Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
537.6 Кб
Скачать

3 Тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті

  1. Кәсіпкерлік ортаның мәні.

  2. Сыртқы кәсіпкерлік орта.

  3. Нарық – кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы.

  4. Ішкі кәсіпкерлік орта.

Кәсіпкерлік ортаның мәні. Жоғарыда атап кеткендей, кәсіпкелік елде белгілі бір сыртқы және ішкі факторлардың, өркениетті кәсіпкерліктің дамуына жақсы мүмкіндіктер туғызып, қамтамасыз ететін жағдайлардың арқасында ғана дами алады, яғни белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасқан болса.

Кәсіпкерлік ортаның астарынан нарықтық-экономиканың барлық субъектілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпкерлік әрекетпен айналыса алатын еңбекке қабілетті азаматтарды экономикалық бостандықпен қамтамасыз ететін елдегі қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық, саяси, азаматтық – құқықтық жағдайларды түсінеміз.

Кәсіпкерлер алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруда табысқа жетуіне, кәсіпкерлік жобалар мен келісім – шарттарда іске асыруға, кіріс алуға мүмкіндік беретін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы негізінде және кәсіпкерлік орта құрайтын белгілі бір жағдайлар негізінде қызмет етеді. Күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз сыртқы және кәсіпкерлер тікелей қалыптастыратын ішкі орта болып бөлінеді.

Кәсіпкердің табысқа жетуі оның қызмет ету жағдайларына байланысты. Осы жағдайлардың бірнешеуін келтірейік;

Кәсіпкерлік орта – бұл кәсіпкерліктің нәтижелеріне әсер ететін, оны жүзеге асыратын қоғамдық жағдайлар. Сол қоғамдық жағдайлардың келесідей топтарын ажыратады:

Экономикалық жағдайлар – бұл тауарлардың ұсынысы және оларға деген төлемге қабілетті сұраныс; кәсіпкерлікке арналған заемдық қарыз құралдардың мөлшері және қол жетерлілігі; альтернативтік қызметтердің және олардың бағасының болуы; нарықтың инфрақұрылымның дамығыштығы; бәсекелестік жағдайдың болуы.

Әлеуметтік жағдайлар - бұл қоғамның кәсіпкерлікті дамыту жолдары мен оған деген қатынас туралы түсінігі; мемлекеттің (басқару аппаратының) кәсіпкерлікке қатынасы; кәсіпкер іскерлікке қарым-қатынасқа түсетін мамандардың білім деңгейі.

Құқықтық жағдайлар – бұл кәсіпкерлік әрекетті реттеп отыратын және кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызатын заңдық актілер. Ең маңызды заң ол кәсіпкерлік әрекеттің кепілділігі, меншікке құқықтылық және келісім-шарт міндеттемелерін сақтау туралы заңдар болып табылады.

Сыртқы кәсіпкерлік орта. Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы елдегі, жекелеген аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына едәуір әсер етеді. Сыртқы кәсіпкерлік орта дегенде кәсіпкерліктің құрылуы, қалыптасуы, дамуына тікелей және жанама әсер ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығын түсінеміз. Сыртқы орта кәсіпкерлер тұрғысынан алғанда объективті орта болып табылады және адамның тілегінен тәуелсіз түрде әрекет етеді. Көздеген табысқа жету үшін кәсіпкерлер барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы білулері тиіс. Осы факторларды білу оларға өз бизнестерінің ақырғы нәтижелерін алдын-ала болжауға көмектеседі. Сыртқы экономикалық орта келесідегідей жүйелерді қамтиды:

– елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;

– қоғам мен мемлекет дамуының қалыптылығын сипаттайтын саяси жағдай;

– кәсіпкерліктің және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің жауапкершілігін, міндеттерін, құқықтарын белгілейтін құқықтық орта;

– мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлікті қолдау;

– жұмыссыздық деңгейімен, тұтынушылардың, халықтың сұранысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай;

– халыққа кәсіпкерлік бизнестің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін білім деңгейін айқындайтын мәдени орта;

– ғылыми – техникалық, технологиялық орта;

