Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курорт перевод общий.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Кб
Скачать

Рекреацияның құрылымы

Түрлері

ұзақтығы

Мың.сағ

Үлесі %

Инклюзивті

(Жұмыс уақыты)

20

4,0

Күнделікті

(Жұмыстан тыс уақыт)

204,4

40,0

Уик-энд

178,1

34,8

Демалысқа шығу

40,3

8,0

Зейнетке шығу

70,1

13,2

Барлығы

512,9

100,0

Кунделикти уакыт-куш куатын компенсаторлы-аукымды калыпка келтиреди,уик-энд-куш-куатын аукымды-компенсаторлы келтиреди,енбек демалысы-куш куатын аукымды келтиреди. Бирак когамдык уйымдастырылган рекрационды уакыт курылымы рекрационды уакыт курылымына сайкес келмейди. Рекрационды уакыт курылымына байланысты рекрационды ис-арекет томендегидей типтерден турады: инклюзивти,кунделикти,апталык,енбек демалысы ,компенсаторлы?,аукымды. Инклюзивти-рекрационды ис-арекет енбек жане турмыстык ис-арекетке курылган. Кунделикти ягни уздиксиз рекрационды ис-арекетке кыска мерзимди кыдырулар,тангы жаттыгулар,спорттык ойындар, шомылу жане оку жатады. Апталык рекрационды ис арекет жумыс аптасынын сонына(уик энд) байланысты;кала сыртына серуен,саяжайга бару жанк т.б. Енбек демалысы рекрац.ис арекети жумыс жылынын аягына байланысты иои катысты. Компенсаторлы рекр.ис арекет адам куши шыгынын калыпты денгейге дейн кайтарады.

Аукымды рек.ис арекет адам куши шыгынын белгили запаспен кайтарады. Жумыс уакыты когамга кажетти енбек процесиндеги материалды жане рухани уакыт ондириси ретинде карастырылады. Дастурли турде когам уакытынын манызды формасы ретинде жумыс уакыты мен жумыстан тыс уакытты айтады. Жумыстан тыс уакытка мынадай уакыттар киреди: Ондиристеги жумыска байланысты уакыт шыгыны(жумыска бару жане кайту.касипорындагы толеньейтин уакыт жане т.б). Уй шаруасына кететин уакыт,оз озине кызмет корсету, физикалык кажеттиликти канагаттандыру. Жумыстан тыс уауытта бос уакыт ерекше орын алады.

Рекреациялық уақыт – жеке адамның, топтың, қоғамның физикалық және рухани денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және дамыту, сонымен қатар интеллектуалдық жетілдіру үшін пайдаланылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі.

Қазіргі таңда көптеген адамдар тобында рекреациялық уақыт бос уақыттың шеңберінен шықпайды. Дегенмен халықтың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру мен дамыту және оның интеллектуалдық жетілдіруіне жұмсалатын бос уақыттың тек бір бөлігі ғана рекреациялық болуы мүмкін. Рекреациялық уақыттың шеңберіндегі демалушылар уақыты мен демалысты ұйымдастырушылар уақытын ажырату қажет. Егер рекреациялық уақыт демалушылар үшін жеке көзқараста артықшылығы басым болса, сол уақытта демалысты ұйымдастырушылар халықтың рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс әрекетті қалыптастыруға және жұмыс істеуге кетеді (яғни олардың жұмыс уақыты).

Рекреациялық уақытқа тән ерекшеліктер:

  • Иерархиялық

  • Кванттық

  • Өзгергіштік

  • Функционалдық

Рекреациялық уақыттың иерархиялығы әлеуметтік уақыттағы бос уақыттың әр түрлі масштабтағы бөліктеріне байланысты. Әлеуметтік уақыттың өлшеу бірлігі мен оқу пәніне өмір (болашақ, кемелдік, қарттық), жыл, апта, күндер енеді. Осы уақыттың ішінде әлеуметтік уақыттың құрылымы қалыптасады, яғни жұмыс уақыты мен жұмыстан тыс уақыттың алмасу ритмі анықталады.

Қарапайым еңбек күнін сипаттайтын тәуліктік кезеңге жұмыстан тыс уақыттың тұтас кезі кіреді: жұмысқа дейінгі, түскі ас уақытындағы үзіліс, жұмыстан кейінгі уақыт.

Апталық кезеңге жұмыстан тыс уақытта қайталанатын үзілістерден басқа да уик-ендке арналған уақытты қосады, бұл әдетте сенбі және жексенбі күндердегі демалысқа тура келеді.

