- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •1 Тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті меллекеттік реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет туралы ұғым, оның тақырыбы, құқықтық қайнар көздері
- •2 Тақырып. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Тақырып. Сэқ-режимі сыртқы экономикалық қызметтегі операцияларды ұйымдастыру және оның техникасы
- •4 Тақырып. Лицензиялау және жеңілдіктер беру шетел инвестицияларының құқықтық режимі
- •5 Тақырып. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері шетелдіктер қатысушы кәсіпорындардың құқықтық жағдайы
- •2 Сабақ
- •2 Сабақ
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарыныңжоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •«Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиалық қоры
- •Дәрістер кешені
- •2 Дәріс тақырыбы. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Дәріс тақырыбы. Сэқ-режимі
- •4 Дәріс тақырыбы. Лицензиялау және жеңілдіктер беру. Сыртқы экономикалық мәліметтер жасау ерекшелігі мен оның түрлері.
- •5 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері
- •6 Дәріс тақырыбы. Арнайы экономикалық аймақтардың режимін құқықтық реттеу
- •7 Дәріс тақырыбы. Сэқ тарифтік тарифтік емес реттеу
- •8 Дәріс тақырыбы. Халықаралық мәселелерді орындау. Сэқ ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
- •9 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық дауларды шешу
- •10 Дәріс тақырыбы. Тауарларды сипаттау және қодтаудың үйлестірілген жүесі. Тауарларды бейнелеу және кодировка жасаудың үйлестірілген жүйесі Үйлестірілгенжүені қолданудың негізгі ережелері
- •11 Дәріс тақырыбы. Бұұ-ң кеңейтілген экономикалық топтар бойынша топтастыру. Тауарларды бөлімдерге топтастырудың қағидалары
- •13 Дәріс тақырыбы. Сандық кодтар. Кодтарды жазудың ерекшеліктері
- •14 Дәріс тақырыбы. Тмп-ң сэқ кн тмд-ң сэқ кн кодтарын құрудың мағыналақ жүктемесі
- •15 Дәріс тақырыбы. Тауарларды жария етудің негізгі ережелері
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2010-2011 Оқу жылына «сыртқы экономикалық қызметті құқықтық және кедендік-тарифтік реттеу» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық жургізу
- •Арнайландырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
2 Дәріс тақырыбы. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.
Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
1. СЭҚ туралы ұғым және оның принциптерін жіктеу.
2. СЭҚ қайнар көздері туралы ұғым және оның түрлері.
3. СЭҚ-тің халықаралық-құқықтық және ішкі құқықтық қайнар көздері.
4. Халықаралық құқықтық әдет ИНКОТЕРМС-2000.
Әдебиет: 11, 19-21, 23
СЭҚ-тің мақсаттылық, прагматикалық сипаты болуы керек, ал осы салада қызмет істеуге қабілеттенген адамдар осы қызметтің соларға сәйкес дамитын және дамуына қажет ережелерді білуі керек. Міне осы ережелердің, нормалардың жиынтығы СЭҚ-ті берілген қайсы бір бағыттарға беттеуге шақыратын СЭҚ құқығын құрайды. Бұл ережелер заңдарда, қаулыларда, ҚР-сы Президентінің басқа актілерінде берілген. Қазақстан экономикасы жағдайына байланысты, кейде саяси жағдайларға, көбінесе қазақстан экономикасын және оның тауар шығарушыларын қорғау мақсатында олардың өзгеруі, түрлерінің өзгеруі мүмкін. Міне сонда СЭҚ құқығы да өзгереді.
СЭҚ құқығы деп сыртқы экономикалық саладағы, сыртқы экономикалық қатынастардағы ҚР-сы қызметінің әртүрлі аспектерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Сонымен қатар бұл жиынтыққа халықаралық конвенциялардың, халықаралық тәжірибелердің нормаларымен белгіленген нормалардың кірмеуі мүмкін емес.Халықаралық экономикалық қатынастар реттеу заты бойынша болсын, субъектілері бойынша болсын күрделі және әр алуан. Бұл қатынастардың мазмұнын сауда, өндірістік, валюталық-кредиттік, ғылыми-техникалық, көліктік қатынастар құрайды. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің белгілі ерекшеліктері бар, үйткені халықаралық экономикалық қатынастар әртүрлі елдердің жеке және заңды тұлғаларының арасында болсын, мемлекеттер арасындағы қатынастарды болсын қамтиды. Халықаралық экономикалық қатынастардың бір жағынан дамуы және олардың мемлекеттік реттеуге бағынуы - екінші жағынан СЭҚ екі аспектіде қаралуы мүмкін екендігі туралы қортындыға келуге мүмкіндік береді: біріншіден, басқа елдермен сауда, экономика, техника, мәдениет, туризм салаларында ынтымақтастықты дамыту ретіндегі мемлекет қызметі, екінші жағынан , тауарлар (өнімдар) және капиталдың (қаржылық құралдардың) мемлекеттік кеден шекарасы арқылы өткізілуімен байланысты кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ шетел мемлекеттері аумағында қызмет көрсету және жұмыстар жүргізу.
Сондықтан СЭҚ-ті құқықтық реттеудің дуалистік (екі жақты) сипаты бар. Бір жағынан ол халықаралық жариялық құқығы нормаларының көмегімен, екінші жағынан - азаматтық құқықтың көмегімен жүзеге асырылады. СЭҚ құқығы затының дуализмі оның принциптері мен қайнар көздерінің дуализміне апарады.
СЭҚ принциптерінің ұғымы және оларды жіктеу. СЭҚ-ті құқықтық реттеудің негізін оның принциптері құрайды. СЭҚ құқығы принциптерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
Мемлекеттердің СЭҚ тәртібін реттейтін жалпы принциптер.
СЭҚ құқығының арнайы принциптері.
Жалпы принциптер ХЭҚ аясында әрекет жасайтын - мемлекеттер және басқа да халықаралық құқық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін принциптер мен нормалардың жиынтығы - халықаралық жариялық құқықтың саласы болып табылады.
Мемлекеттердің СЭҚ-ін реттейтін жалпы приннциптеріне мыналар жатады:
Мемлекетердің табиғи ресурстары мен байлықтарынан ажыратылмйтын дербестік принципі.
Мемлекетердің теңдігі және өзара пайдалылығы принципі.
Экономикалық дискриминацияламау принципі.
Сыртқы экономикалық қатынастарды ұйымдастыру формаларын еркін таңдау принципі.
СЭҚ-тің жалпы принциптеріне сонымен қатар келісім шарт сипаты бар мемлекеттердің СЭҚ принциптерін жатқызуға болады:
Ең қолайлы жағдай принципі.
Ұлттық режим принципі.
Өзаралық принцип і.
СЭҚ құқығының арнайы принциптері болып табылады:
СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу принципі.
Экономикалық еркіндік принципі.
Бәсекелестік және монополизмнен қорғау принципі.
СЭҚ субъектілерінің теңдік принципі.
СЭҚ субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету принципі.
Бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.
2. СЭҚ-тің даму факторлары.
3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.
4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.
5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.
6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.
Әдебиет:
Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.
Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.
Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.
.Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.
