- •Sgosm « әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» пәНі бойынша
- •5В010500– Дефектология мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі:
- •1.9 Баға туралы ақпараттар:
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары
- •Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезисі
- •1 Г май (организмде өзгергенде) 9,3 ккал (килокалория),
- •1 Г белок - 4,1 ккал
- •2.Мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.
- •Тақырып: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
- •Әлеуметтік аурулар және оның алдын алу шаралары
- •Негізгі әлеуметтік аурулар туралы мәліметтер. Қатерлі ісіктер
- •Нашақорлық- медициналық және әлеуметтік проблема
- •3. Алкоголизм және оның әсері
- •Нашақорлық және оның әсері.
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •Курстық жұмыстар тақырыбы
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссари
- •2.11 Әдістемелік нұсқау
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
Тақырып: Спорт – денсаулық қалыптасуының маңызды аспектісі. Мүмкіндіктері шектелген балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы.
Дәріс тезистері:
1.Дене тәрбиесінің психо-физиологиялық қалыптасудағы ролі.
2.Қимыл – қозғалыс әрекеттерінің түрлері және олардың денсаулыққа
әсері
3. Дене шынықтырудың негізгі принциптері .
4. Мүмкіндіктері шектелген балалар дене тәрбиесінің ерекшеліктері
Қазіргі өмір әлеуметтік саладағы шынайы өзгерістерсіз мүмкін емес, ал оның ең негізгі бағдары адам денсаулығының күйі болып табылады. Бұл елдің өркениетін, тіршілікке қабілеттілігін анықтайтын факторларының бірі болуы мүмкін.
Адамның денсаулық күйі өмір салтына (50% дейін), тұқым қуалаушылыққа (15 - 20%), қоршаған ортаға (15 - 20%), медицинаға (15-20%) байланысты болатындығы белгілі. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерді ескере отырып, негізгі назарды оқушының өмір салтына аударған жөн, себебі басқа факторлар педагогикалық әсерге аз тәуелді болып келеді. Сондықтан арнайы (коррекциялық) мекемелердің негізгі мақсаты - оқушылардың салауатты өмір салтын түзуде педагогикалық ұжымның барлық күш жігерін жұмылдыру болып табылады. Бұған өмір сүру, тамақтану, күн тәртібі, оқу – танымдық қызметін ұйымдастыру жағдайлары және спортпен, дене тәрбиесі сабақтарымен айналасу жүйесі жатады.
Оқушылардың физикалық дамуын жетілдіру мақсатында арнайы педагогика мен психологияның, физиологияның және дене тәрбиесінің қазіргі таңдағы ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып жүргізу қажет.
Арнайы (коррекциялық) мекемелердегі дене тәрбиесін жетілдіру негізінде төмендегідей ұстанымдарды қолдану қажет:
оқушылардың өмір салтына дене тәрбиесін ендіру, оларда денсаулық мәртебесін түзу;
дене тәрбиесі құралдары арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту;
оқушылардың физикалық дамуын және денсаулығын жүйелік құжаттандыру, оның нәтижелерін барлық денгейде талдау;
мұғалімдердің және әкімшіліктің компьютерлік жүйені қолдануы;
мүмкіндігі шектелген балаларды физикалық дамытуда және денсаулықтарын сақтау сұрақтарында педагогтармен ата - аналардың біріккен жұмысын жүргізу;
Сонымен бірге, балаларды оқыту және тәрбиелеуде Л.С. Выготский өңдеген проблемалық оқыту әдістерін, әрекеттік амалды, қызметтік ойындарды, оқытудың ұжымдық тәсілдерін және т.б. принциптерін қолданған дұрыс.
Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдары әр түрлі болып келеді:
әр түрлі терминдерді, олардың үйлесімдерін есте сақтау;
қозғалыс қызметтерін сөзбен жанамалау;
физикалық жаттығуларды орындауын сыныптастарының бағалауы және өзін өзі бағалауы;
теориялық сынақ;
қозғалыс қызметтерін сөзбен реттеу;
проблемалық оқыту;
қызметтік ойындар, қозғалыс қызметтерін оқыту кезіндегі теориялық «мидық әрекет»;
дене тәрбиесі, қозғалыс физиологиясы теориясынан білім береді;
Келесі концептуальды амалдың негізін Я.А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика» еңбегінде қалады. Ол принциптің негізі адамның табиғи қабілетін педагогика және табиғат заңдарын сақтай отырып толықтай дамыту болып табылады.
Адамның табиғатында өмір сүруге өте қажет заттар бары белгілі. Бұл тағамға, ұйқыға және қозғалысқа деген қажеттіліктер. Оқушыларда алдыңғы екі қажеттіліктер толық қанағаттандырылса, қозғалысқа деген қажеттіліктің 10 - 12% ғана өтеледі. Осылайша, қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі пайда болады, яғни барлық ағзаның тіршілік қабілеттілігін төмендететін «қозғалыс аштығы» пайда болады.
Қазіргі таңдағы оқу процесіне талдау жасасақ, төмендегідей жағдайды көруге болады, яғни бірде бір пән оқушының көру анализаторын және ағзаның тіршілік әрекетін дамытпайды. Керісінше, оқыту процесінің белгілі бір дәрежесі бала денсаулығын төмендетеді, олардағы созылмалы аурулар санын ұлғайтады. Бұл жағдайда «Дене тәрбиесі» пәні оқушының денсаулығына басқа пәндер түсіретін жүктемеден қорғауға күш салады. 20 – ғасырдың 20-30 жылдары алдыңғы қатарлы педагогтар М.М. Пистрактың, С.Т. Шатскийдің, А.С. Макаренконың педагогикалық ойларын іске асыру мақсатында әр түрлі тәжірибелік алаңдар, мектептер, балалар колонияларын құрды, онда оқушылар дене тәрбиесімен күніне 1,5 сағаттан кем емес уақыт айналысты, яғни қозғалыс белсенділігінің қажетті оптимумына ие болды. Кейіннен В.А. Сухомлинский оқушыларымен табиғатта сабақтар жүргізді, В.Ф. Шаталованың мектеп – зертханасында дене тәрбиесінің сабақтары күнделікті жүріп отырды.
