
- •Тәжірибеге есеп беру
- •1 Мекеме туралы жалпы мәлімет
- •«Шымкент-ФудМастер» зауыты
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Сүт қышқылды өнімдердің асортименті, дайындау технологиясы
- •2.2 Сүзбе өндірісін дайындаудың тиімді тәсілдері
- •3 Технологиялық жабдықтар
- •4 Мекеме зертханасындағы жұмыс
- •5 Өндірістік-техникалық бақылау
- •6 Өнімнің техно-химиялық бақылауы
- •7 Құрылыс бөлімі
- •8 Сумен жабдықтау мен сантехника
- •9 Көлік және көлік коммуникациясы
- •10 Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шаралар
- •11 Қоршаған ортаны қорғау
- •12 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.СейфуллинатындағыҚазақагротехникалықуниверситеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдіру және өңдеу технология кафедрасы
Тәжірибеге есеп беру
Тақырыбы: Сүзбе мен сүзбе өнімдерін жетілдіру әдістері
Орындаған: Абдоллаев М.К., Аз ТТТ 412студенті
Тексерген: Қажығалиев Н.Ж.
Астана 2014ж
Мазмұны
бет
Кіріспе 3
1 Мекеме туралы жалпы мәлімет 5
2 Технологиялық бөлім 7
2.1 Сүт қышқылды өнімдердің асортименті, дайындау технологиясы 7
2.2 Сүзбе өндірісін дайындаудың тиімді тәсілдері 9
3 Технологиялық жабдықтар 14
4 Мекеме зертханасындағы жұмыс 16
5 Өндірістік – техникалық бақылау 18
6 Өнімнің техно-химиялық бақылау 19
7 Құрылыс бөлімі 22
8 Сумен жабдықтау мен сантехника 23
9 Көлік және көлік коммуникациясы 25
10 Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шаралар 26
11 Қоршаған ортаны қорғау 27 12 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
ФудМастер компаниясының өнімі – бұл түрлі сүт өнімдерін кеңінен таңдау мүмкiндiгiмен, сонымен қатар ең дәмді десерттерімен немесе йогурттарымен ең талғампаз гурманның талғамын да қанағаттандыратын әртүрлi ассортимент. ФудМастер компаниясының өнімі – бұл консерванттардың жоқтығы, әрдайым жаңаланып бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсетін ыңғайлы да ашық қаптама, әрқашан да аймақтық өндіруші ұсынатын кәусар өнім. Ең бастысы, және де бұл шындық – ФудМастер өнімі ерекше дәмді! Мінеки, ФудМастер өнімдерін қазақстандық отбасыларының бірнеше буыны пайдаланып келе жатқанына екінші онжылдыққа аяқ басып барады және әрқайсысы жоғары сапалы, табиғи өнімнің мол түрінен өзіне қалағанын таңдай алады. Біздің күнделікті пайдаланылатын тағам түрлерінің ішіндегі үйреншікті де, дағдылы, сонымен бірге аса құнды, тіпті теңдесі жоқ өнімдер. Бұларды күнде болмағанымен жиі жиі асына арқау етпейтін жанды табу, сірә, қиын шығар. Сүт және кілегей, айран мен қатық, қаймақ және сүзбе, май мен ірімшік тағы басқа сүттен әзірленетін көптеген тағамдар біздің қорегіміздің ішінде ерекше орын алады. Осы азық түліктік товарлар тобы жайлы көптеген мақалалар, көпшілікке арналыпталай кітап жазылды. Дегенмен авторлар мен мазмұны ашылған, бірақ үнемі жаңарып отыратын осы тақырыпқа қайта оралғанды жөн деп санайды.
Әліпкәрім С.Е., [1] пікірінше сүтті және оны қайта өңдеу арқылы дайындалған өнімдерді адамзат баласы, міне мыңдаған жылда бойы қорек үшін пайдаланып келеді деді. Осы уақыттың ішінде адамдар сүттің түрлі құрамы мен қасиетін біліді, одан алуан түрлі өнім өндіруді үйренді. Әйтседе, олар, ақ, бір қарағанда біртекті сұықтықтың құрамының күрделілігін сондай ақ онда едәуір жеңіл май бөлігінің бар екенін анықтай отырып, күні кешеге дейін азық түлікті негізінен қаймағы арылмаған сүттен, яғни жасанды реттеусіз, сауып алынған кезде қанша майы болса, сол күйінше дайындап келді.
Тұтынушы ФудМастер өнімі – бұл консерванттар қосылмаған табиғи шикізаттан жасалған жоғары сапалы өнім екендігіне, ал өндірістің бірегей контактсыз технологиясы жарамдылық мерзімі 21 күнге шыдайтын табиғи өнімді шығаруға мүмкіндік беретініне әрқашан сенімді бола алады және кез келген уақытта өзін және өзінің жақындарын сүйікті өнімдермен қуанта алады.
Тамақпен бірге сіңірілетін заттардан адам организмі клеткалары мен ткандерін құрайды, оларды зат алмасу процестерін іске асыру үшін пайдаланады, қажетті энергия алады. Бұл заттардың әрқайсысының мөлшері тек организмге қажетті жөнінен ғана емес, сонымен бірге бір біріне қатынасы жағынан да теңестірілуге тиіс. Осы принцптерді сақтау тамақтың тиімділігі мен теңестірілуін қамтамасыз етеді. Біз де осы принцптерді сақтай отырып, қорегімізді тәуір, организмнің барлық қажетін қанағаттандыратынын және оның қалыпты жетілуі мен қызметін қамтамасыз ететіндей жағдайға жеткізе аламыз.
Олай болса, біздің еліміздің халқының да белгілі бір бөлігі үшін тағамның энергиялық құндылығын аздап төмендету қажеттілігі туындап отыр.
Жұмыстың мақсаты, сүзбе мен сүзбе өнімдерін жетілдіру әдістері.
Оны орындау үшіне осы міндетер жүргізіледі: сүзбе өнімдеріне әр түрлі сыртқы факторлармен әсер ете отырып оның сапасын жақсарту, сүзбе өнімдерінің сақталу ұзақтығын ұзарту, әр түрлі ассортименттерін шығару.