенімді ақпаратты алу.
Егер делдалдар қажетті пайданы қамтамасыз ете алмаса, онда нарыққа өз бетімен шығу шараларын қолдана отырып, олардың қызметінен бас тарту оңай.
Комиссия және консигнация шарттары бойынша операциялар. Шетелдерге шығатын жағдайларда экспортшылар мен импортшылар делдалдарға (тұлғаларға, фирмаларға) комиссия және консигнация келісім шарттарымен .баруы мүмкін.
Комиссия келісімдері позволяют делдал-комиссионерге өз атынан, бірақ жеткізуші-комитенттердің орнына контракт жасайды. Комиссия келісімдерінде өкілеттік шеңберлер, жарнама бойынша міндеттеме, нарықтық конъюнктураны зерттеу және басқалар анықталады, сондай-ақ комиссиялық ақы төлеу мөлшері анықталады.
Консигнация келісімі комиссия келісімінің бір түрі болып табылады. Консигнация дегеніміз тауарларды белгілі уақытқа сату үшін агент-консигнатордың қарамағына беру, бірақ меншік иесі болып тауар иесі - консигнант қала береді.
Консигнация келісімдерінде міндетті түрде тауардың сатылу уақыты көрсетіледі. Осы уақыт өткен соң қалған тауарлар иесіне қайтарылады. Консигнация қайтып келу түрінде (барлық сатылмаған тауарлар иесіне қайтарылады), жарым-жартылай қайтарылу және қайтарылмайтын түрде болуы мүмкін.
Қайтарылмайтын консигнация түрінде консигнатор бүкіл сатылмаған тауарды сатып алады.. Тауардың қайтып келуі - екі жақтың келісілген және консигнатордың жауапкершілігін арттыратын қосымша жауапкершілік. Консигнация шарттарымен күрделі техникалық тауарлар: автомобильдер, тоңазытқыштар, станоктар, электродвигательдер және т.б. сатылады.
Агенттік келісімдер. Сауда агенттеріне экспортшылар және импортшылармен жасалған келісімдер негізінде келісімдердің жасалуына көмектесу құқығына ие болатын немесе оларды жасайтын фирмалар, тұлғалар, ұйымдар жатады.
Шын мәніндегі сауда агенттері - делдалдар, олармен әрекеттестік тапсырма келісімі және дағдылы делдалдық негізінде құрылады.
Агенттер тауарды шығарушыдан, экспортшылардан сатып алмайды және алып-сатумен айналыспайды. Тауар иесі оны сату үшін береді. Тауар иесінде тауарларды сату жағдайларын, баға деңгейін реттеу құқығы қалады.
Агенттік келісімдер үшін ең қолайлы мерзім - екі жыл. Осы уақыт ішінде сауда агенті нарықты түбегейлі зерттеп аяқтай алады. Егер агент табысты жұмыс істесе, онда онымен келісім ұзартылады, ал егер ол сәтсіз жұмыс істесе, онда оны алмастыру қажеттігі туындайды.
Агенттік келісімдерді жасағанда негізгі коммерциялық және саяси тәуекелдерді ескеру өте маңызды.
Коммерциялық тәуекелдерге тауарларды нарықта сату және жүктерді тасымалдаумен, тауарды сатып алушының қабылдауымен, сатып алушының төлеу қабілеттігімен және оның төлемдерді жүзеге асыруға құлқының жоқтығымен, валюталық курстардың құбылмалығымен байланысты қиындықтар жатады.
Саяси тәуекелдерге мыналар жатады: сатып алушының елінде импортқа тиым салу немесе оны кенеттен шектеуді енгізу; ереуілдердің пайда болуы, тауарларды сатып алушыға тасымалдау кезінде соғыстың болуы; әртүрлі валюталық шектеулер.
Бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.
2. СЭҚ-тің даму факторлары.
3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.
4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.
5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.
6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.
Әдебиет:
Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.
Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.
Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.
.Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.