Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.74 Кб
Скачать

5 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері

Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.

Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

1. Сыртқы сауда операциялары ұғым және оны жіктеу.

2. Сатып алу-сату контракттары, оның құрылымы.

3. Шикізатты, ауылшаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатып алу-сату бойынша сыртқы сауда операциялары.

4. Өнеркәсіп меншігі және «ноу-хау».объектілеріне лицензия сату операциялары.

Қазіргі кезде базистік шарттарды түсіндірулер халықаралық тәжірибеде жеткізудің стандарттық халықаралық шартарына «Инкотермс-2000» (орны, уақыты, жеткізу әдісі, тәуекелді бөлісу, сақтандыру) сәйкес қойылған. «Инкотермс-2000» бойынша жеткізудің 13 базистік шарттары көрсетілген, кодтық атаулары БҰҰ-ның Европалық комиссиясымен келісілген. Барлық базистік шарттар 4 категориялар бойынша жіктелген. Олар тауарлардың жеткізілуі бойынша көлемдерінің айырмашылығын ескере отырып шартпен «E», «F», «C» и «D» деп аталған.

Инкотермстің мақсаты өте кең таралған сыртқы сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық ережелер жинағын пайдалануға беру. Олардың көмегімен аталған терминдердің жекелеген елдердегі әртүрлі түсіндірулерінен құтылуға немесе, қалай болғанда да, олардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. ҚР-сы СЭҚ-нің ерекшеліктері неде?

2. Сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі формаларын атап шығыңыз.

3. СЭҚ-тің даму факторлары қандай?

4. СЭҚ құқығын Сіз қалай түсінесіз?

5. Охарактеризуйте СЭҚ құқығының ұғымын, тақырыбын, субъектілерін және объектілерін сипаттап шығыңыз.

6. СЭҚ құқығын қолдану аясы дегеніміз не?

7. СЭҚ принциптерін Сіз қалай түсінесіз?

8. СЭҚ-тің жалпы және арнайы принциптерін және олардың айырмашылығын атап шығыңыз.

9. СЭҚ құқығының қайнар көздері дегеніміз не және олардың түрлері қандай?

10. Халықаралық-құқықтық әдеттер туралы айтып беріңіз.

11. ИНКОТЕРМС-2000 дегеніміз не?

12. СЭҚ құқығының ішкі мемлекеттік қайнар көздерін атап шығыңыз.[kg1]

ЭҚ шаруашылық қызметінің маңызды салаларының бірі болып табылады. СЭҚ-тің субъектілерінің меншік формасына және қызмет түрлеріне тәуелсіз оларды жүзеге асыруға бірдей құқығы бар және әрекеттегі заңнама шеңберінде СЭҚ-тің түрлерін, көлемін және бағыттарын дербес анықтайды.

СЭҚ-ті реттеуде басты роль мемлекетке тиесілі. Ол келісуші жақтардың толық теңдігін, өзара пайдалылығын, ішкі істеріне араласпау және серіктестерінің құқықтарын қатаң сақтау принциптерін басшылыққа ала отырып, шетел мемлекеттері және шетел фирмаларымен қабылданған шарттар мен келісімдер бойынша міндеттемелерді дұрыс және дәл орындалуын жүзеге асырады.

Жалпы мемлекеттік аспекте СЭҚ орталықтандырылып, оны бірінші кезекте жоғары мемлекеттік билік және басқару органдары, арнайы министрліктер және ведомстволар жүзеге асырады, ал жедел функциялар СЭҚ-ті жандандыру мақсатында переданы на уровень шаруашылық звенолары деңгейіне берілген.

Қазақстанның басқа халықтармен, мемлекеттермен сыртқы экономикалық қатынастары әлі ерте заманда пайда бола бастады. Біздің эрамызға дейінгі мыңжылдықтың аяғынан бастап Қазақстан Шығыс мемлекеттерінен Батыстағы елдерге баратын тауарлар транзитінде белгілі роль атқара бастады.. Қазақстан және Орта Азия аумағы арқылы Қытайды, барлық Шығыс Азияны Жерорта теңізімен, Европамен жалғастырушы Ұлы Жібек жолы созылып жатты. Татар-моңғол шапқыншылығы халықаралық қатынастарды, оның ішінде Қазақстанның азиялық және шығыс европалық елдермен экономикалық қатынастарын тоқтатып тастады. Сондықтан европалықтардың Индияға, Шығыс Азия елдеріне баратын теңіз жолдарын географиялық ашулары сауда жолдарын теңіздерге жылжытты, және Қазақстана мен Орта Азия аймағы әлемдік саудада ерекше транзиттік роль атқаруын тоқтатты.

Революцияға дейінгі Қазақстанға шетел капиталының кіре бастауын 2 этапқа бөліп көрсетуге болады: біріншісі – XIX ғ. 90-шы жылдарынан 1903 жылға дейін, екіншісі – 1904-1905 жылдардан 1917-1918 жылдарға дейін.

Бірінші этапта шетел капиталы Қазақстанда сауда қатынастарына, теміржол құрылысына көбірек көңіл бөлді, ал өнеркәсіпке онша көңіл бөлінбеді. Колониялық Қазақстанның жазық даласы бойынша 2 стратегиялық маңызы бар темір жолдар – Сібір (1893-1895 жж) и Орынбор-Ташкент (1901-1905 жж.) салынды.

Темір жолдар орыс және шетел капиталының қазақ даласына кіруін оңайлатты, тауар-ақша қатынастарының кіруіне және аймақтың шаруашылық жағынан тұйықтығын тоқтатуға мүмкіндік туғызды.

Қазақстанға кіруінің екінші этапында шетел капиталы өзінің приобретает и укрепляет свои позитивтік (жағымды) бет әлпетке ие болып, оны нығайта отырып, сауда-делдалдық формалардан прогрессивтік тура инвестицияларға алдыңғы қатарлы технологиялар, машиналар мен жабдықтар импорты түріне өте бастады.

Бірінші тура инвестицияларды революцияға дейінгі Қазақстан экономикасына француз капиталы жүзеге асырды. 1896 ж. Зырянов рудалық кен орны «Зырянов тау- өнеркәсіп қоғамын» құрған орыс-француз капиталистеріне концессияға берілді.

Октябрь революциясы қарсаңында Қазақстанда 4 аумақтық-өндірістік кешен (АӨК): 1) Шығыс, Риддер-Екібастұз; 2) Спасск 3) Жезқазған; 4) Батыс Орал-Жем қалыптаса бастады.

Тарихи ақиқаттарды зерттеулер нәтижесінде қазіргі Қарағанды, Жезқазған, Екібастұз, Риддер және басқалар сияқты индустриальдық қалалардың негізгі ядросы шетел капиталының «қожалық ету» периоды деп аталатын кезде революцияға дейінгі Қазақстанда салынды деп дәлелдеуге болады.

Октябрь революциясынан кейін және бірінші дүниежүзілік соғыстың созылу жағдайында кейбір шетел концессионерлері,соның ішінде ''The Spassky Copper Mine, Ltd'', өз қызметін жалғастыра берді. Бірақ, көп кешікпей жаңа биліктің жүргізген жалпыға бірдей национализациясы, ағылшын,, француз, герман және басқа да кәсіпкерлерін өздері ұйымдастырған ірі өнеркәсіп кәсіпорндарынан күшпен айырды. Бірақ атап өту керек, Қазақстанның негізгі салалары: түсті металлургия, көмір және мұнай өндіру өнеркәсібі ірі өндіріс масштабында шетел капиталы арқасында салынды және дамыды.

Тек өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында «жаңа» экономикалық құбылысқа – шетел инвестицияларына есіктер айқара ашылды. Қазақстан одақтас республика ретінде халықаралық экономикалық қатынастарға тікелей болсын, СССР-дың органдары арқылы болсын қатысты, бірақ мұндай қатысулар шектелген, көбінесе орындаушылық формалар түрінде болды.

1991 ж. аяғынан ҚР-сы егеменді мемлекет ретінде әлемдік қауымдастықтың толық құқықты мүшелігіне кірді. Халықаралық валюта қоры (МВФ), Әлемдік банк, ЕБРР, АБРР сияқты жетекші халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу берілген несиелік (кредиттік) линиялар бойынша шетелдік несие капиталын тартуға мүмкіндік ашты.

Бірте-бірте тура инвестицияларды тартуға қажет устанавливается қолайлы «инвестициялық климат» орнай бастады. Сонымен капиталды жай ғана тартып қоймай тиісті салаларда жұмыс істеу тәжірибесі бар, нарықты білетін, әжептәуір қаржылық ресурсы және әлемнің әр түкпірлерінде кәсіпорындарды басқару тәжірибесі бар «стратегиялық» инвесторларды тарту өте маңызды.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.

2. СЭҚ-тің даму факторлары.

3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.

4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.

5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.

6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.

Әдебиет:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.

  2. Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.

  3. Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.

  4. Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.

  5. .Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.