Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жансая нов, технолог,.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

3.2 Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп.Сізден танысыңыз 250 000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80 000, екі жылдан кейін – 90 000, үш жылдан кейін – 100 000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

2-есеп. Сізден танысыңыз 320 000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80 000, келесі үш жылда – 100 000-нан, 5-ші жылы – 110 000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп. 6 жылға шығарылған облигацияда процентті есептеу тəртібі мынандай: бірінші жылы – 10 %, келесі екі жылда – 15%, қалған үш жылда –17 %. Оның болашақ құны 1546,88 болатынын білсек, облигацияның номиналы қаншаға тең? БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Мөлшері 1500 инвестицияның болашақ құны 4 жылдан кейін 3000 болады. Оның табысы мынандай: бірінші жылы – 15 %, екінші жылы – 17 %, төртінші жылы – 23 %. Үшінші жылғы инвестиция табысын табу керек. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. Проект бойынша табыс 4 жыл ішінде мынандай: 50000, 100000,300000, 200000. айналым жылдамдығы 10 % болу үшін бастапқы шығын қанша болу керек? ВСД функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Табыс нормасы 9 % болу үшін төмендегі табыстардың бастапқы шығыны қанша болу керек: 2, 5, 6, 8, 10 млн. ВСД функциясын қолданыңыз.

7-есеп. Салымның жылдық ставкасы 15 %, сатып алынған күні – 10.09.2003, курс – 90 болса жəне жарты жылда бір төленсе купондық ставканың мөлшерін қандай? Облигацияның борышы өтеліп бітетін кез – 16.09.2008, курсы – 100.ДОХОД функциясын қолданыңыз.

4 Қою кестесі (таблица подстановки)

4.1 Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану

Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.

Шешуі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 4.1 суреттегідей құрамыз:

4.1-сурет – Берілгендер кестесі

Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:

=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)

Бұл формулада абсолютті адрестеуді қолданған дұрыс.

ə) Түрлі проценттік ставкада ай сайынғы төлемдер қалай өзгеретінін анықтау үшін сол мəндер орналасатын диапазондарды 4.2 суреттегідей дайындаймыз;

б) Берілген мəндер мен шығатын нəтижелер орналасатын диапазондарды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз, нәтіжесі 4.3 суретте көрсетілген;

в) Шыққан Таблица подстановки 4.4 суретте көрсетілген терезесіне дайындаған мəндердің формулада қай ұяшық орнына қойылатыны көрсетеміз. Біздің мысалымызда ол В4;

г) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға сəйкес 4.5 суреттегідей есептелініп шығады.

4.2-сурет – Мəндер кестесін дайындау

4.3-сурет – Қою кестесін ерекшелеу

4.4-сурет – Таблица подстановки терезесі

4.5-сурет – Бір өлшемді нəтижелік қою кестесі

4.2 Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану

Борышты өтеудің түрлі мерзімдері жəне түрлі проценттік ставкаға байланысты займ бойынша ай сайынғы төлемдерді есептеуді қарастырайық.

Шешімі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендер жазылған жұмыс бетін 4.6 суреттегідей дайындаймыз:

4.6-сурет – Берілгендер кестесі

Мұнда В5 ұяшығына =ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2) формуласын жазамыз.

ə) Түрлі проценттік ставка жəне мерзімдер үшін ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін мəндер кестесін 4.7 суреттегідей дайындаймыз:

4.7-сурет – Мəндер кестесі

б) Екі айнымалының мəндерін қолданып есептеулер жүргізілетін диапазонды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз. Шыққан 4.8 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:

4.8-сурет – Таблица подстановки терезесі

в) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға жəне мерзімге сəйкес 4.9 суреттегідей есептелініп шығады:

4.9-сурет – Екі өлшемді нəтижелік қою кестесі