
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •1 Тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті меллекеттік реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет туралы ұғым, оның тақырыбы, құқықтық қайнар көздері
- •2 Тақырып. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Тақырып. Сэқ-режимі сыртқы экономикалық қызметтегі операцияларды ұйымдастыру және оның техникасы
- •4 Тақырып. Лицензиялау және жеңілдіктер беру шетел инвестицияларының құқықтық режимі
- •5 Тақырып. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері шетелдіктер қатысушы кәсіпорындардың құқықтық жағдайы
- •2 Сабақ
- •2 Сабақ
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарыныңжоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •«Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиалық қоры
- •Дәрістер кешені
- •2 Дәріс тақырыбы. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Дәріс тақырыбы. Сэқ-режимі
- •4 Дәріс тақырыбы. Лицензиялау және жеңілдіктер беру. Сыртқы экономикалық мәліметтер жасау ерекшелігі мен оның түрлері.
- •5 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері
- •6 Дәріс тақырыбы. Арнайы экономикалық аймақтардың режимін құқықтық реттеу
- •7 Дәріс тақырыбы. Сэқ тарифтік тарифтік емес реттеу
- •8 Дәріс тақырыбы. Халықаралық мәселелерді орындау. Сэқ ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
- •9 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық дауларды шешу
- •10 Дәріс тақырыбы. Тауарларды сипаттау және қодтаудың үйлестірілген жүесі. Тауарларды бейнелеу және кодировка жасаудың үйлестірілген жүйесі Үйлестірілгенжүені қолданудың негізгі ережелері
- •11 Дәріс тақырыбы. Бұұ-ң кеңейтілген экономикалық топтар бойынша топтастыру. Тауарларды бөлімдерге топтастырудың қағидалары
- •13 Дәріс тақырыбы. Сандық кодтар. Кодтарды жазудың ерекшеліктері
- •14 Дәріс тақырыбы. Тмп-ң сэқ кн тмд-ң сэқ кн кодтарын құрудың мағыналақ жүктемесі
- •15 Дәріс тақырыбы. Тауарларды жария етудің негізгі ережелері
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2010-2011 Оқу жылына «сыртқы экономикалық қызметті құқықтық және кедендік-тарифтік реттеу» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық жургізу
- •Арнайландырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
3 Дәріс тақырыбы. Сэқ-режимі
Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.
Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
1. СЭҚ ҚР-ның шаруашылық қызметінің маңызды аясы ретінде.
2. СЭҚ-ті реттеудегі мемлекеттің ролі.
3. ҚР-сы Үкіметінің СЭҚ-ті жалпы басқарудағы қызметі.
4. ҚР-сы министрліктерінің СЭҚ аясындағы қызметі.
СЭҚ-тің жалпы принциптері.
Мемлекетердің табиғи ресурстары мен байлықтарынан ажыратылмйтын дербестік принципі СЭҚ-ті құқықтық реттеуде негізге алынатын принцип болып табылады. Принцип әрбір мемлекеттің барлық байлығына, табиғи ресурстары мен экономикалық қызметіне, ие болу, қолдану және пайдаға асыруды қоса алағнда, толық тұрақты дербестігін еркін жүзеге асырылуын қарастырады.
Мемлекетердің теңдігі және өзара пайдалылық принципі келісуші жақтардың тең құқықтары мен міндеттерін тануын және екіжақты және көпжақты экономикалық ынтымақтастықтан халықаралық міндеттемелерді адалдықпен орындау принциптерін мүлтіксіз сақтай отырып, өзара және әділ пайданы табуды қарастырады.
Экономикалық дискриминацияламау принципі. Осыған сәйкес әрбір мемлекеттің өзіне басқа мемлекетпен халықаралық экономикалық қатынастарда осы мемлекеттің барлық басқа елдерге берілетін жалпы жағдайларды алуға құқығы бар.
Экономикалық дискриминация деп қандай да болсын жеке мемлекетке немесе мемлекеттер тобына басқа барлық мемлекеттерге әдетінше берілетін жағдайлардан жаманырақ жағдайларды жасайтын мемлекеттің ерекше ережелерді қабылдауын немесе тағайындауын түсінеміз.
Сыртқы экономикалық қатынастарды ұйымдастыру формаларын еркін таңдау принципі. Халықаралық сауданы және экономикалық қатынастардың басқа формаларын жүзеге асырғанда әрбір мемлекет өзінің сыртқы экономикалық қатынастарын ұйымдастыру формаларын таңдауға және халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың екіжақты және көпжақты келісімдерін жасауға ерікті.
Мемлекеттердің сыртқы экономикалық қатынастары әртүрлі формаларда және олардың бірігу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Олар мынадай негізде құрылуы мүмкін:
- сыртқы саудада және СЭҚ-тің басқа түрлерінде мемлекеттік монополия;
- кедендік-тарифтік жүйе, бұл жүйе бойынша импорттық және экспорттық баждар белгіленеді және өндіріп алынады;
- лицензиялық жүйе, бұл жүйе бойынша тауарларды әкелу және әкету мүдделі жаққа әрбір жеке жағдайға және белгілі түрге және тауарлардың көлеміне (мөлшеріне) берілген лицензия негізінде жүргізіледі.
