
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Астана 2012
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Тақырыбтардың мазмұны
- •1 Тақырып. Сыртқы экономикалық қызметті меллекеттік реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет туралы ұғым, оның тақырыбы, құқықтық қайнар көздері
- •2 Тақырып. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Тақырып. Сэқ-режимі сыртқы экономикалық қызметтегі операцияларды ұйымдастыру және оның техникасы
- •4 Тақырып. Лицензиялау және жеңілдіктер беру шетел инвестицияларының құқықтық режимі
- •5 Тақырып. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері шетелдіктер қатысушы кәсіпорындардың құқықтық жағдайы
- •2 Сабақ
- •2 Сабақ
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Пән бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Дәрістің күнпарақтық жоспары
- •Дәріс, тәжірибе, соөж сабақтарыныңжоспары
- •Білімді бақылау түрлері
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету Негізгі әдетиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •«Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиалық қоры
- •Дәрістер кешені
- •2 Дәріс тақырыбы. Сэқ-ті құқықтық реттеудің қайнар көздері
- •3 Дәріс тақырыбы. Сэқ-режимі
- •4 Дәріс тақырыбы. Лицензиялау және жеңілдіктер беру. Сыртқы экономикалық мәліметтер жасау ерекшелігі мен оның түрлері.
- •5 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық мәліметтердің субъектілері
- •6 Дәріс тақырыбы. Арнайы экономикалық аймақтардың режимін құқықтық реттеу
- •7 Дәріс тақырыбы. Сэқ тарифтік тарифтік емес реттеу
- •8 Дәріс тақырыбы. Халықаралық мәселелерді орындау. Сэқ ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
- •9 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық дауларды шешу
- •10 Дәріс тақырыбы. Тауарларды сипаттау және қодтаудың үйлестірілген жүесі. Тауарларды бейнелеу және кодировка жасаудың үйлестірілген жүйесі Үйлестірілгенжүені қолданудың негізгі ережелері
- •11 Дәріс тақырыбы. Бұұ-ң кеңейтілген экономикалық топтар бойынша топтастыру. Тауарларды бөлімдерге топтастырудың қағидалары
- •13 Дәріс тақырыбы. Сандық кодтар. Кодтарды жазудың ерекшеліктері
- •14 Дәріс тақырыбы. Тмп-ң сэқ кн тмд-ң сэқ кн кодтарын құрудың мағыналақ жүктемесі
- •15 Дәріс тақырыбы. Тауарларды жария етудің негізгі ережелері
- •Семинарлық сабақтың жоспары
- •Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2010-2011 Оқу жылына «сыртқы экономикалық қызметті құқықтық және кедендік-тарифтік реттеу» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •Бірінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Екінші аралық бақылау үшін бақылау сұрақтары
- •Емтихан сұрақтары:
- •Тест сұрақтары:
- •A) декларативті, позитивті
- •Дұрыс жауаптар: 1)а; 2)е; 3)с; 4)с; 5)в;
- •Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық жургізу
- •Арнайландырылған аудиториялар, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
Дәрістер кешені
1 Дәріс тақырыбы. Сыртқы экономикалық қызметті меллекеттік реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет туралы ұғым, оның тақырыбы, құқықтық қайнар көздері
Кіліт сөздер: Сыртқы экономикалық қызмет, құқық, режим тұрлері.
Дәрістің мақсаты: барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөліп теорияларының қалыптасуына тұсінік беру және талдау
Дәріс жоспары:
1. ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің даму факторлары .
3. СЭҚ туралы ұғым, оның тақырыбы, СЭҚ құқығының субъектілері және объектілері.
4. СЭҚ құқығы.
Қандай да болсын мемлекеттің экономикалық өміріндегі маңызды саласы СЭҚ болып табылады. Сондықтан барлық елдер сыртқы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге көп көңіл бөледі.
Қазіргі жағдайда сыртқы экономикалық қатынастар барлық дерлік елдерде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне әсер етеді. Бұл әсерлер мемлекет деңгейінде болсын, аймақтар және жеке кәсіпорындар деңгейінде болсын жүзеге асырылады. Сыртқы экономикалық қатынастар дегеніміз халықаралық сауда -экономикалық байланыстар болып табылады, олар әртүрлі фирмалардың жиынтығының, елдер арасындағы сыртқы сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік, валюта-қаржылық, несиелік қатынастардың құралдары, методтары болып көрінеді.
Сыртқы экономикалық қызметті сыртқы экономикалық қатынастардың бір аспекті ретінде ретінде, атап айтқанда кәсіпорындар мен мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы ретінде түсінеміз. Дербестік шетелдік әріптесті таңдаудан және экспорттық-импорттық келісімдер үшін тауарлардың номенклатурасын (тізімін) таңдаудан, бағаларды белгілеуден, СЭҚ-тің түрі мен формасын анықтаудан көрінеді.