Осылайша, педагогика саласындағы аса көрнекті мамандар қозғалыс режиміне көп көңіл аударды. Қазіргі уақытта бұл жағдай дене тәрбиесінің аптасына екі сабағымен шектелген. Осыдан туындаған жағдайларды өзгерту мақсатында төмендегідей ұсыныстарды жасауға болады:
сабақтар көлемін 5 минутқа қысқарта отырып, соның есебінен 30 минутқа созылатын «денсаулық сағатын ұйымдастыру»;
оқушыларға қозғалыс белсенділігінің қысылуын болдырмайтын киім ұсыну;
физкультминуттарда көз белсенділігін арттыратын тренажерларды қолдану;
төменгі сынып оқушыларына жазу, сызуды қозғалыс режимінде үйрету;
аптасына дене тәрбиесінің төрт сабағын өткізу;
Дене тәрбиесі проблемаларын шешудегі маңызды амалдың бірі оқушылардың физикалық дамуын және денсаулығын жүйелік құжаттандыру, оның нәтижелерін барлық денгейде талдау болып табылады.
Қазіргі таңда дене тәрбиесі құралдары арқылы дамуында ақаулығы бар балаларды сауықтырудың көптеген педагогикалық технологиялары өңделген. Осындай технологиялардың бірі оқушының денсаулық және физикалық дамуын құжаттау болып табылады. Мектеп практикасында бұл құжаттың болуы мынандай мәселелерді шешеді: оқушының физикалық дайындығы, физикалық дамуы және денсаулығының негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер жинақталады, баланың ұзақ жылдар бойғы денсаулық күйімен қозғалыс сферасының динамикасын бақылауға мүмкіндік береді, мұғалімге, оқушының өзіне оның ата – анасына түсінікті болады.
Құжат мазмұнына физикалық даму, қозғалыс қабілеттілігі, сонымен бірге оқушының денсаулық күйін сипаттайтын бір қатар параметрлерді енгізуге болады.
Оны ендірудің әдістемелік аспектілері төмендегілер болып табылады:
денсаулық паспорты әр бір баланың жеке бас ісінде сақталады,
оқушының физикалық даму көрсеткіштері дәрігермен медициналық бикемен немесе дене тәрбиесінің мұғалімімен анықталса, физикалық дайындық көрсеткішін дене тәрбиесінің мұғалімі анықтайды. Оның нәтижелері құжатқа енгізіледі;
медициналық көрсеткіштер (көз жанарының күйі, медициналық топ, созылмалы аурулар) дәрігермен немесе медициналық бикемен жылына екі рет анықталып құжатқа енгізіледі.
Оқушының денсаулық күйінің және физикалық дамуының құжат мәліметтері жекелеген оқушылардың, сонымен бірге бүкіл сыныптың сәйкес дайындық бағдарламасын өңдеуге мүмкіндік береді.
Генетика мамандары болашақта балалардың денсаулығы қарқынды түрде нашарлай берсе еліміздің сау генофоны жоғалып кетуі мүмкін деген ой айтады.
Осыған сәйкес, дене тәрбиесінің ролін арттыру мақсатында педагогтар және ата – аналар арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізген жөн. Қазіргі таңдағы экологиялық және әлеуметтік – экологиялық жағдайда бала ағзасын аурудан сақтандыратын күшті қорғаныс қажеттілігі туындап отыр, бұнда ерекше орынды дене тәрбиесі сабақтары алады. Себебі ол ағзадан әр түрлі зиянды заттарды шығаруға, зат алмасуды және тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін барлық жүйелер қызметтерін қалпына келтіруге көмектеседі.
Педагогтар және ата – аналар - бұл қандайда болмасын проблемаларды шешуде табыстарға жететін қоғамдық ұйым. Аталған проблемаларды шешуде бұл ұйым төмендегідей шараларды іске асыра алады:
мектеп, сынып және жанұя деңгейінде «Денсаулық бағдарламасын іске асыру»;
педагогтар және ата- аналардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде мектепте және сыныпта денсаулық үйірмелерін құру, олардың жұмысына белсене қатысу;
«үй стадионын» жабдықтау;
мектепте қарапайым спорт алаңдарын жасау және оны спорттық құралдармен жабдықтау;
оқушылардың физикалық дамуын және денсаулығын жүйелік құжаттандыру, оның нәтижелерін барлық денгейде талдауға қатысу;
оқушылар арасында спорт мерекелерін, жарыстар өткізуді ұйымдастыру және қатысу;
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» «Қазақстан Республикасы мектептерінің білім мазмұны тұжырымдамасында» жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу ісінің сапасын жақсарту – қоғам алдына қойылып отырған негізгі міндет деп белгіленіп бұл мәселеге ерекше мән берілген.
Білім берудің басты мақсаты – экономикалық ойлауы дамыған, адамзат құндылықтарын меңгерген, жан – жақты мәдениетті, өмірлік мәселелерді шешуге икемделген жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда олардағы бұзылған және әлі толық қалыптаспаған қозғалыс қызметтерін дамыту мақсатында физикалық жаттығулардың арнайы жүйесін қолдану ұсынылады. Осы мақсатта дене тәрбиесі сабақтарында әр түрлі физикалық жаттығулар кеңінен қолданылады, бірақта оларды қолдану әдістемелері әдебиеттерде толығымен қамтылмаған.
Жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру тәрбиесінің негізіне адамзат құндылықтарының бәрі жатады. Олар: ақыл және ой – өріс, жеке бастың кәсіптік бағдары, адамгершілік, дене тәрбиесі, экологиялық және этнопедагогикалық мәдениет.
Осы ретте бірінші кезекке, бұрынғысынша оқушының пәндік білім, білік дағдылардың белгілі пәннің жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекеттерін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу қойылып, ең алдымен білім, білік дағдыларлы меңгерудің негізі ретінде оқушының дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін шешу мәселесі қойылып отыр.
