- •5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне арналған «Сертификаттау» пәнінен
- •Семей - 2013 Мазмұны
- •1 «Техникалық реттеу туралы » қр Заңы
- •2 Сертификаттаудың нормативтік және заңнамалық негізі
- •2 Модуль
- •1 Сертификациялық сынақ негіздері
- •2 Cертификатық сынаулардың маңызы
- •3Модуль
- •2 Модуль
- •3 Модуль
1 Сертификациялық сынақ негіздері
2 Cертификатық сынаулардың маңызы
&&&
$$$002-007-000$3.2.7 1Сертификациялық сынақ негіздері
Өлшеу, сынау және бақылау сертификаттау кезінде сәйкестікті бағалаудың негізгі әдістері болып табылады. Оларды қолдану ерекшеліктері сынақ зертханаларында өнімді сертификаттау кезінде шеетін міндеттермен байланысты (таблица).
Таблица. «Өлшеу», «сынау», «бақылау» ұғымдардың өзара қатынастары
Термин |
Мақсаты |
Сапасын бағалау |
Дәлдәк көрсеткіштері |
Өлшеу |
Шаманың (параметрдың) мәнін анықтау |
Өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау |
Өлшеу қателігі Δизм |
Сынау |
Шаманың (параметр-дың) мәнін берілген сынақ режимдерде және шаманың (параметрдың) мәнін белгілеуші фактор-лардың әсер етуі режимінде анықтау |
Берілген сынақ режимдерде және әртүрлі факторлардың әсер етуінде өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау |
Δи = Δp +Δф + Δизм
мұндағы Δp – режим қателігі Δф - фактор қателігі |
Бақылау |
Шаманың (параметр-дың) берілген сынақ режимдерде және факторлардың әсер етуінде берілген шек ішінде болу фактін айқындау |
Параметрдің жіберілетін шек ішінде болу дұрыстығының дәрежесін бағалау |
I және II текті қателіктердің Δи ескерілген түрдегі ықтималдығы |
Сынақ жүргізудің мақсаты - өнімнің сандық және сапалық сипаттамалара баға беру, яғни берілген жағдайларда талап етілген функцияларды атқара алу қабілетін бағалау. Бұл мақсаттың шешімі сынақ зертханаларында табылады. Шешімі болып сынақ хаттамасы табылады. Сынақ хаттамасында өнімнің параметрлерінің мәндері көрсетіп жазылады.
Бақылаудың мақсаты - өнімнің сипаттамаларының нормативтік құжаттарда қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау, оның ішінде сынақ нәтижелері бойынша да. Бұл мақсатты сәйкестікті растау жөніндегі органның сарапшылары шешеді. Сондықтан бақылау мақсатын сарапшылық бағалау мақсаты деп айтуға болады.
Өнімнің сәйкестігін бағалау кезінде бұл екі операция параметрлерді қлшеумен байланысты жүргізіледі. Сапа жүйелерінің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жүйелері сәйкестәкті өлшегіш техниканы қолданбай, көзбен немесе органолептикалық әдістердің (аудиттер, тексерулер, сурау жүргізу, және т.с.) көмегімен бағалауды қарастырады. Персоналдың сәйкестігін растау кезінде бекітілген ережелер бойынша сәйкестікті растау емтиханы өткізіледі.
Суретте сәйкестікті растау кезінде қолданылатын бақылау түрлерін жіктеу схемасы келтірілген.
Сәйкестікті растау кезінде қолданылатын бақылау түрлері
&&&
$$$002-007-000$3.2.7 2 Cертификатық сынаулардың маңызы
Объетісіне байланысты өнімді, көрсетілетін қызметті, сапа жүйесін (өндірісті) және персоналды бақылау кездеседі. Барлық объектілер шикізатқа, материалдарға, бұйымдарға, жабдықтарға және саймандарға бекітілген нормалардың талаптарына сәйкестікке тексеріледі. Бақылау объектілерінің маңызды сипаттамаларының бірі болып олардың бақылауға жарамдығы, яғни бұйым конструкциясының оны жасау, сынақтан өткізу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ыңғайлы және сенімді түрде бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету қасиеті табылады.
Аталған объектілерден басқа сапа жүйесі элементтерін және өндірістік процестің кезеңдерін бақылау жүзеге асырылады.
Станокта, престе жүргізілген кез келген операциядан кейін және ? жинау операциясынан кейін жүргізілетін бақылауды операциялық бақылау деп атайды. Дайын бөлшек, торап жасап шығарылғаннан кейін немесе бұйым дайын өнім ретінде шығарылғаннан кейін қабылдау үшін бақылау жүргізеді. Бұл жерде комплектінің түгелдігі, буып түйілуі өалай (қандай жағдайда) тасымадланғаны және сақталғаны бақыланады. Операциялық бақылау кезінде қандай параметрлері тексерілуі керек және қандай сайман немесе өлшеу құралы қолданылуы керектігі туралы технологиялық процестің картасының «бақылау операциясы» бағанасында жазылады. Қабылдау үшін (қабылдау алдында) бақылау мемлекеттік стандарттар, жалпы техникалық шарттар және тиісті техникалық шарттар бойынша жүргізіледі.
