
- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
- •КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде. КӘсіпкерлік типологиясы
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
- •3 Тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
- •4 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері
- •2 Модуль. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық – құқықтық формалары
- •7 Тақырыб. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-экономикалық түрлері
- •8 Тақырып. Туристік кәсіпорынның құрылуы, оның құрылымы.
- •Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау- келген туристерге жинақты қызметтерді көрсетеді.
- •9 Тақырып. Туристік фирманың беделі. Туристік қызмет көрсетудегі сапа мен мәдениет.
- •3 Модуль. КӘсіпкер жұмысындағы маркетинг жӘне менеджмент
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және іске асыру
- •11 Тақырып. Бизнес – жоспар
- •12 Тақырып. Кәсіпкерлік келісім шарт туралы жалпы түсінік. Келісімнің шарттары.
- •13 Тақырып. Жалға алу.
- •14 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелдер
- •15 Тақырып. Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі.
8 Тақырып. Туристік кәсіпорынның құрылуы, оның құрылымы.
Туркәсіпорынды ұйымдастыру.
Туристік кәсіпорынның құрылысы.
Туристік фирма басшысының қызметі.
Туристік кәсіпорынды ашпас бұрын оның негізгі мақсаттары анықталады. Туристік фирма - ол заңды құқықтық табысы бар, шетел және мемлекет азаматтарына туризм саласында төлемақы, қызмет көрсететін мекеме.
Кез- келген туристік кәсіпорын келесідей мақсаттардан тұрады:
жорыққа шығу;
саяхат жасау;
экскурсия өткізу;
көп адамдарды қатыстыру;
адам күту сапасын ұлғайту;
қаражат шаруашылық жұмыстарын бұзбау.
Әрбір туристік фирма өз жұмыстарын заңмен берілген құқықтармен пайдаланады. Фирма меншігі жарғылық қоры, банкідегі төлемақы шоты, жеке балансы, фирманың аты жазылған мөрі, туризммен айналысуға болатын рұқсат қағазы болуы керек. Туристік кәсіпорындар және олардың серіктестері арасындағы қатынастар өзара тиімді, қолайлы жағдайда келісім арқылы екі жақтық жазылған шарттарда анық көріну керек.
Кез - келген туристік фирманың қатал құрылысы жоқ, алғашқыда адам саны
(2-3) болса фирма ұлғайған сайын адам саны да көбейе түседі.
Туристік фирма басшысының қызметі:
Ұйымдастыруда қаражат шығындарын өз мойнына алады;
Кадр мәселесін шешеді;
Туристік фирма атынан басқа серіктестермен және т.б мекемелермен шарттармен қамтамасыз етеді;
Жаңа туристік турлар мен жорықтар ұйымдастырады, оларды жасауда арнайы құжаттар дайындайды;
Келіскен шарт бойынша туристерді орналастырады, уақытында және дұрыс төленген, өзгерген жұмыс ақысын тексеріп тұрады. Туристердің міндетерін қамтамсыз етеді.
Банкілерде төлемақы және т.б шоттарды ашады, заңмен сәйкес қаражат шаруашылық жұмыстарын жүргізеді.
Турфирма мекен – жайына келген құнды заттар және фирманың заттарындағы хабарларды алып тұрады.
Заң органдарында мемлекеттік және халықаралық сот органдарында т.б құрылымдарда өз мекемесінің атынан бір өкіл басшының атынан шығуы мүмкін. Басшы сенім хат тастаған жағдайда ғана өкіл немесе орындаушыға береді. Әрбір қызметкер орны сақталады. Мысалы, бір адам іс-сапармен кетсе, орны сол күйінде қалуы тиіс.
Материалдық жағынан мемлекеттік органдар- салық полициясына, статистика және талдау басқармасына, туризм департаментіне, т.б. инспекцияларға есеп беруге туристік фирма басшысы мен бас бухгалтер жауапты.
Басшы қызметкерлердің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру керек. Олар:
1) көлік саяхаттары маршруттарын ұйымдастыруда көмек көрсетеді;
2)саяхат қызметтерін, оның мазмұны, бағасы, төлемақысы және т.б. сұрақтармен таныстырады;
3) мәлімдемелерді қабылдау, диспетчерлік журналға кіргізу;
4) тапсырушыларға есеп беру;
5) тапсырушылар құжаттарын , рұқсат қағаз және визаларды даярлау;
6) туристерді жіберу мен қабылдау жұмыстарын тексеру;
7) егер де экскурсиялық жұмыстар өзгерілсе, ауыстырылса онда тапсырушыға хабар беру;
8) есеп жүргізу;
Туристік фирма жұмыстарын анық бөлу үшін картотека жинағын жүргізу керек. Олар келесідей бөліктерден тұрады:
1) көлік мекемелері туралы хабар;
2) елшілік және өкілет жайлы мәліметтер;
3) орналастыру орындары- қонақ үй, пансионат, турбазалар жайлы мәліметтер;
4) тамақтану орны жайлы мәліметтер;
5) мәдени- ағарту мекемелері;
6) экскурсиялық қызметтер, жүргізу уақыты және экскурсия жүргізуші аты;
7) ойын- сауық мекемелері;
8) қызмет көрсету үшін шарт жасайтын мекемелер;
9) инструкторлар мен экскуосоводтардың жүргізетін экскурсияларының тақырыптары. Жорыққа шығу категориясы.
Картотекалар бойынша әрбір фирма олардың істелуіне қарай міндеттері жасалады.