Бұл міндеттер көмекші мектептерге де тікелей қатысты және қазіргі кезеңдегі дене тәрбиесінің де өзекті мәселелері болып саналады.
Физикалық жаттығу сабақтары адамның ең негізгі қажеттілігі – оның қозғалысқа деген әуестігіне (кинезофилия) негізделген. Физикалық жаттығуларды кеңінен қолдану адамның бүкіл тіршілік әрекетіндегі локомоторлы аппаратының мәнімен анықталады. Ағзаның барлық маңызды жүйелерінің, соның ішінде ішкі мүшелерінің қалыпты қызметінің және ұйымдасуының негізгі жағдайы болып моторлы белдсенділік табылады.
Психиканың және моториканың арасындағы органикалық байланыс ерте кезден белгілі болған. Психика моторлы қызметтермен бейнеленеді, бірақта бұл байланыс екі жақты болып табылады, себебі моторика проприоцепция арқылы психикаға әсер етеді. Сондықтан, мүмкіндіктері шектелген балаларға дене тәрбиесімен және еңбек қызметімен айналысу өте қажет болып табылады.
Моторлы анализатордың рецепторлы қызметі (проприоцепция немесе кинестезия) вегетативтік және соматикалық мүшелерді ғана реттеп қоймай, сонымен бірге ағзаның бүкіл жүйкелік трофикасын реттейді. Вегетативті қызметтерді басқарудағы жетекші рөлді проприоцепторлар атқарады, ал моториканың басым болуының негізгі себебі болып вегетативті орталықтармен салыстырғандағы моторлы орталықтардың анағұрлым жоғары қызметтік лабильділігі табылады. Сондықтан моторлы анализатордың және оның локомоторлы аппаратының қызметтік күйін өзгерте отырып ағзаның әр түрлі жүйелеріне (жүрек – тамыр, қозғалыс, бұлшық ет және т.б.), сонымен бірге әр түрлі анализаторлар (көру, вестибулярлы және т.б.) қызметтеріне бағытты түрде әсер ету мүмкіндігі бар.
Моториканың негізгі рөліне сәйкес проприоцепция орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) арқылы вегетативті сфераны қаңқа бұлшық еттерінің қажеттілігіне бейімдейді, ал интероцепция гомеостазды қалпына келтіреді.
Адамның денсаулығы бұлшық ет - буын аппаратында проприоцепция арқылы, ал ішкі мүшелер жүйесінде – интероцепциямен жүзеге асатын афферентация негізінде мүшелерді реттелуімен қамтамасыз етіледі. Осы байланыстың болуының нәтижесінде мүшелердің әрбір жүйесіне өзін өзі реттеу тән. Моторлы аппаратта ол бұлшық ет қозғалысын және тонусын үйлестіреді.
Бірақта проприоцепция және интероцепция негізіндегі өзіндік реттелуден басқа теріс және оң кері байланысы бар физиологиялық қызметтерді анағұрлым күрделі және кең реттейтін жүйе аралық реттелу туындайды. Оң байланыс өзара байланысқан қызметтердің біреуінің ұлғаюы кезінде (мысалы, бұлшық ет қызметі тыныс алуды және қан айналымын қарқындандырады) басқа қызметтің қарқындауын тудырады. Теріс кері байланыс бір процестің қарқындауы кезінде екіншісінің әлсіреуін (мысалы, қарқынды физикалық жүктеме ас қорыту аппаратының қызметін әлсіретеді, ал соңғысының белсенді қызметі бұлшық ет тонусын төмендетеді) тудырады. Бір жүйке бір ішкі мүшеге қатысты оң байланысты реттей отырып, басқа мүшеде – кері байланысты реттейді.
Патологиялық күйлерде және ақаулық жағдайларда (мүмкіндіктері шектеулі балаларда) кері байланыс түрі өзгеруі мүмкін, ал ол өз кезегінде физиологиялық қызметтердің әсіресе тыныс алу аппаратының және жүрек - қан тамыр жүйесінің күрт дисгармониясын туындатуы мүмкін. Бұндай жағдайлардағы физикалық жаттығулардың мақсаты ағзаның барлық қызметтерін өзіне бағындыратын моториканы қайта қалпына келтіру болып табылады.
Қозғалыстың жеткіліксіздігі немесе шектен тыс қозу кез келген ауруды күшейтіп қана қоймай және жүйке бұлшық ет аппаратының патологиясына әкеле отырып, мүмкіндігі шектелген балалардың анализаторлар қызметіне теріс әсерін тигізеді.
Проприоцепция моторлы және вегетативті орталықтардағы қозу процестерін күшейтіп қана қоймай, белгілі бір жағдайларда оны шектеуге қабілетті. Бұдан дене тәрбиесі – реттеу механизмдерінің терапиясы екендігін көреміз. Ол әр түрлі жетіспеушіліктерді жою жолында ағзаның өзінің бейімделу, қорғаныс, компенсаторлық қасиеттерін шоғырландырудың анағұрлым тиімді биологиялық жолдарын қолданады. Сондықтан мүмкіндіктері шектеулі балалардың дене тәрбиелеу практикасында олардың ағзасының әр түрлі қызметтік жүйелеріне және анализаторларына физикалық жаттығулардың іріктеулі педагогикалық әсерді нақтылау қажеттілігі туындайды.
Қимыл қозғалысында ақаулығы жоқ адамдар үшін дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу – бұл белсенді даму әдісі болса, мүмкіндігі шектелген бала үшін дене тәрбиесі қимыл жүйесіндегі ақаулықты жоюдың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондықтан да мүмкіндіктері шектелген балаларды дене тәрбиесімен белсенді айналысуға жұмылдыру арнайы (коррекциялық) мектептердегі оқу – тәрбие жұмыстарының кешеніндегі маңызды тізбек ретінде қарастырылуы тиіс. Дене тәрбиесі жаттығуларын қолданудың жағымды ерекшеліктері:
әмбебаптылық (ағзада қозғалыс әсерін тигізбейтін бірде бір мүше болмайды);
жағымсыз кері әсердің болмауы (тиімді физикалық жүктемені пайдаланаған кезде);
шектеу қойылмайтын ұзақ қолдану мүмкіндігінің болуы, яғни емдік және алдын алу шараларының жалпы сауықтыру және машықтандыру шараларына ауысуы.
