Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
56fa400c-3700-11e3-a987-f6d299da70eeУММ сертиф....docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

1 «Техникалық реттеу туралы » қр Заңы

2 Сертификаттаудың нормативтік және заңнамалық негізі

&&&

$$002-003-001$3.2.3.1 «Техникалық реттеу туралы » ҚР Заңы

1-тарау. Жалпы ережелер

(1- 16 баптар)

2-тарау. Техникалық регламенттер

(17-19 баптар) 

3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер

(20- 25 баптар)

4-тарау. Сәйкестікті растау

(26- 34 баптар)

5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу

(35- 36 баптар)

6-тарау. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау

(37-43 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы

(44- 45 баптар)

8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(46- 47 баптар)

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Осы Заң өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2. Өнiм, көрсетiлетiн қызмет, процестер техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектiлерiне қатысты пайдалану құқығын иеленетiн жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектiлерi болып табылады.

Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi

1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

2. Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiк

. &&&

$$$002-003-002$3.2.3. Сертификаттаудың нормативтік және заңнамалық негізі

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс.

Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы «Техниклық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамаман гармонизацияланған ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.

ҚР «Техниклық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құықықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.

Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатырасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.

Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерік сертификаттауға қатысты жүзден артық нормтивтік құжаттар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады:

  • стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкетікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;

  • өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;

  • сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;

  • ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.

Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.

ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі жағдайлар» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды.

Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді

&&&

$$$002-003-100$ №3дәріс Өзін тексеруге арналған сұрақтар

1 Сертификаттау жөнінде қаша заң қабылданды.

2 «Техникалы ретеу туралы» заң қашан қабылданды

3 Заңның тарауларын атаңыз

4 « Сәйкестікт растау туралы » техникалық регламент қашан қабыданды

&&&

$$$002-004-000$3.2.4 №4 дәріс. Техникалық реттеу жүйесінің ұйымдастырушылық негізі

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi

3 Уәкілетті органның функциялары

&&&

$$$002-004-001$3.2.4.1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрi - Ақпарат орталығы);

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестiктi растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.

&&&

$$$002-004-002$3.2.4.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын бекіту;

5) қорғау технологияларын қолдану ережелерiн және мiндеттi қорғалуға жататын құжаттар мен объектiлер тiзбесiн бекіту;

6) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту;

7) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

8) техникалық регламенттерді бекіту;

8-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;

9) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару.

10-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.

11) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту;

12) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;

13) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу;

14) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi;

14-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту;

15) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

&&&

$$$002-004-003$3.2.4.3. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және олардың орындалуын үйлестiредi;

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

9) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

11) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды және оны ұйымдастырады, сондай-ақ оларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

11-1) 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ағашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

13) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.

Сәйкестiктi растау саласында:

1) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтініш-декларацияның, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;

3-1) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

&&&

$$$002-004-100$ №4. Дәріс бойынша өзіндік бақылау сұрақтары

1 Техникалық реттеудің мемлекеттік құрылымын қандай органдар құрайды.

2 Техникалық реттеу аумағындағы үкіметтің құзіреттілігі

3 Сәйкестікті растау аумағындағы уәкілетті органны қызметері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]