Жылдық кезең жұмыстан тыс уақыттың тұтас интервалын қосады – бұл демалыс(отпуск) уақыты, қатысушыларға демалыстан(отпуск) бөлек каникул уақыты бөлінеді(жылына 4-тен 2-ге дейінгі үзілістерден тұрады)

Өмірлік кезең адамның өндірістен бос кезін қоса (балалық, зейнеткерлік кез) бүкіл өмірін қамтиды.

Әлеуметтік уақыт анықталған пропорционалдылық, яғни кванттылықпен сипатталады. Бұл демалыс уақыты, уик-энд уақыты және дағдылы күннің рекреацияға бөлінетін уақыт бөлігі.

Дағдылы күндегі жұмыс жасамайтын рекреациялық уақыт – ең алдымен жұмыстан кейінгі уақыт, оның ұзақтығы төрт-бес сағатқа созылуы мүмкін. Жұмыс жасаушылардың көбісі үшін уик-энд уақыты екі күнді құрайды. Демалыс уақытының ұзақтығы бірте-бірте ұзаруда, ал кейбір жұмысшылар категориясында 36-48 сағатқа жетеді. Уақыт тәртібі негізінен қоғамның әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерімен және халықтың тұрақталып қалған мінез-құлқымен анықталады. Жеке және топтық уақыт адамдардың қажеттіліктерімен, олардың физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, сондай-ақ жұмыс жағдайының ұйымдастырылуымен шартталады.

Рекреациялық кеңістік – бұл әлеуметтік аумақтың бір бөлігі. Бұл да рекреациялық уақыт сияқты рекреациялық іс-әрекет субъектісімен тығыз байланысты, яғни адам мен адам топтарын және аймақ, ел халқын және т.б. айтсақ болады. Аймақ демалушылар мен демалысты ұйымдастырушылармен қалыптасады.

Рекреациялық аумақты ұйымдастыру іс-әрекеттері мыналарды жобалайды:

  • Игеру (баға, қамту, басып алу, иемдену). Демалушылар мен ұйымдастырушылармен іске асырылады;

  • Құрастыру, құрамдастыру(экстенсивті).Ұйымдастырушылармен іске асырылады;

  • Қайта әрекет ету. Демалушылармен іске асырылады;

  • Ойлап табу, яғни принципті түрде жаңа іс-әрекет пен кеңістікті табу;

  • Функцияны жүзеге асыру орнын таңдау;

  • Орын функциясын кеңейту (геотехжүйе).

Рекреациялық кеңістіктің көпөлшемділігі шартталады:

  • Іс-әрекет субъектілерінің (мүгедек, топ, жергілікті халық және т.б.) иерархиялық деңгейлерінің көптүрлілігімен;

  • Демалушылардың әлеуметтік-мәдени дифференциалдылығымен;

  • арақатынастар мен қажеттіліктің және оның жүзеге асуының мүмкіндіктері;

  • функцияналдық қызметтің үлгілерімен;

  • табиғи, экономикалық және техноорганизациялық қызметтің жасалу шарттарымен.

Рекреациялық кеңістік демалушылардың қажеттілігімен және рекреациялық білімнің ұлғаюымен,өсуімен артады. Демалушылардың рекреациялық аясының көлемі - демалушылардың түрленуіне, субъектің мүлігінің шеңберлеріне, соционалдық,өскелең немесе профессионалдық топтарға, денсаулық, белсенділік, қызығушылық және т.б. байланысты болып келеді.

Рекреациялық уақыттың құрылымы және рекреациялық кеңістіктің өзара тәуелділігі оның дискреттілігінде, квантоваттық аймағында, рекреациялық ареал қызметтілігінде, дискреттік және шағын уақыт аясында байқалады.

Әр түрлі уақыт құрылыс түрлеріне (демалыс, уикэнд, рекреациялық жұмыс уақыты), өмірлік кезеңдер сияқты, рекреациялық мөлшерлік кеңістіктер сәйкес келеді. Бұл қажеттілік ең бірінші бос уақыт көлеміне серттеледі және демалушылардың арақашықтықты жеңуіне мүмкіндік жасайды.

Өмірде бос уакыт пен рекреациялык кеністік арасындағы байланыс біркелкі емес. Көп адамдарға рекреациялық уакыттын ен көп көлемі кеністікті қамтудын ен аз экономикалық жане физикалык мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Рекреациялық уакыттын ен көбі балалар мен зейнеткерлерде болады, ен азы - жұмысшы халыкта болады. Бірак та жұмыска кабілетті жастағы адамдарда экономикалық жане физикаллық мумкіндіктері балалар мен зейнеткерлерге карағанда әлдекайда жоғары. Сондыктан да олардың саяхатының аукымы кен, олар алыс жерлерге бара алады.