Жетілмеген қызметтерді теңгерудің және бұзылған қызметтерді коррекциялаудың тиімді құралы ретінде дене тәрбиесі жүйесін дер кезінде (неғұрлым ерте) қолдану кемақыл балалардың дамуындағы екінші ретті ауытқулардың алдын алуға септігін тигізеді.
Л.С. Выготскийдің тұжырымы бойынша, коррекциялық педагогикалық процесті баланың дамуындағы сақталған қозғалыс мүмкіндіктерін пайдалану туралы ойларының негізінде құру қажет.
Қозғалыстағы бұзылыстарды анықтау сақталған қозғалыс мүмкіндіктерді анықтаумен параллельді түрде жүргізілуі тиіс.
Дене тәрбиесінің мұғалімі өзінің практикалық қызметінде баланың сақталған қозғалыс мүмкіндіктерімен бірге бұзылған қозғалыс мүмкіндіктерін де анықтай алуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі баланың қозғалыс сферасын бағалаған кезде сақталған қозғалыс мүмкіндіктерімен бірге бұзылған қозғалыс мүмкіндіктері де кездесуі мүмкін. Осы ерекшеліктерді, бұзылыс дәрежесін анықтау маңызды болып табылады, одан кейін ғана оларды түзету мақсатымен сақталған қозғалыс мүмкіндіктерін белсенді дамыта отырып сәйкес жаттығулар белгіленеді.
Мысалы, егер баланың тепе теңдік қызметі бұзылса, оны түзету үшін педагог сақталған қозғалыс мүмкіндіктерін анықтауы тиіс және оны дамыта отырып берілген бұзылысты түзету шараларын қолдануы қажет. Мүмкіндігінше бұндай баланың табан бұлшық еттерін бірінші кезекте дамыту қажет, сонымен бірге аз салмақ түсіру негізінде динамикалық және статикалық әр түрлі жаттығуларды орындау арқылы тепе теңдік қызметін жетілдіру қажет, яғни тепе теңдік элементтерімен бірге түрлі қозғалыс ептілігін және дағдыны түзу керек.
Кемақыл балалардың қозғалыс сферасының дамуын басқару олардағы әр түрлі локомоциялармен, еркін қозғалыстардан байқалатын және олардың жалпы психофизикалық дамуына кері әсерін тигізетін қозғалыс бұзылыстарының және физикалық дамуының ерекшеліктерін зерттеуді жорамалдайды.
Бас миы қыртысының органикалық зақымдалуы балалардың психикалық және физикалық дамуына кедергі жасап қана қоймай, оларда ерікті қозғалыстардың түзілуіне де кедергі жасайды. Бұл жағдайда ерікті қозғалыстар бас миының жалпы қызметінің нәтижесі болып табылатындығын және ол үлкен ми сыңары қыртысының зақымдалуы кезінде анағұрлым күрделі ұйымдасқан қызмет ретінде бұзылысқа ұшырайтындығын ескерген дұрыс. Мидың әр түрлі зақымданулары кезіндегі ерікті қозғалыстардың бұзылуы кешенді афферентті жүйелер құрамына енетін, ерікті қозғалыстарды ұйымдастыруға қатысатын бас миы қыртысының кез келген бөлігінің зақымдалуымен оның бұзылысына әкеледі (А.Р. Лурия, 1962). Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) төменгі бөлімдерінің зақымдалуы қарапайым қозғалыс бұзылыстарын тудырса, жоғарғы бөлімдерінің зақымдалуы саналылықты қажет ететін күрделі қозғалыс қимылдарының бұзылуын тудырады.
Кемақыл балаларда бас миы қыртысының жаппай органикалық зақымдалуына байланысты көп жағдайда ерікті қозғалыстың бұзылуы олардағы қимыл деңгейінің дамуының белгісі болып табылады.
Бұндай балалардың қозғалыс жеткіліксіздігін түсіндіру үшін Н.А. Бернштейн өңдеген қозғалысты құрудың көп деңгейлі теориясына сүйенуге болады, яғни орталық жүйке жүйесінің неғұрлым жоғарғы деңгейі зақымдалса, соғұрлым қозғалысты саналы түрде игеру мүмкіндігі болмайды. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлігінде орналасқан церебральды деңгейлер жоғары орналасқан деңгейлерге қарағанда анағұрлым аз зақымдалады, соған сәйкес қарапайым қозғалыстарды басқару реттілігі сақталады.
Мүмкіндігі шектелген баланың қозғалыс тәжірибесінің болмауына байланысты оның жалпы психофизикалық дамуы тежеледі, себебі ол басқа балалармен қалыпты деңгейде қарым – қатынас жасамайды, олармен ойнай алмайды.
Кемақыл балалардың қозғалыс сферасының даму ерекшеліктерін және жалпы заңдылықтарын білу қозғалыс бұзылыстарын тиімді түзету әдістерін және педагогикалық құралдарды іздеу үшін маңызды болып табылады.
Кемақыл оқушылардың орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) зақымдалуына байланысты еркін қозғалыстарды орындаған кезде ақпарат бас миының қыртыс қабатына бұрмаланған күйінде жетуі мүмкін, соған байланысты моторлы актілер зақымданған, бұрмаланған түрде болады. Сондықтан да осындай балалардың негізгі локомоцияларындағы еркін қозғалыстарының сапалы сипаттамасын қарастырған кезде әр түрлі бұзылыстарды табуға болады.
Н.А. Бернштейн (1966) ұсынған қағидаға байланысты еркін қозғалыс түзілуінің алғашқы кезеңі, қозғалыс актісінің бағдарламалануы жоғары қыртыс қабаты деңгейінде жүреді. Одан ары қозғалыс актісін игеруде оның бағдарламаланған құрам бөлігі ОЖЖ жоғары бөлімдерінен филогенетикалық жағынан адам дамуының анағұрлым ерте кезеңінде пайда болған төменгі бөлімдеріне беріледі.
