Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.74 Кб
Скачать

7 Дәріс тақырыбы. Сэқ тарифтік тарифтік емес реттеу

Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.

Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

1. ҚР-дағы шетел инвестициялары туралы заңнама.

2. «Инвестициялар туралы» 8.01. 2003 жылғы ҚР-ның Заңы.

3. Инвестиция туралы ҚР-сы Заңының әрекет жасау аясы.

ҚР-ның Индустрия және сауда министрлігінің қызметі . Министрліктердің ішінде ҚР-ның Индустрия және сауда министрлігі ерекше роль атқарады. СЭҚ саласында оған мынандай негізгі мәселелердің орындалуы жүктелген:

  1. Сыртқы және сауданы басымдықпен дамытудың концепциялары мен бағдарламаларын жасау;

  2. бәсекелестікке қабілетті әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын тауарлар шығаруды ұлғайту жөніндегі шараларды жасауға және жүзеге асыруға қатысу;

  3. ҚР-ның шетелдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығын ұйымдастыру, координация работы министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті әкімшілік басшыларының жұмыстарын үйлестіру;

  1. өнімдердің экспорты мен импортын ұйымдастыру және реттеу (оның ішінде лицензиялауды) және басқаларды.

ҚР-ның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің СЭҚ саласындағы қызметі. - ҚР-ның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мыналармен айналысады:

  1. сыртқы экономикалық қатынастарды дамыту стратегиясын, экспорттық бағдарламаларды жасауды қоса алғанда сыртқы экономикалық саясатты қалыптастыру;

  2. Шетел несиелерін тарту саласындағы саясатты зерттеп қалыптастыру және басқалар.

ҚР-сы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің СЭҚ саласындағы қызметі. 12.12.91 ж. құрылған кезден бастап 2,5 жылға жуық ҚР-сы Қаржы министрлігі жанында Кеден бас басқармасы қызмет атқарды. Ол ҚР-сы Президентінің Указымен ҚР-сы Министрлер Кабинетінің жанындағы Кеден комитеті болып қайта құрылды. Артынан ҚР-нің кеден қызметі мынандай қайта ұйымдастыру арқылы әртүрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырады: 1995 ж. қазанында ҚР-ның Кеден комитеті (Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ оған бағынышты, орталық кеден органы статусы бар), 1997 ж. қаңтарынан - Мемлекеттік кеден комитеті, 1997 ж. қазанынан - КР-сы Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитеті, 1998 ж. қазанынан бастап орталық кеден органының негізгі функциялары шын мәнінде толығынан ҚР-сы Кіріс министрлігіне берілді. 2002 ж.қыркүйегінде дербес ведомство статусымен Кедендік бақылау агенттігі (КБА) құрылды, және, ең соңында, «ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін онан әрі жетілдіру бойынша шаралар туралы» ҚР-сы Президентінің 29.09.04 ж. Указымен КБА ҚР-сы Қаржы министрлігіне қосылып, ҚР-ның Кедендік бақылау комитеті (КБК) болып қайта құрылды.

Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер де қайта құрылды: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау Департаменттері (КБД), кеден, Кинологиялық орталық, ҚР-сы КБА-нің Орталық кеден зертханасы мемлекеттік мекемелер болып - облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау Департаменттері, кеден, Кинологиялық орталық, ҚР-сы Қаржы министрлігінің КБК-нің Орталық кеден зертханасы болып қайта құрылды.

Основными задачами Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- өздерінің құқықтары шеңберінде ҚР-ның тәуелсіздігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамдардың өмірін және денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар;

- ҚР-ның кедендік және басқа да заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау ҚР-ның кеден органдарына жүктелген;

- кеден саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- ҚР-ның кеден шекеарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылауды жүзеге асыру;

- ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

- кеден ісі саласында СЭҚ-ке қатысушылардың құқығын және мүдделерін қорғау.

