
- •1 Геологиялық бөлім
- •1.1 Кен орнының жалпы мағлұматтары
- •Стратиграфия
- •1.1.3 Тектоника
- •Мұнайгаздылығы
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Кен орнын игеру жүйесі
- •2.1.1 Игерудің ағымдағы жағдайын талдау
- •2.1.2 Ұнғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
- •2.1.3 Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Кен орнын игерудің техника – экономикалық көрсеткіштері
- •4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •4.1 Атмосфералық ауаны қорғау
- •4.2 Су ресурстарын қорғау
- •4.3 Жер ресурстарын қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
4.1 Атмосфералық ауаны қорғау
Мұнайгаз өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарында атмосфераға бөлініп шығатын негізгі ластаушы компоненттер: күкіртсутек, күкіртті ангидрид, көміртегі тотығы, көмірсутектер, азот тотығы және басқада қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жататын улы заттар болып табылады.
Батыс Қазақстан мұнайының химиялық құрамының ерекшелігін айта кетуіміз қажет. Өйткені оның құрамында меркаптандар, күкіртсутегі мен күкіртті газдар өте жоғары болып келеді. Санитарлық көзқарастан алғанда жоғарыда аталған компоненттер ішіндегі ең зияндысы және агрессивті ластаушы болып табылатыны күкіртті қосылыстар.
Атмосфералық ауаны қорғау аймағында басты мәселе–түтік газдарды тазарту технологиясының тиімділігін жоғарылату. Бұл газдардың құрамы отын түрінен және олармен қондырғыны қоректендіру жүйесіне байланысты. Күкірт диоксидінен қалдық газдарды тазарту үрдісі жасалған. “Ashland Petroleum” фирмасы экология талаптарын ескеріп көмір оксиді,күкірт және азот шығарындыларының атмосфераға тасталуын төмендетуге арналған үрдіс жасалған.
Германияда “Degassa” фирмасы катализаторды қолданумен түтін газдарды күкірт оксидтерінен,азоттан тазалауға арналған десонакс үрдісін жасаған, мұнда оксидтерді шығару дәрежесі 90 %-ке жетеді. “Philadelphia Electric” фирмасы магний оксиді көмегімен түтін газдарды күкірт диоксидінен тазалау тәсілін жасап шығарған.
4.2 Су ресурстарын қорғау
Су алаптарының мұнай өнімдерімен ластанудан қорғау.Пайда болуына байланысты барлық сулар өндірістік, тұрмыстық және атмосфералық болып үш түрге бөлінеді.
Өндірістік тұрақ сулар әр түрлі технологиялық үрдіс кезінде, көліктерде және ауыл шаруашылығының іс - әрекеттері нәтижесінде пайда болады.
Тұрмыстық тұрақ суларға қоғамдық және тұрмыстық объектілерден келіп түзілетің сулар жатады.
Атмосфералық тұрақ сулар дегеніміз – қар еруі мен жаңбыр кезінде пайда болған және өздерімен бірге зиянды заттарды ала кеткен сулар.
Су алаптарына келіп құятын зиянды ластаушы заттар үшке бөлінеді; минералды, органикалық және бактериялық.
Тұрақты сулардағы минералды ластаушы заттар бұлар тұздармен, қышқылдармен, сілтілермен, саздармен, құмдармен ерітілген мұнай өнімдері.
Мұнай пленкалары Жанажол беттерін жауып әр түрлі газдылы алмасуларды (оттегі, көмірқышқыл) бұзады.
Тұрақ суларды тазарту әдістері; Қазіргі уақытта төрт түрі бар;механикалық, химиялық, физико – химиялық және биологиялық әдістер.
4.3 Жер ресурстарын қорғау
Мұнай-газ кен орындарын игеру барысында топырақ мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен, минерализациясы жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай және оның басқа да компоненттері топыраққа түсе отырып оның қасиетін едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келместей етіп - битумдық сорлардың түзілуіне, гидронизациялануына, цементтелуіне және т.б өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен жердің биоқұнарлылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Топырақ бетінің бұзылуы нәтижесінде топырақ эрозиясы, дефляция, криогенез процесі жүреді.
Мұнай топырақ пен өсімдікке өте зиянды әсерін тигізеді. Мұнаймен ластанған топырақта көмірсутектер мен азоттың арасындағы ара қатынас тез өседі, бұл топырақтың азоттық режимін нашарлатып және өсімдіктердің тамырымен қоректенуін бұзады. Сонымен қатар, мұнай жер бетіне төгіліп топыраққа сіңгенде, топырақты қатты ластайды, нәтижесінде жердің құнарлы қабаты ұзақ уақыт бойы қалпына келмейді
Жердің рекультивациясы – бұзылған және ластанған жерлердің өнімділігін және құнарлылығын қалпына келтіруге, сонымен қатар, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені. Топырақта микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделу механизмі жүреді. Рекультивацияны жүргізу әдістері микроорганизмдердің өздігінен тазаруы және сол жерге бейімделуінің табиғи механизмдері үшін қалыпты жағдай туғызады, сонымен қатар бұл процесті жеделдетеді.
Жер қойнауын қорғау,сақтау шаралары мұнай және газ ұңғыларын және кен орнының объектілерін тұрғызу кезіндегі барлық негізгі технологиялық пройестердің маңызды элементі және құрамды бөлігі болып табылады.
Жер қойнауын қорғау шаралары мыналарды қамтуы қажет:
төгілуді, ашық фонтандауды, грифон түзілуін, ұңғы оқпанының қирауын, жуу сұйығының жұтылуын және т.б. қиындықтарды болдырмайтын шаралар жиыны;
жер асты және жер үсті құрылғыларының максималды саңылаусыздығын қамтамасыз ету;
3) коррозияға қарсы жобаланған шараларды іске асыру;
4) биогенді күкіртредукциясының түзілуін ескерту үшін айдалатын суды оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өңдеу керек;
5) қабатқа су айдау үшін ағынды (ақаба) суларды пайдалана отырып сумен қамтамасыз етудің тұйықталған жүйесін енгізу.
Жер қойнауын ластайтын деңгейде төмендететін шаралар 4-ке бөлінеді:
1. Ұйымдастырылған шаралар;
2. Технологиялық шаралар;
3. Проектілі - конструкциялық шаралар;
4. Санитарлы - эпидемияға қарсы шаралар.