СЭҚ-тің қатынастардың екі жақты сипаты бар. Бір жағынан экономикалық қатынастар билік пен басқарудың әртүрлі органдары айналысатын мемлекеттер арасындағы қатынастардан құралады. Екінші жағынан сыртқы экономикалық ынтымақтастық әртүрлі мемлекеттердің заңды тұлғалары, жеке тұлғалары арасындағы қатынастардан құралады. Қатынастардың екі тобының әртүрлі заңдылық мәні бар. Егер бірінші топтың жариялылық-құқықтық мәні болса, ал екіншісі жеке-құқықтық қатынастар саласына жатады.
ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметінің ерекшеліктері. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әртүрлі мемлекеттермен сыртқы экономикалық қатынастарды қарқынды дамыта бастады.. Бұл қатынастардың тереңдеуі қазіргі заманның ереше сипаты болып табылады. Олардың қарқынды дамуы барлық елдердің алдарында тұрған жаһандану мәселелерін, атап айтқанда энергия ресурстарымен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау және тағы басқаларды келісіп шешудің қажеттігімен анықталады. Сондықтан мемлекеттердің сыртқы экономикалық ынтымақтастығы құқықтық реттеуді талап етеді, үйткені мұндай реттеусіз ынтымақтапстық жанжақты, нәтижелі және жемісті болмайды.
Сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі формалары. Бұларға жататындар:
1. Сыртқы сауда қатынастары. Бұл форманың көмегімен кең тұтынатын тауарларды., сондай-ақ азық-түлік және шикізат тауарларын сатып алу-сату жүзеге асырылады. Сонымен қатар өнеркәсіптік тұтыну үшін өнімдермен алмасу жүргізіледі.
2. Бірлескен кәсіпорындар құру. Сыртқы экономикалық қатынастардың бұл формасы өнеркәсіп саласында шетел компанияларын тарту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
3.Қызмет көрсету. Халықаралық бизнесте делдалдық, банктік, биржалық қызмет көрсету, сақтандыру, туризм, жүктерді халықаралық тасымалдау кең таралған. Быстро растет объем услуг, который оказывают компьютерные сети, имеющиеся сейчас Әлемнің барлық дамыған елдерінде бар компьютерлік жүйелер көрсететін қызмет көлемі тез өсуде.
3. Ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастық.. Сыртқы экономикалық қатынастарда ғылыми, техникалық, экономикалық ынтымақтастық және әртүрлі көмек көрсету көп тарала бастады. Жаңа индустриалдық елдердің үкіметтері студенттер алмасуды, әртүрлі халықаралық конференциялар мен көрмелерді жүргізуді, оқу үшін гранттар беруді және жекелеген зерттеулерді және т.б. дамытуды қолдана бастады.
2. СЭҚ-ті реттеу және басқару
СЭҚ-ті дамытудың жалпы факторларына мыналар жатады:
1. Әлемнің әртүрлі елдерінің экономикалық дамуының біркелкі еместігі..Әрбір елдің өзінің меншікті салаларының құрылымы, өз өнеркәсібінің, ауылшаруашылығының, көлігінің, байланысының, қызмет көрсету саласының даму деңгейі, экономикада өзіне тән мамандануы бар.
2. Өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық өндірісінің мамандануы сыртқы сауданың дамуына күшті түрткі жасайды. Бұл аумағы және халқының саны жағынан кішірек дамыған елдер үшін өте өзекті мәселе болып табылады.
3. Адамдар, шикізат, қаржы ресурстарының айырмашылығы.Әлемде жыл сайын жұмыс іздеп 25 млн. адам қоныс ауыстырады.
4. Пайдалы қазбалардың негізі үлесін құрайтын шикізат ресурстарының алуан түрлілігі әлем елдерінің арасында сауда қатынастарын орнатуға объективті түрде мүмкіндік туғызады және т.б.
Әлемдік экономикадағы СЭҚ-тің даму нәтижелеріне мыналарды жатқызуға болады:
- халықаралық еңбек бөлісудіің әрман қарай тереңдеуі;
- сыртқы сауданы, бірлескен кәсіпкерлікті белсенді жүзеге асырушы және сыртқы экономикалық қатынастардың басқа формаларына қатысушы елдердегі қоғамдық жұмыстарды үнемдеу;
- еңбек нәтижелерімен қарқынды және ұтымды алмасу;
- саяси, ғылыми, техникалық, мәдени және басқа да қатынастарды мұнан былайғы нығайту;
- ұлтаралық (транснациональдық) корпорациялардың және концерндердің табысты жұмыс істеуі.
СЭҚ құқығы ұғымы, тақырыбы, субъектері,
СЭҚ құқығы объектері.
ҚР-сы СЭҚ-нің субъектілері мемлекеттің өзі, республиканың аумағында жұмыс істейтін отандық болсын, шетелдік болсын заңды тұлғалар, сондай-ақ отандық болсын, шетелдік болсын жеке тұлғалар болып табылады.
ҚР-сы СЭҚ-ті құқығының қолданылу аясы ҚР-ның бүкіл аумағы, сондай-ақ келісушілердің бір жағы ҚР-сы болып табылатын сыртқы экономикалық келісімдер мен контрактар жасалатын және олар орындалатын мемлекеттердің аумағы болып табылады.
