
4.1 Рекреация түсінігі
Рекреция (лат. Recreation – қалпына келтіру) – бұл демалыс, адамның жұмыс кезінде жоғалтқан күшін қалпына келтіруі.
Отандық және шетел әдебиеттерінде «рекреация» ұғымы әр түрлі түсінікте жүреді. Рекреация бұл рекреациялық география, рекреалогия, туризм, рекреациялық табиғатты пайдалану, курорт шаруашылығы сияқты ғылымдардың негізі болып табылады. Сонымен қатар, рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір ортақ түсінігі жоқ. Оның себебі болып:
-бірдей халықаралық терминологиялық стандарттың жоқ болуы. Рекреацияға сай терминдер мен ұғымдар әр елде әр түрлі мағынада қалыптасқан;
-рекреацияға байланысты нақты анықтамалардың, заңдық базалардың Реейде болмауы;
-туризм, экскурсия, рекреация, демалыс, бос уақыт, рекреациялық уақыт сөздерінің өте тығыз байланысты болуы;
Ғылыми әдебиеттерде «рекреация» термині ХІХ ғасырдың 90 жылдарында АҚШ жерінде пайда болған деп жазылған. Онда термин алғашқыда нормалық жұмыс уақыты, екі күндік демалыс, жазғы демалыс түрінде түсіндірілген. Сол себепті рекреация ұғымы қалпына келтіру, сауықтыру, демалу сөздерімен тіркеседі.
Алғашқы рекреация туралы талқылау синонимы турғылықты жерден тыс жердегі демалыс.Дәл осы ұғым Кенес үкіметі кезіндегі әдебиеттерде қолданылған.Соңғы уакыттарда рекреация деген козкарас басқаша талқыланатын болған.Осылайша В.А.Кварьтальнов мынандай түсініктер берген:
-адамның физикалық,интеллектуалдық,және эмоцианалды күш әрекеттерінің кеңейтілуі
-кез келген ойын ,ойын-сауық тағы сол сияқты қолданылатын физикалық және ақыл күші
-өте қарқынды дамыған индустриядағы сегмент таза ауадағы белсенді демалыстың уик-энд қа өту
-организмнің қалпына келуі және адамдардың популяциясы яғни ешқандай жағдайға қарамастан белсенді демала отырып қоршаған ортаны өзгерту.
-цивилизациялық демалыс,әртүрлі профилактикалық ауруларды стационарлық жағдайда экскурсия-туристік іс шаралар өткізу және физикалык жаттығулар жасау арқылы жүзеге асыру.
Рекреация және туризм жиі қиылысады:рекреация тұрғылықты жерден тыс жердегі арнайы мамандандырылған іс әрекеттін барлық түрлері, ал туризм-бұл адамдардың тұрғылықты жерден тыс жердегі саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жиынтығы(білім алу,іскерлік туризм,емдік туризм,шоп-турлар,саяси туризм)Осылайша олардың қиылысу жуйесі туризмнің барлық түрі қайта қалпына келтіру,сауығу,релаксация,саяжайлық демалыс,экотуризм ге бағытталған.
Келтірілген мысалдар бойынша рекреацияның 3 дәйекті фазасы анықталады:
-«бейне» рекреациялық қажеттіліктердің уақытын,демалыстын формаларымен орындарын анықтайды
-«жағдай» рекреациялық кәсіптің жүйесін сипаттайды
-«із» рекреация тиімді эмоцианалдық аспектілерді анықтайды
Кейбір ғалымдар рекреацияны адамның күш-қуатын қалпына келтіруге кететін уақыт массиві немесе қалпына келтіруге бағытталған іс-әрекет деп есептейді. Ал альтернативті көзқараспен қарағанда рекреация барлық іс-әрекеттердің, барлық уақыттар мен территориялардың функциясын атқарады.
Рекреация түсінігі демалыс түсінігімен тығыз байланысты.
Демалыс – тұрғылықты жердегі немесе одан тыс жердегі физиологиялық қажеттілігін (саяхат, хобби, балық аулау, аң аулау және т.б.) қанағаттандыруға бағытталмаған адамның кез-келген іс-әрекеті (Т.В. Николаенко).
Ұзақ уақыт бойы бұл екі түсініктің айырмашылығы орын критерийі болды: рекреация – адамның күш-қуатын тұрғылықты жерден тыс жердегі арнайы территорияларда қалпына келтіру болса, ал демалыс – қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталмаған іс-әрекет болып табылады. Осындай себеппен рекреация демалыстың ішіне кіретін түсінік болып есептеледі.
Қазіргі заманғы талаптар бойынша мұндай айырмашылықтардың мағынасы жоқ. Т.В. Николаенко «демалыс» және «рекреация» терминдерін синоним ретінде қарастырады.
Адам бос уақыттағы өзінің іс-әрекеттері мен қызығушылықтарына тәуелділігіне байланысты демалыстың осы түрін де, басқа түрін де таңдай алады. Демалыстың маңызды және керекті түрі – ұйқы. Ұйқының ұзақтығы адамның жасы мен жеке басының ерекшелігіне байланысты. Бірақ адам өзінің өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Демалысқа көңіл көтеру және спорт, адамның қызығушылығын тудыратын әр түрлі жерлерге бару және т.б. жатады.
Адамның демалыстағы іс-әрекеті келесідей түрлерге бөлінеді:
белгілі бір физикалық ауыртпалықпен байланысты іс-әрекет (дене шынықтырумен
айналысу, серуендеу, туризм және альпинизм);
әуесқой шұғылдану (аң аулау, балық аулау, саңырауқұлақ теру, жеміс-жидек теру және т.б.);
өнер әлеміне бейімделу және өнер саласындағы шығармашылық;
- Интеллектуалдық іс әрекет ( кітап оқу, өзіндік даму)
- Адамдармен сөйлесу, қарым қатынас.
-Көңіл көтеру. Белсенді ойындарға қатысу ( би, ойындар)
- Өз қалауы бойынша экскурсия және де саяхаттау.
Демалыстың көптеген түрлері олардың әртүрлілігі мен технологиясына , сонымен қатар қолданылатын ресурстарына, өткізілетін іс шараларына байланысты бөлінеді. Оны рекреациялық іс шаралар деп атайды. Барлық іс шаралар өзін ара байланысып халықаралық шаруашылық яғни рекреациялық шаруашылықты түзеді. Ең негізгі мақсаты әдеттегі жерден тыс жерде демалушылардың бүкіл қажеттілігін қамтамасыз етіп, қызмет көрсету. Рекреация қызмет көрсетудің мынадай түріне жатады. Мұнда адам өміріндегі күнделікті іс әрекеттен тыс демалуын, қайта қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсету болып табылады. Ең негізгі мақсат тұтынушының психикасын қайта қалпына келтіру, дамыту болып табылады. Сонымен қатар Н.С. Мироненко және И.Х.Твердохлебовтың айтуы бойынша жоғарғы дәреже қызмет түрі көрсетілуі тиісті. Бұл адамның рухани дамып, еңбекке деген шаршауын басады.
Қазіргі күнде ғылымда рекреация классификациясын негізгі мынадай топтарға бөліп қарастырады.