СЭҚ ҚР-сы Президентінің 1995 ж. 31 тамызындағы «ҚР-дағы банктер мен банк қызметі туралы» Указы негізінде әрекет жасайтын республиканың банк құрылымы қызметінің бір саласын құрайды.

Бұл Указдың қабылдануына көптеген факторлар себеп болды, оның ішінде ҚР-ның тәуелсіз дербес мемлекет болып қалыптасуы, оның әлемдік қауымның толық құқықты мүшесі болып танылуы, банк жүйесінің дамуы, СЭҚ-тің республика бойынша тұтас алғанда жандануы ерекше орын алады.. Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктері және банктері, халықаралық банктер мен басқа қаржы-несиелік ұйымдардың алдында ҚР-ның мүдделерін қорғайды.

Қаржы кеңесшісі және үкіметтің агенті ретінде Ұлттық банк, сыртқы қарыз проблемаларымен, шетелдік несиелер және инвестициялар тарту, төлем жүйелері және басқа қаржы-экономикалық мәселелермен байланысты заңдар және басқа нормативтік актілердің жобаларын жасауға қатысуын жалғастырады, ҚР-на сыртқы қаржы ресурстарын тарту схемалары және механизмі бойынша үкіметке кеңес береді.

ҚР-ның «ҚР-дағы банктер мен банк қызметі туралы» 31.08.95 ж.Заңы.

ҚР-да екі деңгейлік банк жүйесі бар. Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі және банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі болып табылады. Ұлттық Банктің міндеттері, қызмет істеу принциптері, құқықтық статусы мен өкілеттігі «ҚР-ның Ұлттық банкі туралы» ҚР-сы Заңымен анықталады. Ұлттық Банк банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша өзінің міндеттері шегінде реттеу және қадағалауды жүзеге асырады және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.

Барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейі болып табылады.

Банк қызметі ҚР-ның Конституциясы және заңнамасымен, ҚР-сы қол қойған халықаралық шарттармен (келісімдермен), сондай-ақ заңнамалық актілер мен ҚР-сы Президентінің Указдары негізінде және оларды орындау үшін өкілетті орган мен Ұлттық Банк өкілеттігіне жататын шығарылатын нормативтік құқықтық актілер.

Банктер мемлекеттің міндеттері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те олардың міндеттері бойынша жауап бермейді, тек қана банктер мен немесе мемлекет өзіне осындай жауапкершілікті алатын жағдайларды қоспағанда.

Функционалды-мамандандырылған мемлекеттік банктерді қайта құру.. Банк жүйесін қайта құру мамандандырылған бактерді де қатысы болды. Функционалды-мамандандырылған мемлекеттік банктердің қалыптасуына ерекше мән беріледі. Қазақстанда банк секторына реформа жүргізу бағдарламасы шеңберінде Экспорттық-импорттық банк (Эксимбанк), Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) және т.б. құрылды.

Қазақстанның даму банкі үкіметтік Қаржы-несие мекемесі болып табылады. Ол нәтижелі инвестициялық жобаларды экономиканың басымды (приоритетных) салаларында ұзақ несиелеуді жүзеге асыруға бейімделген.

Сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы ҚР-ның шетелдердегі аппараты елшіліктерден, консулдықтардан, сауда өкілдіктерінен, сауда ғимараттарынан тұрады. Шетелдік сауда мекемелері тікелей подчиняются ҚР-ның Индустрия және сауда Министрлігіне бағынады. Мұнда жұмыстарды шетелдерде ұйымдастыру жөнінде үлкен қызмет атқарылады. Оларды құрудың негізгі бір мақсаты - ҚР-ның тауарларын әлемнің жетекші тауар нарықтарында сатуды қамтамасыз ету.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.

2. СЭҚ-тің даму факторлары.

3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.

4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.

5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.

6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.

Әдебиет:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.

  2. Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.

  3. Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.

  4. Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.

  5. .Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.