СЭҚ құқығы негізінен ішкі құқық тобына жатады. Бірақ оның халықаралық құқықпен: жариялық құқықпен болсын, жеке құқықпен болсын тура қатынасы және байланысы бар. СЭҚ құқығы - қолданбалы ғылым, ол өз тақырыбы шеңберінде ҚР-ның СЭҚ-ін тікелей реттейтін мемлекеттік құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық, қаржылық құқық нормаларын оқып біледі.
СЭҚ құқығы объектісі дегеніміз - ҚР-ның шаруашылық субъектілерінің басқа мемлекеттердегі серіктерімен бір себептерге байланысты құқықтық қатынастарға түсуі мүмкіндігі. Басқаша айтқанда объект дегеніміз материалды және и материалды емес игіліктер, көбінесе мемлекеттің құзырына жататын әрекеттер және әрекет жасаудан тартыну болып табылады.
Халықаралық экономикалық құқықпен (ХЭҚ) СЭҚ-тың, Халықаралық жеке құқықпен (ХЖҚ) СЭҚ-тың ара қатынастары. СЭҚ құқығы - қандай да болсын мемлекеттің, соның ішінде ҚР-ның, көбінесе ішкі құқық аясы болып табылапды.
ХЭҚдегеніміз - халықаралық жариялық құқығының (ХЖҚ) бір саласы. Мұнда басты қайнар көз көбінесе көпжақты сипаттағы экономикалық мәселелер бойынша халықаралық келісім шарттар болып табылады. Мемлекеттің сыртқы экономикалық мәселелер бойынша ішкі заңнамасы егер ХЭҚ-тың қайнар көзі болса да тек жанама қайнар көз болып табылады.
Экономикалық мәселелер бойынша көбінесе екіжақты халықаралық келісім шарттар СЭҚ құқығының жанама қайнар көзіне жатқызылуы мүмкін.
Шын мәнінде барлық мемлекеттер, БҰҰ өзінің экономикалық органдарымен, мамандандырылған мекемелерімен, басқа да халықаралық ұйымдар ХЭҚ-тың субъектілері болып табылады. СЭҚ құқығының субъектілері шаруашылық қатынастарына қатысушы ретінде мемлекет, сыртқы экономикалық ынтымақтастықта жұмыс істейтін оның заңды және жеке тұлғалары болып табылады.
СЭҚ құқығы өзінің мазмұны бойынша ХЖҚ-қа жуық. Бірақ мұнда да өздерінің ерекше белгілері бар.
ХЖҚ-на да және СЭҚ құқығына да мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық, сыртқы экономикалық қатынастарды реттеу ортақ болып табылады.
ҚР-ның құқықтық жүйесінде шаруашылық таластарын шешу үшін мемлекеттік соттар, ауданаралық экономикалық соттар және Сауда-өнеркәсіп палатасының арбитраждық соты бар. ҚР-сы СЭҚ-нің нормаларының жүзеге асырылуын тек қана мемлекеттік соттар қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге құқық жасау механизмі арқылы заңдардың, қаулылардың және басқа да нормативтік актілердің кейбір ережелерін өзгерту, жою.
Халықаралық экономикалық қатынастар реттеу заты бойынша болсын, субъектері бойынша болсын күрделі және алуан түрлі. Бұл қатынастардың мазмұнын сауда, өндірістік, валюталық-несиелік, ғылыми-техникалық, көліктік және басқа да шаруашылық қатынастары құрайды. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің белгілі ерекшеліктері бар, үйткені халықаралық экономикалық қатынастар әртүрлі елдердің жеке және заңды тұлғаларының арасындағы қатынастарды қамтып қана қоймай, мемлекеттер арасындағы қатынастарды да қамтиды.
СЭҚ-ті құқықтық реттеудің дуалистік (екі жақты) сипаты бар. Бір жағынан ол халықаралық жариялық құқығының нормаларымен, екінші жағынан азаматық құқық нормаларымен жүзеге асырылады. СЭҚ құқығы затынның дуализмі оның принциптері мен қайнар көздерінің дуализміне әкеп соғады..
Бақылау сұрақтары:
1. Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) туралы ұғым.
2. СЭҚ-тің даму факторлары.
3. СЭҚ құқығының ұғымы, тақырыбы, субъектілері, СЭҚ құқығының объектілері.
4. СЭҚ принциптері туралы ұғым және оны жіктеу.
5. СЭҚ-тің жалпы принциптері.
6. СЭҚ-тің арнайы принциптері.
Әдебиет:
Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения. Учебное пособие. -М.: ИВЦ «Маркетинг», 1996.
Ахмадиева Г.Д. Некоторые вопросы регулирования внешнеэкономических контрактов./ Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994, № 4.
Байдуллаев Б.Б., Краснощекова Е.А. Кеден ісін ұйымдастыру. Қарағанды, КЭУК, 2004.
Богуславский М.М. Иностранные инвестиций: правовое регулирование.–М.: Бек, 1996.
.Бровкова Е.Г., Продиус И.П. Внешнеэкономическая деятельность. М., 2000.