–кәсіпкерліктің дамуына қажетті табиғи өндірістік факторлардың жеткілікті түрде болуы;

– кәсіпкерлік ұйымдардың қызмет ету процессіне әсер ететін климаттық жағдайлармен байланысты физикалық орта;

– табиғи катаклизмдердің жоқ болуы;

– іскер байланыстарды, коммерциялық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен қамтамасыз ететін ұйымдардың жеткілікті болуын куәландыратын институциональды – ұйымдық орта;

Сыртқы кәсіпкерлік ортаның басқа да жүйелерін қарастырмай-ақ даму жағынан кәсіпкерлікке маңызды болып табылатын институциональді ұйымдық ортаға қысқаша мінездеме беріп кетейік.

Мұндай институттарға жататындар: коммерциялық банктер және басқа да қаржылық-несиелік ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, жарнамалық компаниялар, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, консалтинг, аудит секілді кәсіби қызметтер бойынша мамандандырылған ұйымдар, кәсіпкерлік ұйымдарға арналған мамандар дайындайтын оқу орындары, нарықты зерттейтін компаниялар, шикізат, материал, энергия, жылу басқа да қызмет түрлерін тасымалдаушыларды зерттеу орындары.

Нарық - кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы. Егер елде нарық болмаса, онда кәсіпкерлік те болмайды. Ғылыми әдебиеттерде нарыққа берілген көптеген анықтамаларын сараптай келе келесідей ой тұжырымдалады. Нарық дербес, бөлек шешім қабылдай алатын субъекттер арасындағы қарым-қатынас формасы. Нарық бұл күрделі және көп құрылымды экономикалық құбылыс, бұл сұраныс пен ұсыныстың қосындысы, бұл кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы тауарды сату-сатып алумен байланысты қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас формасы. Тек нарықта ғана өндірілген тауардың нақты бағасы анықталады. Осыған байланысты нарық кәсіпкерлердің тірішілік ету ортасы болып қоймай, елде кәсіпкерліктің дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі нарық кәсіпкерлерге тауардың көлемі мен түрлерін сату және шығарудың әдістеріне еркіндік беретін қалыптасқан, ұйымдасқан жүйе болып табылады. Ол барлық тұтынушыларға сатып алу еркіндігіне кепілдік береді. Ешкім заңды түрде біреуді бір нәрсені өндіруге немесе сатып алуға күштей алмайды.

Ешбір елде еркін нарық болмайды, өйткені оған белгілі экономикалық жағдай жоқ. Керісінше жеке меншіктің әртүрлі формалары бар бәсекелестік нарық болады. Мұнда мемлекеттік емес меншіктер басым болады. Дамыған нарықтық инфрақұрылымның негізігі үш элементі бар: тауарлар және қызмет нарығы, өндіріс нарығы және қаржы нарығы.

Дамыған бәсекелестік нарық күрделі құрылымымен және күрделі жүйемен (биржа, коммерциялық банктер, аудиторлық мекемелер, сақтандыру компаниялары, жарнамалық компаниялар, кәсіпкерлер ассоциациясы және т.б.) ерекшеленеді.

Қазіргі нарық әртүрлі категориялар бойынша топтастырылады:

а) нарықтық қарым-қатынастағы экономикалық бағыты бойынша – тұтынушылардың тауар және қызмет нарығы, өндіріс нарығы, тауараралық нарық, ноу-хау нарығы (патенттелмеген техникалық маңызы бар ақпараттар, формула, документация, өндірісті ұйымдастыру схемалары) шикізат нарығы, еңбек нарығы, бағалы қағаздар нарығы және т.б.;

б) географиялық ауқымы бойынша – жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік;

в) бәсекені шектеу дәрежесі бойынша – монополистік, олигополистік, монопсонистік, еркін, аралас;

г) әрекет етуші заң шеңберінде – заңды және заңсыз;

д) сала бойынша – көліктік, компьютерлік, мұнай, газ, туризм және т.б.;

е) нарықтық қатынастарды ұйымдастыру түріне қарай – көтерме және бөлшектік, экспорттық, импорттық.