Қыртыс, қыртыс асты өзара байланыстардың осы түзілу механизмдері қозғалыстарды басқару және бақылау кезіндегі қозғалыс дағдыларының автоматизациясының физиологиялық негізі болып табылады. Бұнда маңызды рөлді экстрапирамидті жүйе атқарады, оның зақымданған жағдайында қозғалыс дағдыларының автоматизациясы өте баяу жүреді, яғни арнайы түзету шараларын қажет етеді.
Осыған байланысты кемақыл баланың моторикасының жалпы дамуындағы қозғалыс дағдыларының сипатын, оның түзілу заңдылықтарын ескеру керек. Осындай заңдылықтардың бірі - системогенез. Системогенез дегеніміз – соңғы нәтижесі бейімделушілік болып келетін әр түрлі шоғырланған құрылымдардың қызметтік бірлігі (П.К. Анохин, 1968). Бұнда әр түрлі қызметтік жүйелердің онтогенетикалық дамуындағы гетерохрондылығына және эволюциялық жетілуіне ерекше мән беріледі.
Адамның қозғалыс аппараты бостандықтың жоғары дәрежесіне ие жүйе болып табылады, және қыртыс аппаратының осындай жүйені басқаруы өте күрделі, ал оны шешуде адамның координациялық қабілеттілігі маңызды рөль атқарады.
Қозғалыс аппаратының қызметі оның локомоторлы актілері – жүру, жүгіру, секіру және лақтырудан тұрады.
Жүру және жүгіру – циклдық сипаттағы әрекеттер, себебі бір циклдағы қозғалыстың барлық фазалары басқасында да сондай кезектестілікпен жүреді. Барлық циклдар бір бірінен ажырағысыз, одан кейінгісі оның алдындағысының жалғасы және келесі қозғалыстың басталуы болып табылады.
Циклдық қозғалыстардың физиологиялық механизмінің негізі шартты рефлекс болып табылады. Ол ырғақты қозғалыс тізбекті рефлекспен анықталады (Н.А. Бернштейн, 1966).
Кемақыл балалардың ерте жасында жүрудегі қозғалыс дағдысы өзінің қатарластарымен салыстырғанда кешеуілдеп дамиды. Себебі қозғалыс координациясы қабілеттілігі жеткіліксіз дамиды, сондықтан ондай балалар айқасқан қозғалыстардан гөрі бір бағытты қозғалыстарды жеңіл игереді.
Жүру – адам локомоциясының негізгі түрі. Жүру актілерінде дене бұлшық еттерінің көптеген топтары қатысады, соған байланысты ағзаның барлық физиологиялық жүйелерінің қызметі қарқындайды. Сондықтан да саппен жүру оқушылардың ұжымдық әрекеттерін жақсаратды, олардың ұйымшылдығын арттырады.
Жүгіру - циклдық сипаттағы әрекет, онда қозғалыстың бір тіректі фазасы ұшу фазасымен кезектесіп отырады. Жүгіру локомоциясының түзілу процесінде бұлшық ет күшін реттейтін жүке жүйесінің әр түрлі динамикалық стереотиптері қалыптасады. Жүйке орталықтарындағы қозу ұзақтығы бұлшық еттің жұмыс қабілеттілігінің қалпына келуін қамтамасыз етпейтін, нәтижесінде олардың қажуын тудыратын тежелудің қысқа фазасымен үйлеседі.
Жүгіру локомоциясын басқарудың күрделілігі қозғалыс траекториясы байланысты болатын бұлшық ет жұмысының қысқа мерзім ішіндегі тірек кезіндегі орындалуымен анықталады. Егер жүру кезінде тірек үздіксіз болатын болса, жүгіруде ол қысқа уақытты және кеңістіктегі қадам сипатын түзету қиынға соғады. Жүгіруге баллистикалық қозғалыстар тән, оларды тірек кезінде түзету мүмкіндігі болмайды (Н.А. Бернштейн, 1966; В.С. Фарфель, 1975).
Ациклдық қозғалыстар – бір реттік, қозғалыстың басталуы және соңы болады. Циклдық қозғалыстарға қарағанда бұндай қозғалыс ырғақты қозғалыс рефлексіне құрылмайды.
Адамның ациклдық қозғалыстарына секіру және лақтыру жатады. Оларға қозғалыстың жоғары координациясы тән, ал ол жаттығу барысында туындайтын күрделі шартты рефлекстердің өңделуін қажет етеді, бұлшық еттің максимальды күшімен және жылдамдығымен сипатталады. Бұл қозғалыстарда тұрақты массаға қатынасты күштің жылдамдық шамасына сәйкес өзгеруіне байланысты оны шапшаң күш деп атады.
Лақтыруды орындау кезіндегі анағұрлым күрделісі қозғалысты басқарудың уақыттық және кеңістік параметрлері болып табылады, ол снарядты лақтырудың қашықтығымен анықталады. Лақтыру кезіндегі бұлшық ет күшін басқару снаряд массасына байланысты болады. Бұнда аяқ – қол бұлшық ет қозғалыстарының дененің басқа бөліктерінің қозғалыстарымен үйлесімділігі қажет. Лақтыру координациясының қозғалысы үшін вестибулярлы аппаратының горизонтальды жартылай шар каналдары рецепторларынан, дене бұлшық ет рецепторларынан, көру анализаторларынан, қол білезігінің тактильді рецепторларынан импульстар келу кезіндегі ОЖЖ арқылы жүзеге асырылатын әсерлер маңызды болып табылады.
Осылайша, шапшаң күш жаттығуларындағы жоғары нәтиже қозғалыс координациясының даму деңгейімен және жылдамдық шамасымен анықталады.
Лақтыру физикалық жаттығулардың қолданбалы түрі ретінде қолдың, иық белдеуінің бұлшық еттерін, саусақтардың, қолдың ұстау қызметін жақсартады, қозғалыс координациясын, қозғалыс нақтылығын, көз мөлшерін дамытады.
Секіру аяқтар бұлшық еттерінің буын – байланыс аппаратын дамытады, қозғалыс координациясын жақсартады.
Интеллектісі бұзылған балалардың қозғалыс сферасының даму ерекшеліктерін және заңдылықтарын есепке алу қажеттілігі оларды жүйелі түрде жіктеуді қажет етеді. Бұндай жүйелік төмендегілерді қамтамасыз етеді:
Қозғалыс дамуындағы жеткіліксіздіктер туралы көптеген мағлұматтарды жалпылау;
балалардың сақталған қозғалыс мүмкіндіктерін және қозғалыс бұзылыстарын анықтау;
физикалық жаттығулардың түзету бағыттылығын анықтау және оны жүйелеу.
Дене тәрбиесі интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектептің оқу – тәрбие жұмыстар жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол оқу, тәрбиелік, түзету және емдік – сауықтыру міндеттерін шешеді.
Дене тәрбиесі ойлау, өнегелілік, эстетикалық тәрбиемен және кәсіби – еңбек сабақтарымен тығыз байланыста болады, интеллектісі бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуге, еңбекке баулуға, жеке тұлғалық ерекшеліктерді тәрбиелеуге үлес қосады.
Көптеген оқушыларда жүрек – тамыр, тыныс алу, вегетативті және эндокринді жүйелерінде бұзылыстар кездеседі. Миокард әлсіздігі, аритмия байқалады; тыныс алу жиілігі, тереңдігі, ырғақтылығы бойынша бұзылған; қозғалыс жүктемесінің тыныс алу актісімен үйлесімділігі болмайды. Бойының өсуінде, салмағында тежелу байқалады, дене бітімі пропорциялы емес; сымбатында әр түрлі ауытқулар кездеседі.
Оқушылардың қозғалыс жеткіліксіздігі әсіресе күрделі қозғалыстарды орындау кезінде артады.
Арнайы (коррекциялық) мектеп оқушыларының арасында моторикасы жақсы дамыған оқушыларды кездестіруге болатындығын атап өткен жөн. Бұл жағдай оқытудағы балалармен жұмысты жеке дара және жіктеп өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбиесінің мұғалімі өзінің алдына қойған міндеттеріне әр бір оқушының ақаулық құрылымын есепке алған жағдайда, оның барлық мүмкіндіктерін және кемшіліктерін білген жағдайда жетеді. Мұғалім дәрігерлік шешіммен танысуы керек, мектеп дәрігерімен үнемі қатынаста болуы қажет және әр бір сабақта оқушының денсаулық күйін білуі қажет.
Интеллектісі бұзылған арнайы (коррекциялық) мектептегі дене тәрбиесін жүргізудің нақты міндеттері болып төмендегі жағдайлар табылады:
Денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, түзу сымбат түзу;
қолданбалы сипаттағы қозғалыс дағдыларын және іскерліктерін түзу және жетілдіру;
қозғалыс сапаларын (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік және т.б.) дамыту;
психомоториканың және физикалық дамудың бұзылыстарын түзету және қалпына келтіру;
физикалық жаттығуларды орындау кезіндегі гигиеналық дағдыларды түзу және тәрбиелеу;
қол жеткен деңгейде физикалық жұмыс қабілеттілігінің тұрақтылығын сақтау;
танымдық қызығушылығын түзу, дене тәрбиесі бойынша теориялық мәліметтерді ұсыну;
физикалық жаттығулармен айналысуға деген тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу;
өнегелілікті, мәдени мінез - құлық дағдыларын, патриотизмді, табандылық, қайсарлықты, батылдықты тәрбиелеу.
Бағдарлама келесі бөлімдерден тұрады: гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы тебу дайындығы, ойындар.
Бұндай жоспарлау жаттығулардың барлық түрлерін дұрыс қолдануға мүмкіндік жасайды және қозғалыс дағдыларымен іскерліктерін түзуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесінде ерекше орынды гимнастикалық жаттығулар алады. Олардың көмегімен кемтар баланың денсаулық күйін және оның дамуын есепке ала отырып балаға әр түрлі әсер етуге болады. Бұл жалпы дамытатын, түзететін, қарапайым акробаттық және қолданбалы сипаттағы жаттығулар болып табылады. Оларды белгілі бір амплитудада ырғақты орындай отырып оқушылар өз қозғалыстарын игеруге үйренеді. Кемақыл оқушыларда жиі кездесетін тыныс алу актісінің бұзылыстарына байланысты гимнастикалық жаттығулар тыныс алу жаттығуларымен үйлестіріледі.
Гимнастикалық жаттығулар күшті, ептілікті, реакция жылдамдығын, кеңістіктегі бағдарды дамытады және вестибулярлы аппарат қызметін жақсартудың әрекет құралы болып табылады.
«Гимнастика» бөлімінде тірек – қимыл аппаратының әр түрлі тізбектеріне, бұлшық ет топтарына және жүйелеріне әсерін тигізуге, дамуындағы жетіспеушіліктерді түзетуге мүмкіндік жасайтын арнайы физикалық жаттығулар таңдалған.
Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылар сап түзеудің қарапайым түрлерінің дағдыларын игеруі қажет. Сап дегеніміз оқушыларды сабақ басталар алдында сапқа тұрғызудың ең ыңғайлы түрі. Бұл категориядағы балаларға сапқа тұру және тез қайта сапқа тұру қиындық туғызады, себебі олар залдағы, саптағы орындарын, қозғалыс бағытын және т.б. тез ұмытады. Берілген жаттығуларды меңгерудегі қиындықтарға қарамастан, олар әр сабақ элементтеріне міндетті түрде енгізілуі керек.
Балаларды ең бірінші бұрылуға (оңға, солға) үйрету керек. Одан кейін бір орында екі аяқпен секіреді, содан соң әр түрлі құстар қозғалыстарын бейнелеуге болады. Бұл жаттығулар жеке дара, жұпта және сапта орындалады.
Жалпы дамыту және түзету сипатындағы жаттығулардың ерекшелігі – олардың тұтас ағзаға және бұлшық еттердің белгілі бір топтарына бағытты әсері болып табылады.
