
- •5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне арналған «Сертификаттау» пәнінен
- •Семей - 2013 Мазмұны
- •1 «Техникалық реттеу туралы » қр Заңы
- •2 Сертификаттаудың нормативтік және заңнамалық негізі
- •2 Модуль
- •1 Сертификациялық сынақ негіздері
- •2 Cертификатық сынаулардың маңызы
- •3Модуль
- •2 Модуль
- •3 Модуль
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
3 деңгейдегі СМЖ құжаты |
ОӘК |
ОӘК 042-18-9. 1.02/01-2013
|
ОӘК «Сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалы |
Басылым №1 19.09.2013 ж. |
5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне арналған «Сертификаттау» пәнінен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
оқу-әдістемелік материалы
Семей - 2013 Мазмұны
|
&&&
$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
МОДУЛЬ 1
&&&
$$$002-001-000$3.2.1 №1. Кіріспе
1Пәннің мақсаты мен міндеттері .
2Сертификаттаудың мақсаты мен міндеттері
&&&
$$$002-001-001$3.2.1.1 1Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Берілген курстың мақсаты студенттерге білім беру болып табылады: сәйкестікті растау саласы Қазақстандағы сәйкестікті растау жөніндегі қызметтің дамуы сертификаттау саласындағы негізгі заңнамалық құқықтық құжаттар туралы өнімнің сәйкестігін растау әдістері туралы пәннің негізгі мақсаты студенттерге өнім сапасының сәйкестігін растау әдістері, нормативті техникалық құжаттардың талптарына сай технологиялық процесстер, студенттерді сертификаттаудың даму тарихы жөнінде мәлімет беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде, сертификаттау жөнінде нормативтік құжаттармен таныстыру.
&&&
$$$002-001-002$3.2.1.2 Сертификаттаудың мақсаты мен міндеттері
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістін сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын; сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестатталған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек. Аталған жүмыстарды жүргізу елімізде «Стандарттау және сертификаттау» мамандарына жүктелген.
Қазакстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету
-өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
-сынақтың кәсіби түрде өтуі;
-шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауга қатысатыг адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтыгы немесе сәйкестік (белгісі) сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынак тәсілінің көптүрлілігі;
- сертификаттау жүмысында ИСО (МЭК) аймактық ұйымдар,халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану;
-ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамынқатынастыру.
&&&
$$$002-001-100$ №1 дәріс Өзін бақылауға арнаған сұрақтар
1Берілген пәнді оқып болған сон студент нені білу керек
2 Берілген пәнді оқып болған сон студент нені меңгеру керек
3 Сертификаттаудың негізгі мақсаттарын атаңыз
4 Сертификаттаудың негізгі принциптерін атаңыз
&&&
$$$002-002-000$3.2.2 №2.дәріс Сертификаттаудың анықтамасы және негзгі түсініктер .
1 «Техникалық реттеу туралы » заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар
2Сәйкестікті растау жөнініде түсінік .
3Сертификаттаудың Қазақстанда және шет елдердегі даму тарихы және қазіргі кездегі даму тенденциясы
&&&
$$$002-002-001$3.2.2.1 «Техникалық реттеу туралы » заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар»
1) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;
2) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;
3) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
4) сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
5) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
6) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
7) сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы;
8) сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация;
9) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;
10) сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
11)сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
&&&
$$$002-002-002$3.2.2.2 Сәйкестікті растау жөнінде түсінік.
Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» ден аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне» көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық практикада бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.
Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.
Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.
«Үшіні жақ» яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.
Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынадай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.
Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың комплексі (жиынтығы) болып табылады.
Сертификаттау объектілері:
өнімдір;
көрсетілетін қызметтер;
процестер;
жұмыстар;
сапа менеджментінің жүйелері.
Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.
Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады.
Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
&&&
$$$002-002-100$ №2. Дәріс Өзіндік тескеру сұрақтары
1 Сертификаттау бойынша негізгі терминдерді атаңыз
2 «Техникалық реттеу туралы» Заңы қашан қабылданды
3 Заң қанша ет және қай жылдары қайта қарастырылды
4 Сәйкестікті растау туралы е түсінесіз
5 ҚР сертификаттау даму тарихы
&&&
$$$002-003-000$3.2.3 №3 дәріс. Сәйкестікті растаудың құқытық негіздері