
Vтарау. Жарықтандыру
5.1 Жалпы ережелер
Жұмыс орынын жарықтандыру - қолайлы еңбек жағдайларын жасаудың маңызды факторы. Табиғи жарық (күн сәулесі) тәуліктің күндізгі уақыты және ол ғимараттардың терезе, шатыр ойықтарынан түседі. Жасанды жарық үшін жасанды сәуле шығаратын қондырғылар пайдаланылады.
Табиғи жарық өзінін спектрлік құрамы бойынша ең ыңғайлы болып табылады. Ал жасанды жарық керісінше адамның көру органы - көзімен қабылдауда салыстырмалы күрделігімен ерекшеленеді. Бұл жағдай табиғи жарык ағынының күндіз жоғары, түнде төмен қарқынында аз жиілікті, ал жасанды жарықтың үлкен жиілікте болуына байланысты. Осы себепті жасанды жарықта жарық жағдайларының жиі ауысымы көру процестерінің тұрақсыздығына келтіреді, бұл өз кезегінде көздің бейімделіп отыруын ауырлатады. Бейімделу жүктемесінің артуынан көз шаршайды, нәтижесінде адам шаршайды.
Сөйтсе де, жасанды жарық түнгі еңбекті күндізгі еңбекке жақындату үшін аса қажетті фактор болып табылады. Түнгі еңбек жағдайында жарық жұмыс істеушілердің барлығына біркелкі тарамайды. Жарықтың жеткіліксіз жағдайы адам ағзасына ынталылық сезімін азайтады, сондықтан қашанда түнгі еңбек ауыр болады. Дегенмен табиғи жэне жасанды жарықтың негізі бір. Олардың айырымы тек жарык спектрі мен қарқындылығында. Бұлай десек те бүгінге дейін табиғи жарық спектрі толық анықталмаған және жасалмаған. Сондықтан біздің пайымдауымыз жуықталған ұғым.
Табиғи жарық, әдетте, көбіне адамдардың бөлмелерде тұрақты болуьша байланысты қарастырылады. Жасанды жарық өндірістік, тұрғын үй, қоғамдық орындарды, қойма, жэне қосалқы ғимараттарды, мекеме алавдарын, жұмыс өндірістік ғимаратардан тыс: көшелер, жолдар, қала, ауыл, тұрғылықты пункттардың алаңдарын жарықтандыруды қарастырады.
Өндірістік орындарды жарықтандырудың маңызы өте зор. Зерттеулер өндірістік орындарда жарықтың қанағатанарлықсыз жағдайы өндірістік көрсеткіштердің төмендеуіне, көз ауруларына, жарақат алуға соқтырады. Талдау теңдік жағдайында жылдың ашықкүндері жалпы жарақатанудың төмендейтінін көрсетеді. Көрудің нашарлауы, көз аурулары жарық қондырғыларын пайдалануда нормалық талаптарды сақтауда елеулі бүзушылықтар жіберілген кәсіпорындарда жиі кездеседі.
5.2Жарық күші
Егер аяққы мөлшері бар сфералық конус шектерінде жарық ағыны біркелкі бөлінсе, онда денелік бұрыш осі бағытындағы жарық күші анықталады:
Денелік бұрыш деп (кеңістіктік бұрыш) конустық бетпен шектелген кеңістік бөлігі аталады. Денелік бұрыштың шамасы денелік бұрыш тірелетін 8 учаскесінің ауданының сфераның К. радиусының квадратына қатысы ретінде анықталады (5.1сурет).
Денелік бұрыш бірлігі стерадиан (стер) болып табылады. 1 стер денелік бұрыш шамасы S сферасының бөлігі түрінде келеді, оның ауданы осы сфераның R радиусының квадратына тең:
Сәуле шашатын нүкте айналасындағы барлық кеңістікті қамтитын ең үлкен денелік бұрыш:
Жарықтың орташа сфералық күші I ср жарық көзінен сәулеленетін жарық ағынының сфераның толық бұрышына өзара қатысы ретінде келеді:
Бұл көз үшін жарықтың орташа сфералық күші барлық бағыттар бойынша біркелкі бөлінетін жарық ағынының орташа тығыздығы шартында өрнектеледі. Жарық күші шырақпен (шыр) өлшенеді.
Шырақ денелік бұрыш ішіндегі бір стерадиандагы бір люменге тең біркелкі жарық ағынын шығаратын жарықтың нүктелік көзі күші ретінде келеді: