Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік саясат печатька жаңа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
264.49 Кб
Скачать
  1. Әлеуметтік саясат модельдері

  2. Әлеуметтік саясаттың шетелдік тәжірибесі

Ұсынылған әдебиеттер

  1. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

  2. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.

  3. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары- баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.

  4. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.

  5. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002

  6. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. -М, 1998

  7. Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997

15- ші дәріс.

Тақырып: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік.

Негізгі мақсаты:

Негізгі түсініктер: әріптестік принциптері, органдары, нысандары ұғымдары.

Жоспары:

  1. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік

  2. әлеуметтік әріптестік саясатпен байланысы.

Әлеуметтік серіктестік - халықтың ірі топтары мен қабаттары, атап айтқанда, кәсіпорындар, жалдамалы қызметкерлер және мемлекет арасындағы қоғамдық, әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеудін конфронтациялық емес тәсілі.

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР – МЕМЛЕКЕТ – КӘСІПКЕРЛІК.

Дәстүр бойынша тәрбиенің басты институты отбасы болып табылады. Бүгінгі бала тәрбиесінде ерекше орын алатын – отбасы, мектеп, қоғам. Ата – ана, мектеп, мұғалім арасындағы ынтымақтастық, өзара байланыстың маңызы зор. Екі жаққа үнемі қозғау салып отыратын бұл процесс үздіксіз де мәңгілік. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы Тәрбие мен оқудың тиімділігі отбасы, мектеп және айналасындағы социумның бірлескен жұмысына да байланысты. Мектеп пен отбасы – балаларды тәрбиелеудегі одақтас. Балаларға өзара құрмет, өзара көмек, сабақтастық және талап бірлестігі негізінде олар тәрбиенің көптеген проблемаларын бірлесе шешеді. Қазіргі кезде ата-аналар қоғамы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынастары әлеуметтік серіктестік деңгейінде құрылады.

Әлеуметтік әріптестіктің міндеттері

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік:

1) әлеуметтік, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;

2) қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін объективті ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

3) қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру;

4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптары арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдемдесу;

5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;

6) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласын­дағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-тұжырымдау міндеттерін шешуге бағытталған.

Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері

Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері мыналар:

1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;

2) тараптардың тең құқықтылығы;

3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;

4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;

5) тараптар мүдделерін құрметтеу;

6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;

7) келісім бойынша қабылданған міндетте­мелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауапты­лығы;

8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;

9) қабылданатын шешімдердің жариялы­лығы.

Әлеуметтік әріптестік органдары

Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары:

1) республикалық деңгейде — әлеуметтік әріп­тестік пен әлеуметтік және еңбек қатынас­тарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі — республикалық комис­сия);

2) салалық деңгейде — әлеуметтік әріп­тестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі — салалық комиссия);

3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде — әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі — өңірлік комиссия) арқылы тарап­тардың өзара іс-қимыл жасасуы нысанында;

4) ұйымдар деңгейінде — қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді бел­гілейтін келісімдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қам­тамасыз етеді.

Әлеуметтік әріптестік нысандары

Әлеуметтік әріптестік:

ұжымдық шарттардың, келісімдердің жоба­ларын әзірлеу және оларды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер;

еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қыз­меткерлердің еңбек саласындағы құқықта­рының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара консуль­тациялар (келіссөздер);

қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкіл­дерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.

Әлеуметтік әріптестік тараптары

Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өз өкіл­дері атынан қызметкерлер мен жұмыс беру­шілер әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады.

Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыру

1. Республикалық комиссия тиісті шешім­дермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптес­тік тараптарының мүдделерін келісуді қамта­масыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.

3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың жар­тысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

4. Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестік­терінің республикалық одағының (қауымдас­тығы­ның), шағын кәсіпкерлік жөніндегі респуб­ликалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъек­тілерінің республикалық салалық бірлестікте­рінің өкілдері жұмыс берушілердің республи­калық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін респуб­ликалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық негізде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыру

1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.

2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкіл­дері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық бөлім­шелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар сала­лық кәсіптік одақтар қызметкерлердің салалық бір­лестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

4. Салалық ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.

Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыру

1. Өңірлік комиссия тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консуль­тациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

2. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қыз­меткерлердің өкілдері өңірлік комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

3. Облыстық, қалалық және аудандық дең­гейдегі кәсіптік одақтар бірлестіктері қызмет­керлердің өңірлік бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

4. Өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері:

облыстық деңгейде — жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;

қалалық, аудандық деңгейлерде — шағын кә­сіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бір­лестіктер болып табылады.

  1. Тақырыпты пысықтау сұрақтары: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік

  2. әлеуметтік әріптестіктің саясатпен байланысы.

Ұсынылған әдебиеттер

  1. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

  2. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.

  3. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары- баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.

  4. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.

