Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-Онкология иновация,2 дұрысы - копия (Восстанов...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.06 Mб
Скачать

Өкпе рагы бойынша сынақ тесттер

1- нұсқа

1. Қандай себептер өкпе рагының дамуына жиі әкеледі?

  1. темекі шегу

  2. алкогольді ішімдік ішумен әуестену

  3. марихуана шегу

  4. бронх демікпесі

  5. өкпе эмфиземасы

2. Қандай морфологтялық өзгеріс өкпе рагының ісік алды ауруына тән?

  1. жайылма клеткалы рактың болуы

  2. майда клеткалы және безді рак ошақтарының болуы

  3. алып клеткалы өкпе рагы мен оның айналасында өліеттену ошақтарының болуы

  4. циллиарлы эпителийдің жайылмалы клеткалы эпителийге метаплазиялануы

  5. пролиферация ошақтарындағы куб тәрізді эпителийінің циллиарлы эпителийге метаплазиялануы

3. Орталық өкпе рагының гистологиялық нұсқасын анықтау үшін қандай тексеру әдістерін қолдану керек?

  1. қақырықтан атипиялық клетканы анықтау

  2. фибробронхоскопия

  3. гистологиялық зерттеу үшін трансторакальды пункция жасау

  4. диагностикалық-емдеу торакртомиясы арқылы биопсия алу

  5. қақырықтың иммуногистохимиялық сараптауы

4. TNM жүйесі бойынша ТхN0М0, өкпе рагының қайсы сатысы?

  1. нөльдік өсу сатысы

  2. 1-А сатысы

  3. 2 -А сатысы

  4. жасырын рак

  5. 3 -А сатысы

5. Өкпе рагының қандай гистологиялық нұсқасында полихимиотерапияны қоса жүргізу керек?

  1. семиномада

  2. хорионкарциномада

  3. анықталмаған (дифференцияланбаған) ракта

  4. жайылмалы клеткалы түлегіш ракта

  5. тубулярлы-папилярлы аденокарциномада

6. Субкомпенцирленген тыныс жетіспеушілігімен жүретін 1-сатылы жайылма клеткалы ракпен ауыратын науқасқа қандай операция түрі қолданылады?

  1. сегментэктомия

  2. типті лобэктомия

  3. кешенді пневмоэктомия

  4. кеңейтілген пневмоэктомия

  5. билобэктомия лимфодиссекциямен

7. Орталық өкпе рагы қандай түрлерге бөлінеді?

  1. шар тәрізді

  2. эндо-, перибронхиальды рагы

  3. пневмония тәрізді

  4. өкпе ұшының Пенкост рагы

  5. кеуде аралық түрі

8. Шеткі өкпе рагының қайсы түрі жиі кездеседі?

  1. пневмония тәрізді

  2. өкпе ұшының Пенкост рагы

  3. инфильтрацияланатын және аралас перибронхиальды нұсқалары

  4. эндо-, перибронхиальды рак

  5. шар тәрізді

9. Қайсы берілген гистологиялық вариант қолайлы ағымда өтеді?

  1. семинома

  2. хорионкарцинома

  3. муцинозды аденокарцинома

  4. дефференцирленбеген ірі клеткалы өкпе рагы

  5. жайылмалы түлегіш клеткалы рак

10. Өкпе рагының 1- сатысы, жоғары дәрежелі пісіп-жетілген түрінде қандай ем қолданылады?

  1. симптоматикалық

  2. химиосәулелі

  3. операциядан кейін химиосәулелі еммен жүретін пульмонэктомия

  4. операция алдында сәулемен емдеу және лобэктомия

  5. кешенді пульмонэктомия мен химиосәулелі

11. ХАЖ-10 бойынша өкпе мен бронхтардың қатерлі ісігі қалай таңбаланады?

  1. С34.0

  2. С34

  3. 34.1

  4. 34.2

  5. C34.8

12. Өкпенің қандай ауруларынан өкпе рагы жиі пайда болады?

  1. созылмалы өкпелік жетіспеушілікпен жүретін өкпе эмфиземасы

  2. эпителийдің метаплазиясымен жүретін созылмалы бронхит

  3. өкпе-жүрек жетіспеушілігімен жүретін өкпе туберкулезі

  4. өкпе ателектазы

  5. өкпеқап пен өкпенің созылмалы эмпиемасы

13. Ісік, кеуде қуысындағы өмірге қажетті мүшелердің бірін, немесе бәрін зақымдайды, ол қайсы сатысы?

  1. +ІІб- сатысы

  2. І- сатысы,

  3. ІІа- сатысы,

  4. ІІІб- сатысы

  5. IV- сатысы

2- нұсқа

1. Қазақстанда өкпе рагының ең жиі кездесетін облысы?

  1. Батыс Қазақстан

  2. Жамбыл

  3. Алматы

  4. Солтүстік Қазақстан

  5. Оңтүстік Қазақстан

2.Өкпе рагының аймақтық бөгелме ісігін қандай тексеру әдісі арқылы анықталады?

  1. өкпенің жалпы шолу рентгенографиясы

  2. өкпе флюорографиясы

  3. фибробронхоскопия

  4. кеудеаралық томографиясы

  5. патологиялық ошақ аймағының компьютрлі томографиясы

3. TNM жүйесі бойынша Тis N0М0, өкпе рагының қайсы сатысы?

  1. Нөльдік өсу сатысы

  2. Жасырын рак

  3. А сатысы

  4. 2 -А сатысы

  5. 3 -А сатысы

4. III- сатылы өкпенің майда клеткалы рагына қандай ем түрі қолданылады?

  1. симптоматикалық

  2. операция алдында сәулелі

  3. химиосәулелі емнен кейін пульмонэктомия

  4. химиосәулелі

  5. кешенді пульмонэктомия мен химиосәулелі