Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.74 Кб
Скачать

10 Дәріс тақырыбы. Тауарларды сипаттау және қодтаудың үйлестірілген жүесі. Тауарларды бейнелеу және кодировка жасаудың үйлестірілген жүйесі Үйлестірілгенжүені қолданудың негізгі ережелері

Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.

Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

1. Шетел қатысатын кәсіпорындар қызметінің құрылымдық формалары.

2. Шетел қатысатын кәсіпорындарды лицензиялау.

2. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» Заңы.

3. Лицензиялар түрлері.

Соңғы онжылдықта шикізат, материалдар және азық-түлік сату көлемінің азаю тенденциясы анық байқалады. Шикізат сатудың көлемінің және оның бағасының төмендеуінің бір себебі - ресурс сақтайтын технологиялардың енгізілуіне байланысты сұраныстың азаюы және дамыған елдерде малдан және өсімдіктен шығатын шикізат өнімдеріне синтетикалық алмастырушыларының жаңа түрлерін іздеу.

Шикізат тауарлары - жалпы жинақтау ұғымы. Ол минералдық шикізатты, оны байыту және өңдеу өнімдерін (қара және түсті металдар), өсімдіктер мен малдардан шығатын ауылшаруашылық шикізатын және оны өңдеу өнімдерін, химиялық өнімдерді және азық-түлікті біріктіреді.

Шикізатпен сауда әртүрлі формада жүргізіледі. Бұл - халықаралық тауарлық келісімдер, аукциондық және биржа саудасы, көтерме сатып алушылық.

Аазық-түлік емес тауарларды, машиналар мен жабдықтарды сатып алу-сату бойынша сыртқы сауда операциялары.Сыртқы нарықта дайын өнімдерді сату ткелей оны шығарушылар (экспортерлар) мен тұтынушылар (импортерлер) арасында немесе делдалдар арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі жағдайда ол, әдетінше, тауарлардың бәсекелестігін арттырумен байланысты делдалдардың қосымша жұмыстар орындауын талап етеді: сату алдындағы сервис және жөндеу, сондай-ақ машина-техникалық өнімдерге техникалық қызмет көрсету.

Сату алдындағы сервис тауарды орамаларынан ашу, оны тұтынуға толық дайындық жағдайына келтіруге байланысты жұмыс кешендерін қамтиды, олардың мақсаты - тауарды жақсы жағын көрсету. Бұл операциялар, әдетінше, сатып алушының (импортердің) аумағында арнайы жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады.

Тауарды сату алдындағы жөндеуді сауда делдалдары тек қана тауарлардың бәсекелестігін арттыру мақсатында ғана емес; тұтынушылырдың жеке тілектерін қанағаттандыру үшін де жүзеге асырады. Сату алдындағы жөндеуге әдетінше мыналар кіреді:

  • жіберілген өнімдерді қосымша агрегаттармен жинақтау, мысалы, импортердің климаттық жағдайларына сәйкес келу үшін, тропикалық климатты елдерге жіберілетін тракторлар қосымша кондиционерлермен жинақталады.

  • импортер елінің стандарттарына сәйкес болу мақсатымен тораптар мен бөлшектер айырбасталады және т.б.

Тауарды сату алдындағы жөндеу және қосымша агрегаттармен жинақтау кезінде қосымша құн жасалады.

Тұтыну саласындағы өндірістік қызметтің маңызды бағыты машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету болып табылады. Техникалық және сервистік қызмет көрсетудің жабдықтарды комплекті түрде жеткізіп тұруда ерекше маңызы бар

Өнімнің жиналмаған түрімен сауда жасау сыртқы нарықта олардың бәсекелестігін арттыру және қосымша пайда табу үшін жүзеге асырылады. Импорттың жиналмаған түріне артықшылық беріледі, үйткені өнімді жинауды импортердің кәсіпорындарында ұйымдастыру ұлттық өнеркәсіптің дамуына көмектеседі және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуін арттырады, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектеседі.

Прогрессивтік жинаудың өнімді жиналмаған түрде жеткізуден айырмашылығы экспорттаушының импорттаушыға этаптар бойынша жекелеген тораптарды, детальдардың және агрегаттардың өзіне меншікті өндірісін ұйымдастыруға көмектесу бойынша міндеттемелерін қарастырады, бірте-бірте болашақта дайын өнімді дербес шығаруға көшу карастырылады.

Аренда және оның түрлері халықаралық нарықта дайын өнімді сатуды жүзеге асыру формасы болып табылады. Дәстүрлі арендамен ортақтығы бола отырып, лизинг өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады: лизинг затын беруді, әдетінше, қаржы мекемесі - лизинг компаниясы жүзеге асырады; лизинг мерзімі лизинг затының физикалық тозу мерзімінен аз және салықтық амортизация (3-7 жыл) мерзіміне сәйкес келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.

2. СЭҚ-тің даму факторлары.

3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.

4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.

5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.

6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.

Әдебиет:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.

  2. Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.

  3. Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.

  4. Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.

  5. .Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.