Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zha_1187_azhol.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.33 Кб
Скачать

1.1.3 Тектоника

Тектоникалық жағынан аудан Каспий маңы ойпатының борт алдындағы ватолы бөлігінде орналасқан. Ол өз кезегінде Орал геосинклиналь аймағындағы Ащысай мен Сакмар – Көкпекті бұзылымдарымен бөлінген.

Геологиялық дамуының ерекшеліктерінің бірі болып, аумақтың жедел түсуі және мықты шөгінді түзілімнің қалыптасуы болып табылады. Оның негізгі бөлігін тұзасты кешені құрайды (7-10 км). Тұзасты қалыңдығының жапсарлары батысқа қарай еңкейген кезде, бір қатар жекелеген баспалдақтармен қиындатылады (жату тереңдігіне байланысты). Оларға: Жаңажолдық (5,5-6 км), Кеңқияқтық, Қоздысайлық және Шұбарқұдықтық (7- 7,5) баспалдақтары жатады, олар өз кезегінде түзу емес ақауларымен сипатталады. Шектерінде қарастырылып отырған кен орны орналасады, яғни Жаңажол баспалдағындағы ерекшеліктерінің бірі болып, брахиантиклиналды түріндегі ірі ашылымдарымен қиындатылған мықты карбонатты массивтердің дамуы табылады.

Жаңажол кенорыны Гжель-Подоль (К -1) және Кашир-Венев (КТ-2) жастағы жыныстардан құралатын карбонатты массивінің жоғарғы бөлігіне бейімделген. Құрылым үлкен емес тоқымымен бөлінген, иррационалды созылған солтүстік пен оңтүстік күмбездері бар, ірі брахиантиклинальмен сипатталған.

Барлау ұңғыларымен ауданды бұрғылаған кезде, карбонатты қалыңдығының төменгі қимасында тектоникалық ақаулар бар екендігі анықталды, олардың ішінде аса созылғандары 100-150 м ығысу амплитудасымен батыс қанаты бойынша өтеді, қалған екеуі 40-50 м амплитудасымен ығысып орталық бөлігін қиындатады (61-шы ұңғыманың ауданында). Осы ақаулардың арқасында жалпы құрылым 3 блокқа бөлінеді; 1 (оңтүстік бөлік), 2 (61-шы ұңғыманың ауданында), 3 (солтүстік бөлік), сұйықтардың қорлары негізінен 1 мен 3 блоктарда шоғырланған.

Кенорынның өндірістік мұнайгаздылығы екі карбонатты қалыңдықпен байланысады: бірінші және екінші, олар өз кезегінде қалыңдығы 206 – 417 м болатын терригенді жыныстардың жиынтығымен бөлінеді.

      1. Мұнайгаздылығы

Жаңа Жол кен орнынның сатысында (Алибекмола, ЖаңаЖол, Ұрыхтау, Қоңғыр, Шығыс Төрткөл) 4411 м аралықтағы тереңдікте. Кеңкияқ кенорнының сатысында (Арайсай, Кеңкияқ, Көкпенде,Оңтүстік Мартук, Жантай және т.б) олар 5182 м тереңдікте – будалардың оңға жуық коллекторлары бөліп тұр ( 20 – 84 м қалындықта, мұнай қабаттарымен негізделген, газ және конденсатта кездеседі), оның құрамына: окс горизонтындағы – бір; серпухов ярусында – үш; башкир ярусында – үш; коллекторлы будаларды өз – ара аргелитті қабаттармен немесе тығыздығы жоғары корбанаттар болып бөлінеді.Әр будаларда екі – жеті қабат болады,олардың қалыңдығы 3 – 38м аралығында және буланған коллекторлармен бірге, ыдыраған және сирек булармен, булы қабаттармен, ыдыраған қабаттар түрінде.Сондықтан КТ – 1 коллекторлық құрамы, Жаңа Жол кен орнының сатылары, Кеңқияқ кен орнының сатыларына қарағанда біршама биік болады. Кеңқияқ кен орнына қарағанда, Жаңа Жол кен орнының корбанатты сатылары инфильтерленген сулардың сулануымен байланысты болды.

Жыныс өлшемдері 0,05 – 0,1 мм тұратың 13 – 15,8 %, ал қабаттықта 1,1 – 1,9 мм-ден 3%-ке дейін жыныстарда ұсақ қабықшалар жиналып қалады. КТ-1 ашық жыныстарының құрамы 9,2 – 19,5%, Жана Жол,Ұрыхтау, Қоңғыр сатысында 0,080–0,170 мкм2 өткізгіштігіндегі максималды мәні,ГИС коэффинцентінің мәні 42,7 – 46,1% жетті. Мұнай қабатының биіктігі 100 м-ге жетеді, газоконденсаттыкі – 200м. Өңімнің сыртқы қабатына сазды жыныстар мен төменгі перьм және қоңғырдың галогенді қабаты орналасқан.

КТ-1 сатысының, физикалық және мұнай өңімінің сапалы мініздемесі жақын.Олар жеңіл (833 – 836 кг/м3). Күкіртті (0,4 – 0,9%), парофинді (3,95%), шайырдың және асфальтеннің мөлшері 4,6 – 5,6%.Фракцияның шығу температурасы 200С, 32%- дейін жетеді, ал 300С 55% шамасында. Мұнайдың топтық құрамы: метанды – нафтенді.

Мұнайлы қабаттағы газдың қанығу мөлшері 263,3 м3/м3 аспайды. Бастапқы қабат қысымының өзгеруі шамамен 28,7 (А будасында) – 29,64 мПа (В,В’будасында), қабаттық температура 57- 62С.

Қабаттың мұнай және газконденсатты бөлігінде, еріген газ, құрамы бойынша ауыр және жеңіл болып келеді, құрамында этан бар бөлігі; көмірсутегтері 8,5 – тен 19,6%-ке дейін өзгереді, метан 68,2 – ден 87,3% - ке өзгереді.Құрамында күкіртсутегі 2,04 – 3,49%, азот 1,02 – 2,19%, көмірқышқыл газы 0,57 – 1,08% , құрамында гелийдің 0,01 – 0,014% мөлшері бар.

Қалыпты конденсат мөлшері газда 283 г/м3.Оның тығыздығы 711 – 746 кг/м3, күкірт мөлшері 0,64%.Топтық құрамда: метан 70%, нафтен 20%, ароматты 10% .Конденсат дебиті 34 – 162 м3/тәу.

Каспий шельфінің шығыс бөлігінде, соңғы жылдары геолого – сейсмикалық жұмыстар нәтижесінде көп деректі материалдар жиналып қалды. Осы материалдар көмегімен аймақтық ресурстарды толық зерттеп, жаңа мұнай және газ кен орындардың ашылыуына және тұзасты карбонаттар қабаттын зерттеуге негіз болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]