Барлық операциялардың мәні - өндіріс процесінің кезеңдерінің сипаттамаларын, режимдерін және т.б. көрсеткіштерін тексеру болып табылады.
Объектілерді немесе өндіріс процесінің операциясын бақылау мынадай түрде жүзеге асырылуы мүмкін: лезде (летучий) – жүргізу мерзімі регламенттелмейді, кез келген уақытта жүргізілуі мүмкін; периодтық – белгілі уақыт аралығы (сағат, тәулік, ай) өткеннен кейін жүргізіледі; үздіксіз – үздіксіз (тұрақтытүрде) жүргізіледі.
Бақылау құралдарына байланысты бақылаудың мынадай түрлері кездеседі: көзбен бақылау (визуальный) – бақылау объектісі көзбен бақыланады және оның нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі анықталады (барлық операциялардың орындалғаны, маркировкасының, жол құжаттарының (сопроводительные документы) болуы; органолептикалық – сарапшы мамандармен жүргізілетін субъективтік бақылау әдісі (балдар санымен бағалау); аспаптардың көмегімен (инструментальный) бақылау – бақылау-өлшегіш саймандардың, калибрлердің, аспаптардың, стендтардың, сынақ машиналарының және т.б. көмегімен жүзеге асырылады. Бақылаудың соңғы түрі автоматтандырылған және қоломен жүргізілетін деп бөлінеді. Қолмен бақылау кезінде штангенциркуль, микрометр, калибр, индикатор сиақты қол саймандары қолданылады. Бұндай бақылаудың сапасы төмен болады. Барлық бұйымдарды жаппай бақылаған кезде де 2-4 % ақауы бар бөлшектер бақылаудан өтіп кетеді. Автоматтандырылған бақылау арнаулы құрал-жабдыұтарды қолданумен байланысты. Сапасы жоғары болып табылады. Ең прогрессивті болып автоматты тұрде бақылау табылады. Автоматты түрде бақылауда бөлшектер мен тораптарды жасағанда өндірістік желіге автоматты бақылау құралдары ендіріледі. Бұл құралдардың көмегімен үздіксіз бақылау жүзеге асырылады. Бақылаудың бұл түрі подшипник шығаруда кеңінен қолданылады.
Өнімнің көлеміне байланысты бақылау жаппай және таңдамалы деп бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде бақыланатын өнімнің сапасы туралы шешім өнімнің әр бірлігін тексеру нәтижесі бойынша шығарылады. Таңдап бақылау кезінде шешім өнім партиясынан, ағыннан алынған бір немесе бірнеше таңдаманы (норамтивтік құжаттардың талаптарына сай) тексеру нәтижесі бойынша шығарылады.
Технологиялық процестің барысына әсер етуіне байланысты активті және пассивті бақылау кездеседі. Активті бақылау технологиялық жабдығға ендірілген құралдың көмегімен жүзеге асырылады. Алынған нәтижелер бұйымды жасау процесін үздіксіз бақылау үшін қолданылады. Пассивті бақылау алынған нәтижелерді тіркеп қана қояды.
Бақылау объектісіне әсер етуі бойынша бұзып бақылау және бұзбай бақылау кездеседі. Бұзып бақылаудан кейін бұйым ары қарай пайдалануға жарамай қалады.
Тексерілетін параметрлердің типі бойынша геометриялық параметрлерді (сызықтық, бұрыштық өлшемдерін, жазықтықтардың, остердің, бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың және т.б. формалары мен орналуын), физикалық қасиеттерді (электрлік, жылутехникалыұ, оптикалық және т.б.), механикалық қасиеттерді (беріктік, қаттылық); микро- және макроқұрылымын (металлографиялық зерттеулер); химиялық қасиеттерін (заттың құрамын химиялық талдау, әртүрлі орталарда химиялық тұрақтылық), сондай-ақ арнаулы бақылау (жарық-, газөткізгіштігі, герметикалығы).
Сәйкестігін растау кезіндегі бақылау процесі ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Бақылау процесінің негізгі элементтері: объект, әдістеме және бақылауды орындаушы, сондай-ақ бақылау бойынша нормативтік құжаттар болып табылады.
Бақылау процестерін, ең алдымен техникалық бақылау процесін ұйымдастыру кезінде ГОСТ 14.317-75 стандартын қолдануға болады. Бұл стандартта техникалық бақылау жүргізу кезінде қолданылатын операцияларды әзірлеудің негізгі кезеңдері көрсетілген.
Өнімді сынақтан өткізу (сынау) бақылаудың бір түрі болып табылады, сондықтан оған да жүйылік тәсілдемені қолданады. Сынақ жүргізу жүйесіне төмендегі негізгі элементтер кіреді: объект (бұйым, өнім), сынақ категориясы, сынақ жүргізу және қлшеу үшін қолданылатын құралдар (сынақ жабдықтары және салыстырып тексеру немесе тіркеу құралдары), сынақ жүргізуші, сынақ жүргізу үшін нормативтік құжаттар (бағдарлама, әдістемелер).