Жалпы дамытатын және түзету сипатындағы жаттығулар баланың бүкіл ағзасына ғана әсерін тигізіп қана қоймай, белгілі бір әлсіреген бұлшық ет топтарына да әсер етеді. Отырудың және тұрудың бастапқы жаттығуларымен бірге омыртқа жотасына және дене бұлшық еттеріне әсер ету мақсатында жатып орындайтын жаттығулар да беріледі.
Бұл жаттығулар жүрек – тамыр, тыныс алу және жүйке жүйелеріне жағымды әсерін тигізеді. Олар оқушыларға қозғалыстарды белгілі бір ырғақпен меңгеруге мүмкіндік жасайды. Мұғалім физикалық жүктемені арнайы жаттығуларды таңдаумен, бастапқы жағдайды өзгертумен, қайталату санымен, қарқындылығымен және оларды орындау кезектілімен реттеп отырады. Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасымен салыстырғанда өзіндік орындау бөлімінде тыныс алу бұзылыстарын түзетуге мүмкіндік беретін жалпы дамытатын, түзету, тыныс алу жаттығулары көрсетілген.
Тыныштық жағдайында және физикалық жаттығуларды орындау кезіндегі дұрыс тыныс алуға үйрету логопедтің дыбыстарды дұрыс қойдыру жұмысына және еңбек сабақтарында – еңбек тәсілдерін тыныс алумен дұрыс үйлестіруге үйретеді.
Саусақтардың және білезік бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар жазуды игеруге көмектеседі.
Кемақыл балалардың кеңістік – уақыт жіктеуіндегі қиындықтарына және қозғалыс дәлділігінің бұзылуына байланысты бағдарламаға осы қабілеттерді түзетуге және дамытуға мүмкіндік беретін жаттығулар, заттармен орындалатын жаттығулар енгізілген.
Гимнастика бөлімінде заттармен (әр түрлі мөлшердегі доптар, сақиналар, ту) жасалатын жаттығулардың алатын орны ерекше.
Гимнастикамен айналысу сабақтарында оқушылар өрмелеу дағдыларын игеру керек. Өрмелеу жаттығулары – оқушылардың координациялық мүмкіндіктерін жетілдіретін, күш және ептілікті дамытатын тиімді құрал.
Тепе – теңдік жағдайында орындалатын жаттығулар вестибулярлы аппаратты, қозғалыс координациясын, кеңістікте бағдарлауды дамытады, психикалық қызметтің жеткіліксіздігін (қорқыныш, биіктіктен қорқу және т.б.) түзетеді.
Тепе – теңдік жағдайында орындалатын жаттығулар снарядсыз және снарядтар – орындықтар, гимнастикалық бөренелер, тегіс тақтай үстінде және т.б. орындалады. Бұл кезде көмек көрсету және сақтық шараларын естен шығармаған жөн.
Кеңістіктегі бағдар бұзылыстарын түзету кезінде макро - және микро кеңістікте бағдарлаумен байланысты әр түрлі жаттығулар орындалады. Оларға тік жүру, шаршымен жүру, бағдар бойынша жүру, ұзындыққа орнынан секіру, көзді ашып одан кейін жұмып оңға, солға, алға, артқа адым жасау, шеңберге тұру т.б. жатады.
Жүруге көптеген бұлшық ет топтары қатысады, соған сәйкес ағзаның кардиореспираторлы жүйе қызметі қарқындайды. Жүрудің ең басты орындайтын қызметі – дұрыс емес қозғалыстарды түзету болып табылады. Кемақыл оқушылардың жүруінде көптеген ақаулықтар: бүкірею, аяқтар және қолдар қозғалысының дискоординациясы, аяқтарын тырпылдату, тік немесе бүгілген аяқтарымен жүру, теңселу, басын бір жаққа қисайту, қозғалыс ырғақсыздығы байқалады.
Жүкті көтеруге және тасуға арналған жаттығулар қолданбалы сипатқа ие. Ол жаттығулар сабаққа баланың затты көтеру үшін дұрыс жағын таңдауы, көтере алуы, жерге дәл және жұмсақ түрде қою дағдыларын дамыту мақсатында енгізіледі. Ондай заттарға доп, гимнастикалық таяқшалар, орындықтар, «ешкі», «ат» және т.б. жатады.
Сонымен бірге қ о л д а н б а л ы ж а т т ы ғ у л а р ғ а сапқа тұру және тез қимылдау, қайта сапқа тұру, жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, тартылу, тепе теңдікке арналған жаттығулар енеді. Оларды орындау арқылы оқушылар негізгі өмірге қажетті дағдылармен іскерліктерге ие болады.
«Жеңіл атлетика» бөлімінде оқушылар маңызды қозғалыс дағдылары – жүру, жүгіру, секіру және лақтыруға үйренеді. Жеңіл атлетика элементтеріне үйрету және оны жетілдіру балаларда жылдамдықты, ептілікті, күшті және шыдамдылықты дамыту мақсатында орындалуы тиіс.
Жеңіл атлетика сабақтарында жүру және жүгірумен айналысу адамның шапшаңдық және төзімділік тәрізді физикалық сапаларын дамытудың негізгі құралы болып табылады.
Оқушыларға физиологиялық және эмоциялық әсер етудегі ерекше орынды жүгіру алады. Ол жаттығудың жеке түрі және ойындар, секіру, лақтыру элементтері ретінде де қолданылады. Жүгіруді жүйелі түрде қолданған кезде шапшаңдық, қозғалыс координациясы біршама жақсарады, баланың бойында ерік, шыдамдылық тәрбиеленеді.
Секіруде қолданбалы жаттығуларға жатады. Ол секіруді, жылдамдықты, ептілікті, батылдықты тәрбиелейді. Ол жүру және жүгіру тәрізді бағдарламаның әр түрлі бөлімдерінде кездеседі. Секіру кезіндегі жарақаттардың алдын алу шараларына ерекше назар аудару керек, сол себепті дене тәрбиесімен тек қана спорттық аяқ киімде шұғылданған дұрыс.
