Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жансая нов, технолог,.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

1.4 Диаграммалар (Графиктер)

Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм ) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады.

Диаграммаларды редакциялау үшін диаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатын Диаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға:

а) Диаграмма типі мен форматын өзгерту;

ә) Бастапқы берілген мәліметерді өзгерту, яғни:

1) диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту;

2) қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту;

3) Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту;

4) диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту;

5) диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.

1.5 Құрама кестелер

Құрама кестелер ақпаратты талдау үшін және мәліметтер қорында, жұмыс парақтарында, сыртқы файлдарда сақталынатын ақпараттарды жалпылау үшін қолданылады. Құрама кесте интерактивті кесте болып табылады, оның көмегімен мәліметтердің үлкен көлемдерін жылдам біріктіруге және салыстыруға болады, алғашқы мәліметтер бойынша әр түрлі нәтижелер алуға болады, сонымен бірге керекті облыстар бойынша мәліметтерді көрсетуге болады.

Құрама кесте тұрғызу. Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет.

Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында 1.3 суретте көрсетілгендей мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады.

1.3-cурет – Құрама кесте шеберің бірінші сатысы

Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін 1.4 суретте көрсетілген терезеде, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек.

Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы).

1.4-cурет – Құрама кесте шеберің екінші сатысы

Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің макеті берілген. Ол төрт аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные). 

1.5-cурет – Құрама кесте шеберің үшінші сатысы

Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады.