Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tanisheva_moldir_ref.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
458.1 Кб
Скачать

2 Технологиялық бөлім

2.1 Сүт қышқылды өнімдердің асортименті, дайындау технологиясы

Сүзбенi айраннан әзiрлейдi. Ол үшiн айранды кенептi қапшыққа құяды да, одан ағызады. Қалған қою масса сүзбе болып табылады. Одан кейiн сүзбеге кiшкене тұз салады. Қазақтар сүзбеден құрт жасайды. Кейбiреулер мұны қатық деп атайды. Сүзбеден қазақтар құрт жасап, оны ет тағамдарына астатым ретiнде қосып пайдаланады, тың түрiнде де қолданады. Қазақ халқының өзіне ғана тән және сирек әзірленетін тағамдарының бірі-"сүзбе". Сүзбе сүзу үшін айранды ұйытып, соны кәдімгі қапшыққа құйып, жоғары іліп қояды. Осы жерде айранның суы әбден ағып болып, қап түбінде айранның маңызы, яғни қоюы ғана қалады. Оны шұңғыл шараға құйып алып әбден араластырады да тұз салады. Сүзбе әдетте күн суыған кезде, қыста дайындалады. Оның ащылау әрі қышқыл дәмі тәбет ашады. Дастарқан үстіне дәмін алуға немесе сорпаға қосып ішсе астың құнын, сапасын арттырады. Сүтке, қайнаған суға езіп ішсе, шөлді тез басатын қасиеті де бар [4].

ФудМастер айраны- бұл денсаулыққа пайдалы қышқылтым сүт сусыны. Көптен бері Қазақстандық отбасыларға,танымал. ФудМастер адам ағызасының сауығуына көмектесіп, табиғи минералдар мен дәрумендердің негізі қоймасы болып табылады. Олардың арасында ағзаға қажетті А, β-каротин дәрумені, D тобының дәрумендері мен В1, В2 дәрумендері және С дәрумені бар. ФудМастер айраны денсаулыққа пайдалы, сергектік және салқындатылған әсер беретін қасиеті бар [5].

Қоютылған сүт БИО-С Имун+–бұл ваниль және жеміс жидек тосабының дәмі араласқан адам ағзасына пайдалы қоютылған сүт. Айырықша формуланың арқасында С дәрумені+ Immunalis лактобактериясы, қоютылған сүт БИО-С Имун+ табиғи иммунитеттің нығайуына көмектесетіні клиникалық дәлелденген. Қорабы: Тетра 500 г; қақпақты ТетраБрик 500 г; қақпақты ТетраБрик 1000г;

  • Майлылығы: 3,2%.

  • Дәмдері: ваниль, шабдалы, құлпынай.

  • Сақтау мерзімі: 21 күн. Табиғи өнім. Тоңазытқышта сақтау міндетті.

  • Сақтау мерзімі: 4±2°С.

Сүзбе майлылығы 5%,9% СТ ҚР 94-5 талаптары бойынша дайындалады, ірімшікті майсыз сүт, сиыр сүті мен ашытқыдан жасайды. 5%-ды ірімшіктің судың массалық үлесі – 75,0%, 9%-ды – 73,0%. Сақтау мерзімі - 8̊С, 36 сағат. Сүзбенің бағасы – 180 тг. СТ ҚР 94-95 талаптары бойынша жасалынады.

Қаймақ. Ол кілегей мен майсыз сүт, ашытқыдан жасалынады. Майлылығының массалық үлесі - 15%, 20%, 30%. Сақтау мерзімі – 0-4̊С , 7 тәулік. СТ ҚР ГОСТ Р 52092-2010 талаптары бойынша жасалынады.

Қаймақты жасаудың технологиялық сызбасы:

Сүтті қабылдау, тазалау, салқындату

Сүтті сепарирлеу (35-40̊С)

Кілегейді нормалау

Кілегейді пастерлеу (90-10̊С, 30секунд)

Гомогендеу

Қайта пастерлеу(90̊С, 5-8 минут)

Салқындату (17-25̊С), дайын қаймақты араластыру

Қаптау, маркілеу

Қаймақты жетілдіру (12-24 сағат, 0-6̊С)

Айран қолдануға дайын өнім, қайта өңдеуді қажет етпейді. Айранды жасау үшін сиыр сүті, майсыздандырылған сүт, ашытқы қолданылады. Түрі бойынша айран таза иіс пен дәмі бар сүтқышқылды өнім, ақ түсті біртекті қоймалжың болып келеді. Майлылығының массалық үлесі – 2,5%. Сақтау мерзімі - 0̊ С-тан 4̊ С-қа дейінгі температурада, 7 тәулік. Көлік тасу жағдайы – жабылған көлік түрлерінде (термоүйшік). 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Өнім қолдануға жарамды және барлық қасиеттерін белгіленген сақтау мерзімінде сақтап тұрады. Айранның бағасы – 180 тг. ). СТ ҚР 2069-2010 талаптары бойынша жасалынады.

Шидловская В.П.., [6] ойынша соңғы жылдары ауданымызға тартылған инвестициялық жобалардың ауқымы кеңейіп, ірі нысандардың іске қосылуымен ерекшеленуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]