- сауда еркіндігі, яғни ешқандай мемлекеттік реттеусіз тауарларды еркін әкелу және әкету.
Ең қолайлы жағдай принципі немесе ең қолайлы режим жасалатын ұлт дегеніміз мемлекеттің басқа келісуші мемлекетке олардың өзара қатынастарының кейбір салаларында ең қолайлы (жеңілдіктер) жағдайлар жасау міндеттемелерін көрсетуі. Олардың әрекетте болуы немесе үшінші елдердің қайсысына болсын енгізілуі мүмкін.
Ұлттық режим принципінің мәні бір елдің немесе елдердің жеке және заңды тұлғалары толық немесе жарым-жартылай өздерінің құқықтарымен басқа мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларына жекелеген құқықтық қатынастар түрлері бойынша теңестіріледі.Бұл принциптің шарттық сипаты бар. Ұлттық режимнің мемлекеттердің сыртқы экономикалық қатынастарына таралуы тым осал елдің ұлттық өнеркәсібі пен саудасын тым күшті шетел капиталының бәсекелестігінен шын мәнінде өз мемлекетінің қорғауынан айырады.
Өзаралық принципі шетел мемлекетіне, оның жеке және заңды тұлғаларына белгілі құқықтарды, артықшылықтарды немесе жеңілдіктерді берумен білдіріледі. Бұл құқықтар оны беруші мемлекет, оның жеке және заңды тұлғалары осы шетел мемлекетінде ұқсас құқықтарды, жеңілдіктерді немесе артықшылықтарды пайдаланған жағдайда беріледі.
СЭҚ-тің арнайы принциптеріне жататындар: СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу принципі, экономикалық еркіндік принципі, бәсекелестік және монополизмнен қорғау принципі, СЭҚ субъектілерінің теңдік принципі, СЭҚ субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету принципі.
СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу принципі. СЭҚ-ті реттеу бойынша мемлекеттің іс-әрекет жүйесіне мыналар кіреді:
1) СЭҚ-ке қатысушыларды тіркеу;
2) кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа мүліктерді декларациялау;
3) тауарларды экспорттау және импорттау тәртібі;
4) СЭҚ-ті жедел реттеу шаралары.
СЭҚ-ті мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарына кедендік тарифтер мен сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес шаралары жатады.
Экономикалық еркіндік принципі. СЭҚ субъектілеріне қатысты экономикалық еркіндік принципі олардың дербес, әрекеттегі заңнамалар шеңберінде, СЭҚ-тің түрлерін, көлемдерін және бағыттарын анықтайды.
Бәсекелестік және монополизмнен қорғау принципі экономиканың даму негізі болып табылады. ҚР-сы АК-нің 11 бабында келтірілген бұл принцип заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға бағытталған монополистік қызметке жол бермейді.
СЭҚ субъектілерінің теңдік принципі, біріншіден, СЭҚ-ке қатысушылардың заң алдында бірдей жауапкершілігін, екіншіден СЭҚ-ке қатысушылардың арасындағы қатынастарда теңдігін білдіреді.
СЭҚ субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету принципі. Кәсіпкерлік қызмет (оның ішінде СЭҚ) құқықтық қорғауға мұқтаж. Оны мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтық мүдделерінің сақталуын кепілдік белгілеу арқылы қамтамасыз етеді.
Ең алдымен, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еріктілігіне кепілдік береді және оны қорғауды және қолдауды қамтамасыз етеді (ст.26 ҚР-сы Конституциясының 26 бабы, ҚР-сы АК-нің 10 бабының 2 тармағы). СЭҚ-ке қатысушылардың жедел шаруашылық қызметіне араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Олардың заң бойынша тиым салынған СЭҚ-тің түрлерінен басқаларының қайсысымен болса да айналасуына мүмкіндігі бар.СЭҚ құқығы қайнар көздерінің оның тақырыбы сияқты екі жақты сипаты бар. СЭҚ-ті құқықтық қамтамасыз етуді мемлекет жүзеге асырады біріншіден, халықаралық жариялық құқығы (СЭҚ-ті халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету) нормаларының, және, екіншіден, азаматтық құқық (СЭҚ-ті ішкі мемлекеттік қамтамасыз ету) нормаларының көмегімен. Сондықтан СЭҚ құқығы қайнар көздері, бір жағынан - халықаралық келісім шарттар, әдеттер (халықаралық-құқықтық және сыртқы сауда) және халықаралық ұйымдар мен конференциялардың шешімдері, екінші жағынан - ішкі мемлекеттік (негізінен шаруашылық) заңнамасы болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.
2. СЭҚ-тің даму факторлары.
3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.
4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.
5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.
6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.
Әдебиет:
Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.
Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.
Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.
.Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.