Нарықтың басқа экономикалық саламен салыстырғанда басым артықшылықтары бар. Біріншіден, нарықта барлық ресурстар түрлері тиімді сатылады. Нарық тұтунышыларға қажетті тауар өндірісіне ғана бағыттайды. Екіншіден, әрбір адамда нарық туралы экономикалық ақпараттар : (бағалар, бәсекелестер, өндіріс көлемі сияқты мәліметтер) болғанда қалыптасады. Үшіншіден, нарықтың артықшылығы болып өндіріс жағдайларының өзгеруіне бейімділігі табылады. Төртіншіден, нарыққа қатысушылардың ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін оңтайлы қолданылуында. Бесіншіден, кәсіпкерлер еркін таңдау мен әрекеттерге құқылы. Олар шешім қабылдауға , әртүрлі келісімдер жүргізуге ешкімге тәуелсіз. Алтыншыдан, нарық тұтынудың әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар нарықтың кемшілік тұстары да бар. Шетелдік тәжірибеге сүйене отырып мынадай кемшіліктерді бөліп алуға болады:

  1. Нарық қажетсіз ресурстарды сақтауға кепілдік бермейді.

  2. Нарық қоршаған ортаны экономикалық тұрғыда қорғай алмайды, тек мемлекет қана кәсіпкерлерді экологиялық таза өнімдерді шығаруға мәжбүрлейді.

  3. Нарық мемлекеттік ресурстарды дұрыс оңтайлы қолдануды қадағалай алмайды.

  4. Нарықта тауарларды өндіруге деген құлшыныстар тудырмайды.

  5. Нарық барлық азаматтардың еңбек пен табыс құқығына кепілдік бермейді.

  6. Нарық ғылыи зерттеулердің дамуын қамтамасыз етпейді.

  7. Нарық әлеуметтік қажетті тауарлардың өндірілуіне бағытталмайды, керісінше ақшасы көп азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған.

  8. Нарық инфляциялық процесстерге байланысты тұрақты дами алмайды.

Сондықтан нарық істей алмаған кейбір бағыттарды мемлекет өз қолына алады.

Нарықтың маңызды бөлігі оның бәсекелестігі болып табылады. Бәсеке – бұл кәсіпкерлердің тұтынушылармен және өзара бәсекеге түсетін жүйеленген механизмі. Бәсеке - экономикалық прогрестің қозғаушысы. Бәсекенің келесі түрлерін ажыратады:

  1. функционалды (белгілі бір тауар бәсекесі);

  2. түр ішілік– баға және сапасы жағынан;

  3. фирма аралық – белгілі бір фирма, кәсіпорын арасында;

  4. сала ішілік және салааралық;

  5. жетілген және жетілмеген.

Ішкі кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерліктегі жетістік көптеген факторларға байланысты, оның ішінде маңыздысы ішкі кәсіпкерлік орта болып табылады. Ішкі кәсіпкерлік орта субъективті: ол кәсіпкердің тікелей өзіне, ықыласына, күш-жігеріне, қойылған мақсатқа жетуіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізе алуына байланысты. Ішкі ксәіпкерлік ортаға мына факторларды жатқызуға болады: капиталдың қажетті көлемінің болуы, фирманың ұйымдық – құқықтық формасын дұрыс таңдау, бір саланы таңдау, әріптестер командасын іріктеу, нарықты білу, кадрларды таңдау және персоналды басқару, кәсіпкерлік құпияны сақтай алу механизмі және т.б.

Кәсіпкерлік табыстарға жету үшін нақты бизнес-жоспар құру қажет, тәуекелді болжау және олардың алдын алу, жаңа технологияларды енгізу, фирманың дамуының нақты стратегиясын құру және енгізу керек. Сонымен қатар ішкі орта факторларына кәсіпкерлердің және жалдамалы менеджерлердің заңдарды және нормативті актілерді орындалуын сақтауды жатқызуға болады.

Жетістікке тек қана өз білімдерін үнемі жетілдіреп отыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің заңды механизімін жақсы білетін, келісім-шарттарды жүргізе алатын кәсіпкерлер жете алады.