
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасы
|
География және табиғатты пайдалану факультеті Ғылыми кеңесінінің мәжілісінде бекітілді №____хаттама « ____»________ 2014 ж. Факультет деканы _________Сальников В.Г. |
Мамандық «5В090200 – Туризм»
Силлабус
TRM 4013, Әлемнің тақырыптық саябақтары
4 Курс, қ/б,7 семестр (күзгі), кредит саны 3, пәннің түрі (таңдау)
Дәріскер:
Шакен Айман Шакенқызы, аға оқытушы, 3 773335 (12-28), shaken_a@mail.ru, БОҒ-6, 228 ауд.
Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):
Шакен Айман Шакенқызы, аға оқытушы, 3 773335 (12-28), shaken_a@mail.ru, БОҒ-6, 228 ауд.
Пәннің мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: рекреациялық ресурстарды қолданудың әртүрлі формаларын көрсету. Тақырыптық саябақтардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығының артуы, аймақтың дамуында маңызды орынға ие бола отырып, ірі туристік орталыққа айналуда. Халықаралық саябақ бизнесінде ірі өндірістік құрылым болып табылатын трансұлттық саябақ операторлары, туристік индустрияда инновацияларды тарататын бірден-бір құрылым. Трансұлттық саябақ корпорацияларының халықаралық нарықта стратегиясы мен тактикасы, өндірісті ұйымдастыру тәсілдері, орналастыру қағидалары және т.б. ерекше қызығушылыққа ие. Шетелдердегі және Қазақстан Республикасындағы тақырыптық саябақтарды рекреациялық қолдануы және оларды ұйымдастыру мақсаттары мен әдістері туралы түсініктер қалыптастыру. Ойын-сауыққа деген қажеттіліктің артуы, тақырыптық саябақтарға да мамандар мен туристердің қызығушылығы артып отыр. Тақырыптық саябақтардың даму тарихы мен жіктелуін, оларды ұйымдастыру ерекшеліктерін; саябақтық бизнестің ірі операторларын; аймақ бойынша тақырыптық саябақтарының даму және таралу тенденциясын білуге тиіс;
Міндеттері: тақырыптық саябақтарды ұйымдастыру қағидалары мен әдістемесі туралы көзқарас қалыптастыру; тақырыптық саябақтардың ұйымдастырудағы және функциялаудағы жағымды тәжірибелерді оқу.
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):
Пәнді игеру нәтижесінде студент білуі тиіс:
Рекреациялық ресурстарды пайдаланудың әртүрлі формаларын; Қазақстан Республикасы мен шет елдерде тақырыптық саябақтарды рекреациялық пайдаланудың мақсаты мен ұйымдастыру әдістері туралы хабардар болуы тиіс;
Тақырыптық саябақтарды даму тарихы мен жіктелуін, олардың сипаттамасы мен ұйымдастыру ерекшеліктерін; саябақтық бизнестің ірі операторларын; аймақ бойынша тақырыптық саябақтарының даму тенденциясын білуге тиіс;
Тақырыптық саябақтардың негізгі функцияларын, жоспарлау мен аумақтық зоналарын; теориялық білімдерін саябақтар мен саябақтық зоналарын ұйымдастыруда қолдану, саябақтардың сипаттамалық тәжірибесін туристік-экскурсиялық жұмыста қолдана білу қабілетті болуы тиіс;
Аймақтардағы тақырыптық саябақтардың салыстырмалы мінездемесін құру, тақырыптық саябақтардың әлсіз және күшті жақтарын көрсете білу игеруі тиіс;
Аймақтардағы тақырыптық саябақтардың дамуындағы сұрақтар жайлы іріктеуге құзыретті болуы тиіс
Пререквизиттері: TE 1404 Туристік елтану, HTG 2406 Халықаралық туризм географиясы