Бұл бөлімде оқушының затты лақтыру қызметін жақсартатын жаттығулар көрсетілген. Бұл жаттығуларды орындау барысында балаларда ұсақ заттарды ұстай алу, көз мөлшері, мергенділік дағдылары дамиды.
Лақтыру физикалық жаттығулардың қолданбалы түрі ретінде тұрмыста және өндірісте қолданылады. Осы жаттығулар арқылы қолдардың, саусақтардың бұлшық еттерін, қолдың ұстау қызметін, иық белдеуі бұлшық еттерін, қозғалыс координациясын, қозғалыс нақтылығын дамытады және бекітеді.
Лақтыру үшін әр түрлі мөлшердегі доптар пайдаланылады. Лақтыруды оң, сол және екі қолмен орындайды. Лақтыруға үйретуді теннис добынан бастаған дұрыс.
Дене тәрбиесі сабақтарындағы жүру және жүгіруде орындалатын жаттығулар тек қана түзету мақсатында ғана емес сонымен бірге емдік – сауықтыру шаралары ретінде де орындалуы керек.
Арнайы (коррекциялық) мектеп жағдайында шаңғы дайындығы енгізілген. Бұл сабақты жүргізген кезде техникалық қауіпсіздік шараларын және бала денсаулығын сақтау шараларын қатаң түрде сақтау керек.
Кемақыл оқушылардың интеллект мүмкіндіктерін дамытуда, олардың физикалық дамуындағы және моторикасындағы жеткіліксіздіктерді түзетуде «Ойын» бөлімінің ерекше маңызы бар. Бағдарламаға балалардың физикалық дамуын және қозғалыс дағдыларын жетілдіруге бағытталған қозғалыс ойындары, сонымен бірге зейінді, жадыны, қозғалыс кезектілігін, қабылдауды, кеңістік және уақыт бағдарын анықтауға арналған ойындар енгізілген.
Ойындарда – қозғалыстың барлық түрлері – жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, бөгеттен өту, жүк тасу және т.б. кездеседі. Олар зейіннің, ойлаудың, күштің, ептіліктің, жылдамдықтың, төзімділіктің дамуына және ұжымдық сезімді бекітуге септігін тигізеді. Таза ауада өткізілетін ойындардың үлкен сауықтыру әсері бар. Олар белсенді демалыс құралы болып табылады.
Қозғалысты дамыту ойындарында балалар белсенді болады, ережелерге бағынады, өздерінің интеллект деңгейлерін көтереді. Ән салу және музыкамен қоса жүргізілетін ойындар көңіл – күйді ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге эстетикалық тәрбиені де дамытады.
Әр бір бөлімге оқушылардың қозғалыс қабілеттерін дамытатын жаттығулар енгізілген. Бұл қабілеттерді дұрыс дамыту үшін төмендегі қағидаларды ескеру керек:
1 және 4 – сыныптарда ептілікті және қозғалыс координациясын дамытуға назар аудару;
3 және 4 – сыныптарда оқушылардың бойында төзімділік пен шыдамдылықты дамыту;
жаттығуларды орташа қарқындылықпен орындау, қайталау кезінде тыныс алуды және зейінді қалпына келтіретін жаттығулар енгізу;
оқушының қозғалыс және интеллект мүмкіндігін ескере отырып сыныпты топтарға бөлу арқылы оқушыға жіктелген және жеке қарым қатынас жасау;
Дене тәрбиесі туралы теориялық сипаттағы жалпы мәліметтер сабақ барысында беріледі. Әр бір сабақта жаттығулардың техникасы туралы, төрешілер алқасының ережелері, спорт киіміне, құрал жабдықтарға қойылатын талаптар туралы қысқаша мағлұматтар беріледі.
Бағдарламада дене тәрбиесі сабақтарындағы оқушылар меңгеруіне қажетті білім, дағды және іскерліктер тізімі міндетті түрде берілуі тиіс.
Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылар физикалық жаттығулардың адам ағзасына әсері, үйренетін жаттығулардың спорттық техникасының негізі туралы білуі қажет.
Арнайы (коррекциялық) мектептегі дене тәрбиесінің негізгі түрі сабақ болып табылады. Ол негізгі төрт бөлімнен (кіріспе, дайындық, негізгі және қорытынды) тұрады. Сабақтың барлық бөлімдері өзара байланыста болады.
Дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларда мінез – құлық және гигиеналық дағдылар (жарыстар және ойын ережелерін сақтау, спорттық киім кию, сырт келбетінің таза болуы) қалыптасады.
Мұғалім міндетті түрде оқушының физикалық дамуын бақылау керек, сол арқылы кемақыл оқушының мектепке келгенінен оны аяқтағанға дейінгі даму динамикасы анықталады. Осы мақсатпен 1 – сыныптан бастап әр бір оқушыға денсаулық құжаты жүргізіледі.
Бақылау нормативтері жылына екі рет – қырқүйекте және мамырда дене тәрбиесі сабақтарында қабылданады. Оқушылардың нормативтерді тапсыруы мектеп дәрігерінің рұқсатымен жүргізіледі.
Дене тәрбиесінің мұғалімі физикалық жаттығуларды жүргізген кезде әр түрлі аурулары (эпилепсия, шизофрения, энурез, гидроцефалия, жүректің туа біткен ақаулығы және т.б.) бар оқушыларға зейінмен қарауы керек.
Дене тәрбиесінің мұғалімі төмендегідей құжаттарды даярлайды:
Бағдарлама;
оқу материалын өткізу туралы жылдық жоспар – график;
әр бір тоқсанға арналған тақырыптық жоспар;
сабақ жоспары.
Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс шараларды өткізудің маңызы зор. Оның бағдарламасы кемақыл балаларға арналған дене тәрбиесі бойынша сыныптар, мектептер арасында өткізілетін жарыстар жыл бойы жүргізілетін бағдарлама міндеттерін ескере отырылып құрылуы керек.
Негізгі әдебиет: (1,2,4,5,9,10,14)
Қосымша әдебиет: (4,5,6,9)
