Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
537.6 Кб
Скачать

13 Тақырып. Жалға алу.

Жалға алу (аренда) – белгілі бір бағаға мүлікті уақытша қолдануын шарт негізінде бекіту. Жалға алу шартында екі жақ қатысады: жалға беруші және жалға алушы.

Жалға беруші – мүлікті жалға беруші меншік иесі. Жалға беруші болып заңды тұлғалар және мүлік иесі болып табылатын жеке тұлға табылады.

Жалға алушы – шартта көрсететін мүлікті белгілі бір мақсатта жалға алушы тұлға.

Жалға берідің келесідей түрлерін ажыратамыз:

Шарттың нысаны бойынша – құрал жабдықты жалға алу, транспорттық құрылдарды жалға алу, кәсіпорынды жалға алу, жер учаскісін және өзге де объектілерді жалға алу;

Шарттың түрі бойынша: жалға алу шарты, прокат шарты, қаржыны жалға алу шарты (лизинг);

Меншік құқығының өзгеруі бойынша: мүлікті сатып алмау шарты, мүлікті сатып алу құқығы шарты;

Мерзімі бойынша: ұзақ мерзімді (5-20 жыл), орта мерзімді (1-5 жыл); қысқа мерзімді (бір жылға дейін);

Жалға алу жалға беруші мен жалға алушының арасында шарт арқылы орындалатын экономикалық категория. Жалға алу шартында жалға беру объектісі, жалға алу төлемі, оның төлеу мерзімі, жалға берілетін мүлікті сақтау туралы екі жақтың келісімі, шарттың ұзақтығы, жалға алудың мерзімі біткен кездегі екі жақтың міндеттері, жалға алынған мүлікті субарендаға беру мүмкіндігі, шартты бұзу жағдайлары көрсетіледі.

Егер жалға алу шарты бір жылдан артық және ол заңды тұлғамен беріліп отырса, онда ол жазбаша түрде бекітілу керек. Жылжымайтын мүлікті жалға алу мемлекеттік тіркеуден өту керек.

Жалға алу төлемі – жалға алу шартында көрсетілетін мүлікті пайдаланғаны үшін орнатылған уақытта жалға алушының төлеу жарнасы.

Жалға алу төлемі бір жақтың өтініші бойынша қайта қарала алады. Жалға берілген мүлік жалға берушінің меншігі болып қала береді, ал өндіріліп жатқан өнім, табыс, өзге де құндылықтар жалға алушының меншігі болады.

Лизинг – жалға берудің бір түрі. Қазіргі нарықтық инфрақұрылымда лизинг қатынастарының маңызы өте жоғары. Лизингке үш жақ қатысу керек: кәсіпорын- яғни құрал жабдықты өндіруші, жалға беруші- яғни лизингтік компания, және жалға алушы (сурет 6) .

Ол екі тарапты шарт болып табылады. Лизинг шатында сонымен қатар, құрал жабдықты жалға алу үшін несие беретін банктер мен жалға берушінің мүлкін сақтандыратын сақтандыру компаниясы да қатыса алады.

Лизинг көмегімен кәсіпорын ірі капиталсыз ақ қажетті құрал жабдықтарды алуға мүмкіндік береді. Лизинг артықшылықтары:

  1. Тұтынушы жабдықтарды алдын – ала көп қаражат жұмсамай-ақ ала алады.

  2. Пайдалануға алынған жабдықтар үшін мерзімді төлемдердің кезегі (төлеу сәті) әдетте жабдықтар нақты пайдалануға берілгеннен кейін келеді.

Лизингтің түрлері көп және ол үнемі жетілу үстінде. Мысалы, мүлік түрі бойынша – жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік лизингі, мерзімі бойынша: рейтинг – бірнеше аптадан бір айға дейінгі жалға алу; хайринг – бірнеше айдан бір жылға дейінгі жалға алу; лизинг – бір жылдан бірнеше жылға дейін жалға алу, қаржылық және оперативтік лизинг (сурет7).

Жабдықты жеткізеді

Сурет 6 – Лизингтік шарттың жүу схемасы

Қаржылық лизинг – жалға берудің ұзақ мерзімі, бұл кезде құрал жабдық аммортизацияға ұшырайды. Қаржылық лизинг кезінде жалға беруші жалға берілген мүліктің жалға алу төлеу арқылы құрал-жабдықтың шығындарын жабады.

Қаржы лизинг түрлері:

  1. Қайтарымды лизинг – бұл кезде лизинг нысанын лизинг берушіге осы лизинг нысанын кері қайтарып алу талабымен сатады.