&&&
$$$002-007-100$ №7 дәріс бойынша өзіндік бақылау сұрақтары
1Сертификаттау сыныақтары қандай сынақтар
2 Сертификттық сынақтардың маңызы
&&&
$$$002-008-000$3.2.8 №8 дәріс Сәйкестікті растауды қолдану аумағы
Міндетті және ерікті сертификаттау объектілері
Өнімді және қыызметтерді сәйкестігін растау схемалары
&&&
$$$002-008-001$3.2.8.1 Міндетті және ерікті сертификаттау
объектілері
Перечень продукции, подлежащей обязательной сертификации, утвержден Постановлением Правительства Республики Казахстан № 1787 от 29 ноября 2000 года «О контроле соответствия продукции в Республике Казахстан»
Автотранспорттық құралдар.
Ауылшаруашылық техникалар.
Спорттық, азаматтық, қызметтік штаттық қарулар.
Электротехникалық, радиотехникалық электрондық бұйымдар.
Байланыс құралдары.
Мемлекеттік құпияларды құрастыыратын , мәліметтердің техникалық құралдары .
Қатты, газ және сұйық отын түрінде жұмыс жасайтын жылытқыш аппаратура
Тұрмыстық химия тауарлары.
Ұлттық тұтынушылық тауарлар.
Қаптауыш орамдар .
Ағаш тауарлары .
Құрылыс амтериалдары.
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары .
Дәрілік заттар.
Медициналық техникалар.
Парфюм –косметикалық тауарлар .
Тамақ және ауылшаруашылық өндірісінің азық түліктері .
Отындық шикізаттар .
Ойыншықтар.
&&&
$$$002-008-002$3.2.8.2. Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары
Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен тағайындалған схемалар бойынша жүргізіледі.
Сертификаттау схемасы үшінші жақтың өнімнің сәйкестігін бағалау кезіндегі іс-әрекеттерінің құрамы мен кезектілігін белгілейді.
Сертификаттау жүйесімен бірнеше сертификаттау схемалары қарастырылған. Схеманы таңдап алу кезінде нақты өнім өндірісінің, оны сынау және қолданудың рекшеліктері ескерілу керек. Бұлармен қатар куәландыру деңгейіне қойылатын талаптар және өтінушінің шығындарының мөлшері ескеріледі.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары 2- таблицада берілген.
Таблицадан растау әдістері ретінде:
сынау;
қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру;
өндірістің жай-күйін талдау;
инспекциялық бақылау қолданылатынын көруге болады.
1 – 6 және 10- сертификаттау схемалары сериялап шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7 – 9 схемалар – шығарылып жатқан өнімді сертификаттауда қолданылады.
2- таблица. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау
схемалары
Схема номері |
Сәйкестікті растау әдісі |
Өндірісті тексеру |
Инспекциялық бақылау |
Сертификаттың күшінде боле мерзімі, артық емес |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Типін сынау1 |
- |
- |
6 ай |
Маркалау жүргізілмейді |
2 |
Типін сынау |
Өндірістің жай-күйін талдау |
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау |
12 ай |
Осы типтің барлық шығарылған өнімдері маркланады |
3 |
Типін сынау |
Өндірістің жай-күйін талдау |
Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау |
12 ай |
-«- |
4 |
Типін сынау |
Өндірістің жай-күйін талдау |
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Шыға-рушыдан алынған үлгі-лерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау |
18 ай |
-«- |
5 |
Типін сынау |
Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау |
Сатушыдан алынған үлгілерді сынауҮ. Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өнді-рісті (сапа жүйесін) бақылауҮҮ |
36 ай |
-«- |
6 |
Типін сынау |
Сапа жүйесін сертифи-каттау |
Сапа жүйесін бақылауҮҮ |
36 ай |
Маркалау жүргізілмейді |
7 |
Партияны сынау |
- |
- |
Партияны босату мерзімі |
Маркалау жүргізілмейді |
8 |
Әр өнімді сынау |
- |
- |
Тағайындал-майды |
Әр өнім маркаланады |
9 |
Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру |
- |
- |
Өнімнің жарамдылық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес |
Маркалау жүргізілмейді |
10 |
Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру |
Өндіріс-тің жай-күйін талдау |
- |
12 ай |
Маркалау жүргізілмейді |
1 Шығарылатын өнімді оның типтік өкілі болып табылатын бір немесе бірнеше үлгілерінің сәйкестігін растау негізінде сынау.
Ү Сынаудың қажеттілігін және көлемін өнімді сертификаттау жөнінднгі орган сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижесі бойынша анықтайды.
** Өндіріске немесе сапа жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.
&&&
$$$002-008-100$№8 дәріс .Өзіндік тексеру сұрақтары
1 Өнімді сертификаттау схемалары қанша
2 Қызметтерді сертификаттаудың қаншасхемалар бар
