Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК умк ӘГ+ӘМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
678.4 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Орталық – Қазақстан Академиясы

«СГТИ» ғылыми –білім беру орталығы

Әлеуметтік- педагогикалық факультет

Дефектология және Әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Sgosm « әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» пәНі бойынша

5В010500– Дефектология мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Қарағанды

2014

  1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

    1. 1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Нұрманбетова Ұ. Е – м.ғ.к., доцент, nurmanbet1941@mail ru

Сағат 10 -16 00 ,ауд.№ 227

    1. 1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы : «Әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен»

Кредит саны: 3

Өткізу орны: Бұқар жырау, 20

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу түрі

Курс

Семестр

Несиелер

Лекциялар

Семинарлар

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі

Күндізгі

2

3

3

15

30

6

54

90

Сыртқы

1/ 3жыл

2

3

12

18

31,5

Сыртқы

2/ 3жыл

4

2

8

12

29

1.3 Пререквизиттер: бұл курсты меңгеру үшін студенттердің кемтар балалар мен жеткіншектерді оқыту, тәрбиелеу, олардың еңбек, тамақтану режимдерімен демалуларына қойылатын гигиеналық талаптарды және осы жағымды жағдайлар арқылы кеміс балалардың кемістіктерін компенсациялау және оқу-тәрбиелеу әрекеттерін қалыптастыру туралы білімдері болуы керек. Оқушылардың денсаулығын нығайту мен сақтау көбінесе педагогтарға, олардың бала организмінің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері туралы білімдеріне, гигиеналық ұсыныстар мен нормаларды білуіне және оларды педагогикалық қызметте қолданып, жүргізілуіне тікелей байланысты болады. Педагогтардың арнайы мекемелерді жобалап жоспарлауда, ауа-жылыту және жарықтандыру режимдеріне қойылатын гигиеналық талаптарды білуі, оқу-тәрбие жұмыстарының гигиеналық негіздерін, сабақтарда қолданылатын жабдықтар мен жиһаздарды, оқу құралдарын дұрыс пайдалну, барлық

қажетті заттармен гигиеналық шарттарға сай қамтамасыз ете білу - кемтар балалармен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мен кемістіктерін компенсациялауға өте көп көмегін тигізеді.

1.4 Постреквизиттер: пән бойынша алған білімдері жас ерекшелік анатомиясы және физиологиясы, көруі зақымдалған балаларды оқытуда және тәрбиелеудедегі офтальмо-гигиеникалық негіздер, мүмкіндіктері шектелген балалармен жасөспірімдер денсаулығының медициналық әлеуметтік негіздері курстарын игеруде өте қажет.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Әлеуметтік гигиена әлеуметтік медицина негіздерімен» курсы болашақ мұғалім, тәрбиеші – дефектологтарды гигиеналық біліммен қаруландырып, олардың кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу процестерін жетілдіру мен тәжірибелік қызметтерінде көмегін тигізуді көздейді. Сонымен қатар:

  • балалардың денсаулығы мен дене бітімінің шынығуын дамыту үшін қолданылатын негізгі зерттеу әдістерін меңгеруді, кемтар балалар үшін арнайы мекемелердегі қолданылатын факторлардың режимі мен оқытудың гигиеналық негіздерін түсінуді қамтамасыз етеді;

  • болашақ педагог-дефектологтарды нәтижелер мен қорытындылар жасауға үйрету, тәулік режиміне, тамақтану режиміне, сабақ кестесіне, дене тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға, сонымен қатар жабдықтар мен жиһаздарға, ауа-жылу, жарықтандыру режимдеріне гигиеналық баға бере білуге үйретеді.

1.6 Оқыту нәтижелері ( пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)

Курсты игеру нәтижесінде:

- салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы негізгі заңдылықтар мен шарттарды білу үшін студенттерде берік ұсыныстар мен ұғымдарды қалыптастыру керек;

- жастардың зиянды әдеттерге қатысты негативтік көз қарасты қалыптастыру үшін әлеуметтік, психологиялық және биологиялық себептерін ашып көрсету;

- студенттерге гигиеналық және еңбек дағдыларын түсіндіру;

-денсаулықты сақтау және нығайтудың валеологиялық аспектілерін қарастыру;

- студенттерге «денсаулық», «салауатты өмір салты», «өмір сапасы», «преморбид», «статус», «бейімдеу» деген түсініктердің мағнасын ашу;

- әлеуметтік аурулардың даму заңдылықтары және негізгі профилактикалық шаралары туралы теориялық біліммен қамтамасыз ету;

- халықтың репродуктивті денсаулығын сақтаудың негізгі бағыттарын көрсету;

- салауатты өмір салтының негізгі заңдылықтарын қалыптастыру туралы түсінікті студенттерге ғылыми түсінікпен қалыптастыру;

Студенттердің міндеттері:

- кемтар балаларға арналған мектепке дейінгі және мектептер мен арнайы мекемелердегі әр түрлі гигиеналық негізгі талаптарды, сонымен қатар тәжірибе мен ғылыми жетістіктерге қойылатын гигиеналық талаптарды қатаң сақтауды.

- балалардың денсаулығы мен дене тәрбиесін бағалау үшін қойылатын негізгі зерттеу әдістемелерді, арнайы мекемелердегі оқу-тәрбие жұмыстарын және режимдік факторларды.

- алған білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана білу, организмнің қалыпты үйлесімділік дамуын қолдау.

Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер білуі керек:

  • кемтар балаларға арналған мектепке дейінгі және мектептер мен арнайы мекемелердегі әр түрлі гигиеналық негізгі талаптарды, сонымен қатар тәжірибе мен ғылыми жетістіктерге қойылатын гигиеналық талаптарды қатаң сақтауды.

  • балалардың денсаулығы мен дене тәрбиесін бағалау үшін қойылатын негізгі зерттеу әдістемелерді, арнайы мекемелердегі оқу-тәрбие жұмыстарын және режимдік факторларды.

  • алған білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана білу, организмнің қалыпты үйлесімділік дамуын қолдай білу.