
- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
- •КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде. КӘсіпкерлік типологиясы
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
- •3 Тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
- •4 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері
- •2 Модуль. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық – құқықтық формалары
- •7 Тақырыб. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-экономикалық түрлері
- •8 Тақырып. Туристік кәсіпорынның құрылуы, оның құрылымы.
- •Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау- келген туристерге жинақты қызметтерді көрсетеді.
- •9 Тақырып. Туристік фирманың беделі. Туристік қызмет көрсетудегі сапа мен мәдениет.
- •3 Модуль. КӘсіпкер жұмысындағы маркетинг жӘне менеджмент
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және іске асыру
- •11 Тақырып. Бизнес – жоспар
- •12 Тақырып. Кәсіпкерлік келісім шарт туралы жалпы түсінік. Келісімнің шарттары.
- •13 Тақырып. Жалға алу.
- •14 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелдер
- •15 Тақырып. Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі.
14 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелдер
1. Тәукел мәні. Нарықтық экономикада фирманың қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәукелмен байланысты. Кәсіпкерлік қызметте тәукелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Тәукелге берілген анықтамалар көп. Солардың дәлдігі – кәсіпкерлік іс-әрекет нәтижесінде мүмкін болатын қауіп қатерлер. Тәуекел кәсіпкерлік іс әрекеттің мәнінде бар және тығыз байланысты.
А) кәсіпкер іс әркет сферасын өзі таңдауға ерікті, өндіріс құралдарын өзі дербес басқарады, кейде қателесуі де мүмкін.
Б) нарықтық жағдайда кәсіпкер үнемі бәсекеде болады, оның жеңіп шығуына кепілдік бермейді.
Тукелдің глобалды (мемлекеттік) немесе локалды (кәсіпорын деңгейіндегі тәукел) түрін ажыратамыз. Олар бір-бірімен байланысты болады. Мысалы, мемлекет деңгейінде салық, несиелік – қаржылық саясат туралы қабылданған шешімдер кәсіпорынға тәукел элементтерін тудырады. Немесе керісінше, кәсіпорын деңгейінде қабылданған шешімдер (өндіріс көлемі мен ассортименті немесе технологиялық процестерді ендіру) мемлекетке әсерін тигізіп глобалды тәуекел элементтерін тудырады.
Тәуекел түрлері. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, пайыздық.
Өндірістік тәуекел – кез – келген өндірістік кәсіпорында өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты туындайтын тәуекелдер. Бұл тәукелге өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі, өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы, нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак себептері тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел - кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәуекелдің кең тараған түріне – тауардың сатып алу бағаының өсуін, сатып алу көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын, өткізу көлемінің төмендеуін және т.б. жатқызуға болады.
Қаржылық тәуекел – кәсіпорын мен банк немесе өзге де қаржы институттары арасында пайда болатын тәуекел. Қаржы тәуекелдің екі түрі бар:
а) ақшаның сатып алуымен байланысты тәуекелдер Инфляция кезінде кәсіпкер- ақшалай табысы құнсызданады, ал дефляция кезінде – баға төмендейді, кәсіпкердің экономикалық жағдайы нашарлайды, табыс төмендейді;
б) капитал салуымен байланысты тәукелдер (инвестициялық тәукел) (сурет 8).
8 сурет. Инвестициялар түрлері бойынша тәуекел сызбасы
Сыртқы экономикалық, өзге де валюталық операциялар кезінде шетел валюта курсының өзгеруімен байланысты болатын валюталық шығындар болуын айтамыз.
Пайыздық тәукел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға бағаның төмендеу мүмкінділігімен байланысты.
Енді тәукелден келетін зияндар түрлеріне тоқталайық:
Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту;
Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кездейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдай.
Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айып пұлдар, уақыты озған несиені төлеу, қосымша салықтар және т.б.;
Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар;
Саяси факторларға байланысты – іскерлік белсендіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы және т.б.
Енді туындыған тәукелді жою немесе азайту үшін кәсіпкер қандай іс шаралар қолданады?
Тәукелді бесеңдетудің бірнеше әдістері бар:
Кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту;
Жобалау алдындағы мүмкін болатын проблемаларды жете білу;
Өндірілген өнімге сұранысты болжау;
Сақтандыру;
Болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекте ұстау.