  5. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002

  6. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита трудящихся в обществе. -М, 1998

  7. Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997

Семинар сабақтарының тақырыптары мен өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ, СӨЖ және семинар сабақтарын өткізуге арналған

әдістемелік нұсқаулар

Компьютер, мультимедиа, аудиовизуальді материалдарға негізделген оқытудың жаңа технологиялары ақпараттарды оңай игеруге, тез арада белсенді түрде сол ақпаратпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Әрине бұл өте тамаша! Бірақ сонда да оқытудың негізгі әрі тиімді әдісі болып кітаппен жұмыс жасау қала бермек. Өкінішке орай, тәжірибеміз көрсетеді: студенттердің гуманитарлық ғылымдар бойынша күрделі және әр түрлі әдебиеттермен жұмыс жасау, олардан керекті ақпаратты ала білу және оны дұрыс қолдану дағдысы қалыптаспаған. Бұл жағдай оқу үдерісінде үнемі өсіп келе жатқан талаптарға қайшы келеді. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.

Кітаппен жұмыс жасау. Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

  • гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);

  • кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

  • кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

  • қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

  • кітапты оқып отырып оған өзінше зерттеу жүргізе білу қажет, оның бірнеше түрлері бар, оқыған кітап бойынша жоспар, көшірмелер, тезистер, аннотация, резюме (түйін), конспект.

Жоспар дегеніміз - оқығаныңыз туралы қысқаша жазба болады, оған кітапта немесе мақалада кездескен негізгі сұрақтар тізімін жазасыз.

Тезис дегеніміз - одан күрделірек, текст бойынша негізгі тұжырымдар мен теріске шығаруларды теру. Тезис материалды есте жақсы сақтау үшін және пікір-таластың негізі үшін қажет.

Аннотация дегеніміз – қысқаша мазмұндама, ол мақала, кітап туралы жалпы түсінік береді.

Резюме - шығарманың негізгі қорытындысын сипаттайды.

Конспект дегеніміз – кең таралған жазба түрі, ол жоспар жасалынған соң, жазылады. Конспектінің негізі материалы тезистер, қосымша ой-тұжырымдары мен дәлелдер. Конспектінің үш түрі бар: текстуалді, еркін және тақырыптық. Текстуалді конспект кітаптан немесе мақаланың деректерін сол бетінше қысқаша құрылысын өзгертпей көшіру. Еркін конспект оқушының өз ойына, талабына, ыңғайына қатысты жазылады. Тақырыптық конспекте негізге тақырып немесе мәселе алынады да ол бірнеше дерек көздерінен алынуы мүмкін. Конспектінің негізгі ерекшелігі қысқартулар мен белгілерді пайдалану және уақытты үнемдеу. Конспект ұқыпты, түсінікті және жылдам жазылуы тиіс: минутына 120 белгі ең төменгі жылдамдық, ал 150 белгі – ең жоғарғы жылдамдық болып табылады. Өзіңізді тексеріп көріңіз.

Көптеген зерттеушілер сонымен бірге карточкаларды пайдалануды ұсынады. Ол да кітаппен тиімді жұмыс жасауға көмек. Карточка бірдей ақ қағаздан жасалынады, бір жақ бетіне ғана жазылады. Оған кітаптың, мақаланың авторын, атауын және негізгі мазмұнына қатысты сөздерді жазуға болады. Кітаппен жұмыс жасауда жүйелілік қажет, жүйесіз жұмыс хаоспен тең. Атақты ойшыл К.Д. Ушинский былай деген екен: «Тек жүйе ғана біздің білімімізге билік береді. Қалдық, байланыссыз білімге толы бас шашылып жатқан қоймаға тең, онда қожайынның өзі ештеңе таба алмайды». Сонымен бірге мынадай да бір сөз бар «Жақсы бастан жаман қарандаш артық».

Реферат жаза білу. Әдебиеттермен толық танысып болған соң белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша реферат жазуды үйрену қажет. Реферат кітап пен мақалаларды көшіріп жаза беру емес. Ол кітап пен мақалалардың мазмұнын жеткізе білу, өз бетімен ойлау, сол ойларды ғылыми тілде жаза білу және сараптама (анализ) жасай білу. Конспектке қарағанда реферат шығармашылық белсенділікті, оқыған әдебиеттерді өз бетімен жинақтай білуді және сыни көзқарасты дәлелдей білуді қажет етеді. Рефераттың үш түрі жиі кездеседі: реферат-экстракт – алғашқы құжаттан алынған түпнұсқалық сөйлемдерден тұрады, қайта сөйлеткен реферат – түпнұсқалық сөйлемдерді өз бетінше қайта құрастыру арқылы жасалынады, түсіндіру рефераты деректерді түсіндіру міндетін атқарады.

Рефераттың көлемі компьютерлік текстпен 15-20 бетті құрайды. Оның құрылысы:

Кіріспе

1-Бөлім. § 1, § 2.

