Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
к.1-3 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
820.74 Кб
Скачать

4 Дәріс тақырыбы. Лицензиялау және жеңілдіктер беру. Сыртқы экономикалық мәліметтер жасау ерекшелігі мен оның түрлері.

Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.

Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау

Дәріс жоспары:

1. ҚР-ның Ұлттық банкінің СЭҚ-ті басқарудағы ролі.

2. ҚР-ның Сауда-өнеркәсіп палатасы СЭҚ-тің субъекті ретінде.

3. Шетел инвестициясы бойынша Агенттік, оның негізгі функциялары мен өкілеттігі.

Әдебиет: 4, 19-21, 23

Мемлекеттердің экономикалық қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеудің негізгі қайнар көздері екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар болып табылады.

Халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін әр алуан халықаралық шарттар арасында мыналарды атап көрсетуге болады:

1. Экономикалық мәселелер бойынша қаулылары бар саяси шарттар.

2. Экономикалық шарттар.

Экономикалық мәселелер бойынша қаулылары бар шарттарға, достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарды, ынтымақтастық принциптері туралы шарттарды, өзара қатынастар негіздері туралы шарттарды және басқаларды жатқызуға болады.

Мемлекеттердің СЭҚ-ін халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету үшін саяси шарттармен салыстырғанда экономикалық шарттар өте маңызды роль атқарады. Олардың ішінде өте маңыздылары сауда шарттары, сауда контингенттік келісімдер, халықаралық есептеулер туралы келісімдер, несиелік келісімдер, өндірісті мамандандыру және бірлестіру туралы келісімдер және т.б. болып табылады.

Құқықтық әдет дегеніміз - тәжірибеде қалыптасқан мінез-құлық ережесі, оның заңдық міндеттілік сипаты мойындалады. Халықаралық-құқықтық әдеттер мемлекеттер тәжірибесі негізінде құралады, оның ішінде олардың тәжірибесінің халықаралық ұйымдар шеңберінде, сондай-ақ олардың екіжақты шарттық тәжірибесі негізінде құралады.

Халықаралық-құқықтық жариялық сипаттағы әдеттерді халықаралық саудадағы (сауда әдеттері) жеке және заңды тұлғалардың арасында құралатын сыртқы сауда саласындағы әдеттерен айыра білу керек. Әдеттерді ұлттық сауда палаталары, сондай-ақ Париждегі халықаралық сауда палатасы жинайды. 1990 жылы осы палата жариялаған сыртқы сауда тәжірибесінде құралған әдеттер жинағы мен коммерциялық терминдердің «Инкотермс-90» түсіндірулері.міне осындай.

Мемлекеттердің СЭҚ-ін халықаралық-құқықтық қамтамасыз етуде әсіресе үлкен роль халықаралық ұйымдар мен конференциялардың резолюцияларына (шешімдеріне) тиесілі. Бұл резолюциялар (шешімдер) кеңес беру сипатында болады.

СЭҚ құқығының ішкі мемлекеттік қайнар көздеріне ҚР-ның Конституциясы және ҚР-ның аумағындағы шаруашылық қызметін реттейтін нормативтік актілер жатады. СЭҚ құқықтың басты қайнар көзі ҚР-ның Конституциясы болып табылады. Конституциядан кейінгі СЭҚ құқықтың басты қайнар көзі - заңдар. Оларда әртүрлі салалардағы өнімдер мен тауарларды жеткізудің, жүктерді тасымалдаудың, инвестициялаудың, шаруашылық қызметін реттеудің көптеген мәселелері шешіледі.

Бұдан кейінгі маңыздылығы бойынша нормативтік актілердің үлкен көлемін құрайтын, шаруашылық қатынастарын реттеуші СЭҚ құқықтың қайнар көзі ҚР-сы Президентінің Указдары мен Қаулылары болып табылады. ҚР-сы Президентінің Қаулылары ҚР-ның Конституциясы, заңдары және ҚР-сы Президентінің Указдары негізінде және оларды орындау үшін жарияланады.

ҚР-сы Президентінің Қаулысынан кейінгі маңыздылығы бойынша СЭҚ құқықтың қайнар көзі ҚР-сы Үкіметінің Қаулылары болып табылады. Үкіметтің актілері ҚР-ның Конституциясы, заңдары, ҚР-сы Президентінің Указдары мен Қаулылары негізінде және оларды орындау үшін қабылданады. Шаруашылық субъектілерінің қызметін жедел реттеудің көптеген мәселелері (оның ішінде СЭҚ-тің) атап айтқанда ҚР-сы Үкіметінің Қаулыларының көмегімен шешіледі..

СЭҚ құқықтың қайнар көздеріне сондай-ақ СЭҚ мәселелері бойынша министрліктер мен ведомстволардың міндеттеріне сәйкес қабылданған актілері жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.

2. СЭҚ-тің даму факторлары.

3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.

4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.

5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.

6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.

Әдебиет:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.

  2. Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.

  3. Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.

  4. Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.

  5. .Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.