  2. Банктік лизинг - бір түрі, мұнда лизинг беруші банк болып табылады.

  3. Толық лизинг – ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады.

  4. Таза лизинг – лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.

Оперативтік лизингке көп жағдайда құрылыс техникалары, транспорт, компютерлік техника беріледі.

7 сурет. Лизинг түрлерінің жіктелуі

Лизинг беруші болып – заңды тұлғалар, яғни арнайы маманданған лизингтік компаниялар, сонымен қатар кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын жеке кәсіпкерлер.

Лизинг алушы – лизинг шарты бойынша мүлікті жалға алушы заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

Лизинг шартын жасасқан кезде екі шарттық құқықтық қатынас пайда болады – сатып алу – сату шарты және мүлікті жалдау шарты. Лизингтік шартта –лизинг заты (құрылыс техникасы, транспорт, компьютерлік техника, және т.б.), лизинг төлем құны мен төлеу мерзімі, лизинг шартының ұзақтығы, шарт аяқталған кездегі екі жақтың міндеттері, сақтандыру шарттары, форс – мажорлық жағдайлар, шарт аяқтау жағдайларынан тұрады. Жылжымалы мүлік лизингі қарапайым жазбаша формада жасалса, жылжымайтын мүлік лизингі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өту керек. Егер мүлік лизинг алушының меншігіне өтетіні болжанса, онда меншік құқығы өтуіне қатысты жағдайлар да көзделуі тиіс.

Лизинг алушының құқықтары:

  1. Лизинг нысанысының сапасы, жеткізілу мерзіміне қытысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған кезде сатушыға талап қоюға құқылы.

2. Егер лизинг нысанын кемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанын ауыстыруға талап етуге құқылы.

Лицензиялық келісімнің әр түрлілігінің маңыздысы – франчайзинг. Ол ұзақ уақытқа есептелінген лицензиялық келісім. Осыдан франчайзез фирма-клиентке белгіленген құқық ұсынады. Бұл құқықтарға сауда таңбасын немесе фирма атын, сол сияқты көмек ретінде қызметтер: жұмыс күшінің біліктілігін көтеру, белгіленген төлемге сауда жасаумен басқаруы.

Франчайзинг үлгісі – бұл ірі фирма (франчайзермен) мен оның кіші серіктесі (франчайзи) арасындағы кооперация бойынша өндіріс, тауар мен қызмет көрсетуді өткізу саласындағы шарттық қатынастар жүйесі.

Франчайзингтің артықшылықтары, бұл:

- Аз уақыт ішінде істің өріс алу мүмкіндігін беретін рыноктың дайын түрі.

- Материалдар, шикізат, жабдық, жеткізуші, өткізу жүйесін, тәсілдерін және жұмысты қабылдау туралы ақпарат ұстайтын нақты ұсынылымдардың толық пакеті.

- Әйгілі және құрметті сауда таңбасында жұмыс істеу.

- Арзан және сапалы жарнама.

-Бизнестің ең тиімді территориялық орналасуы туралы ақпарат.

- Франчайзерден қажетті жабдықты және материалдарды жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі.

Франчайзингтің үш негізгі түрі бар:

Тауарлы франчайзинг. Бұл ірі өндірушінің франчайзинг диллеріне өткізу және тауарлардың сервисті қызмет көрсетуіне (сәйкесті маркасымен) құқығын сатуынан тұжырымдалады (мысалы, автомобиль сатудағы дилерлік арналар).

Өндірістік франчайзинг. Ол белгілі бір өнімді дайындауға шикізат пен технологияның сатылуымен тұжырымдалады (мысалы, “Кока-Кола” өндірісі)

Іскерлік франчайзинг. ХХ ғ. 80-ші жылдың соңынан бастап, трансұлттық корпорациялар экспансиясының (басқарушылық және маркетингтік қызмет көрсету сияқты) формалары әйгілі бола бастады. Басқарушылық қызмет көрсету шарты өзінше бір келісімді көрсетеді, бұл бойынша өнеркәсіптің жедел бақылауы немесе оның қызметінің фазалары сәйкесті сыйақымен басқа кәсіпорынға беріледі. Кәсіпорынның шарты бойынша орындайтын қызметтері қоса алынады, соларды атап өтсек: өндірісті басқару,оның ішінде өндірістің техникалық және инженерлік аспектілеріне жауапкершілік; кадрларды басқару, шетел азаматтарын қызметке тағайындау мен босату, жергілікті жұмыс күшін басқару, оқытуды; техника мен шикізатты сатып алуын қадағалау; маркетингтік және қаржылық басқару.