2-Бөлім. § 1, § 2.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Рефераттың тақырыбы бөлімдері мен параграфтардың тақырыптарын қайталамау қажет. Тақырып 3-5 сөзден құрылуы тиіс. Рефераттың тақырыбын өзіңізге таныс, қызықтыратын әдебиеттер төңірегінде таңдаған дұрыс. Реферат жазу үшін ең алдымен әдебиеттерге шолу жасалынады, содан кейін жоспар жасайсыз, оны оқытушымен келісіп жасауыңыз қажет. Нақты жоспар бойынша реферат жазу оңайырақ болады. Ең бастысы кіріспе мен қорытынды. Кіріспеде тақырыпты неге таңдадыңыз, оның маңыздылығы және бұл тақырыпты зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасауыңыз қажет. Ал қорытынды да өз тұжырымыңыз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз, бұл мәселе төңірегінде ұсыныстарыңыз болса, тың идеяларыңыз болса, сол туралы жазасыз. Бөлімдерді жазғанға көмек: негізгі жұмысыңыз былай болуы тиіс: кітаптағы немесе мақаладағы тексті оқу – анализ жасау – ақпараттарды жинақтау – жаңа текст шығару: терминдер мен символдарға түсінік беру; кестелерді тек рефераттың мөлшерін азайту үшін, көп ақпаратты үнемді қылып жеткізу үшін пайдалану қажет; ұзақ сөйлемдерді қолдануға, қайталауға болмайды. Егер кітаптағы немесе мақалады сөзді түпнұсқасын жазғыңыз келсе, оны тырнақша арқылы жазуыңызға болады. Тек ол тексті қайдан алғаныңызды көрсетуді ұмытып кетпеңіз. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімін әртүрлі құруға болады: алфавит бойынша, рефератта қолданған кезекке байланысты, немесе шыққан жылдарын қарай. Әрбір бөлімді жинақы оймен аяқтаған жөн. Рефераттың сыртқы беті әдістемелік нұсқаудың соңында көрсетілген.

Рефератты қорғау немесе презентация. Бұл сіздің өздік жұмысыңыздың қорытындысын білдіреді. Яғни сіз өзіңіздің қандай жұмыс жасағаныңызды, шығармашылық деңгейіңізді көрсете аласыз. Бұған қалай дайындалуға болады? Ол үшін өзіңіз келесі жоспар бойынша дайындалуыңызға болады:

  • Жұмыстың мақсатын анықтау. Өзіңізге қанша уақыт бөлінгенін білу қажет. Егер нақты ақпарат жоқ болса, оқытушыдан сұрауды ұмытпаңыз.

  • Сіз ауызша сөйлеген кезде негізі ойы-бағытыңыз қандай болмақ. Бұл сіздің компасыңыз тәрізді болмақ және ойыңыз бәріне түсінікті болу қажет.

  • Сіздің сөзіңіз қандай жанрда? Өзіңіздің рөліңізге байланысты соттағы адвокаттың, үгіт-насихат кезіндегі кандидаттың, симпозиумдағы оқымыстының сөз сөйлеу үлгісін таңдауға болады немесе телевизордағы, кинофильмдерде көргендеріңізге ұқсауға болады.

  • Дәлелдерді жинақтау өз күшіңізді анықтап алу. Пікір-талас туып қалған жағдай болса сіз өз ойыңызды дәлелдей ала аласыз.

  • Сөз сөйлеудің де жоспарын дайындап алыңыз. Бірінші, екінші ... деп пунктерге бөліп алыңыз. Үш-төрт пункт жеткілікті.

  • Тыңдаушылар жалығып кетпесін. Мысалдар мен афоризмдер, тіпті анекдотпен көркемдеуге болады. Тек оның бәрі сіздің ойыңызды ашуға көмектесуі тиіс.

  • Сөйлеу жылдамдылығы. Ол не тез, не баяу болмауы қажет, негізгі ойды айтқанда сөз сөйлеу ритмін өзгертуге болады.

  • Сөз сөйлеуге дайындалу қажет. Достарыңыздың немесе айнаның алдына отырып сөзіңізді дайындаңыз. Берілген уақытқа үлгеруге тырысу қажет. Тәжірибелі оратор, саясаткер Уинстон Черчилльдің өзі бірнеше күн бойы дайындалған.

  • Егер сіз жалғаз емес топпен бірге сөйлейтін болсаңыз өз текстіңізді басқалармен салыстырып алыңыз. Қайталанулар болмауы қажет.

Реферат тақырыбы бойынша студент семинар сабағында, конференцияда айтуға болады.

  • рефератты бағалағанда келесі пунктерге баса назар аударылады:

  • жазылған материалды толық әрі жүйелі түрде жеткізе білу;

  • сұрақтар қойылғанда, өз ойын дәл айтып дәлелдемелерді дұрыс қолдана білу;

  • рефератты жазу барысында өзіндік дағдының жоғарғы болуы.

Пікір-таластың өткізілу методологиясы

Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:

  • Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?

  • Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.

  • Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.

Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға үйретеді.

  • Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.