Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-Онкология иновация,2 дұрысы - копия (Восстанов...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Мб
Скачать

Патологиялық анатомиясы

Клиникалық тұрғыдан тері рагы беткей жатқан рак (№10-сурет), жайылмалы (инфильтративты) және фунгозды (№11- сурет) болып келеді, ал микроскопиялық көрінісі жөнінен базальды клеткалы (бірнеше жерден біткен және беткей орналасқан, жылауық-тінді, аденоидты, гиалинді, сірнелі және пигментті келеді), жайылма клеткалы (түлегіш, түлемейтін) рак және мұнымен қоса тері қосалқы мүшелерінен шыққан рак (аденокарцинома) болып бөлінеді.

Базальды клеткалы рак тәжірибелік тұрғыдан ешқандай бөгелме ісік бермейді, ал жайылма клеткалы рак 15-17,0% бөгелме ісік береді әсіресе жиі аймақтық лимфа бездерге, сирек жағдайда - сүйектерге және ішкі мүшелерге.

Тері қабаттарына ісіктің жайыла өсуін инвазия деп атайды, оның бес деңгейі бар: біріншісінде - ісік терідегі базальды сызықтың астында орналасады, екіншісінде - ісік терінің емізік қабатына дейін жетеді, үшіншісінде - терінің ретикулярлы қабатын зақымдайды; төртіншісінде - қоллаген талшықтарына дейін, ал бесіншісінде-тері астындағы май қабатына шейін жетеді.

№9- сурет. Келлоидтты тыртық

№10- сурет. Терінің беткей орналасқан рагы

№11-сурет. Құлақтың жайылмалы, ал ерін терісіндегі фунгозды рак

Тері рагының жіктелуі

Тері рагының Халықаралық ТNМ жүйесі бойынша жіктелуі

Т- алғашқы ісік,

ТХ –ісік көзі белгісіз

Tis- іn situ - рагы

То- ісік түйіні анықталмаған,

Т1- ісік түйіні 2см-ге дейін, не одан кем, тек беткей орналасқан немесе экзофитті түрі.

Т2- ісік түйіні 2см- ден 5см-ге жететін, немесе ісік көлеміне қарамай, оның тері қабатына, негізгі теріге дейін азғана жайылған,

Т3- ісік түйіні 5см-ден асқан немесе ісік, негізгі теріге дейін терең жайылған,

Т4- ісік теріден басқа бұлшық еттерге, сүйекке, сіңірге, буынға тараған, N- лимфа бездері:

Nx- лимфа бездері белгісіз,

No- лимфа бездері анықталмаған,

N1- зақымдалған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,

N1а- лимфа бездері бөгелме ісікті емес,

N- лимфа бездері бөгелме ісікті,

N2- қозғалмалы лимфа бездері қарсы жағында, немесе екі жағында бар,

N2а- лимфа бездері бөгелме ісікті емес,

N2б- лимфа бездері бөгелме ісікті,

N3- қозғалмайтын лимфа бездері бар,

М- бөгелме ісік:

Мх- бөгелме ісік белгісіз,

Мо- алысқы бөгелме ісік жоқ

М1- алысқы бөгелме ісік бар

Ескерту: бір мезгілде пайда болған терінің көп ісік көздерінде жіктелу ең үлкен көлемдегі ісік көзі бойынша қойылады.

Тері рагының өсу сатыларын тnм жүйесі бойынша топтастыру

  • 0 сатысы -ТisN0М0

  • 1- сатысы - Т1N0М0

  • 2- сатысы – Т2-3 N0М0

  • 3-сатысы –Т4 N0М0, немесе кезкелген Т, бірақ N1М0,

  • 4- сатысы – кезкелген Т,кезкелген N, бірақ М1

ХАЖ-10- бойынша таңбалануы:

C44 – Терінің басқа қатерлі ісігі

44.0 - ерің терісі

C44.1- қабақ терісі, оның қосылған жерімен

C44.2 – құлақ терісі және есту тесігімен

C44.3 – басқа бет терісі және анықталмаған бөлігімен

C44.4 – бас терісі және мойын

C44.5 – дене терісі

C44.6 – қолдың терісі,иық буынды қоса

C44.7 – аяқтың терісі , жабас буынды қоса

C44.8 – жоғарыда көрсетілгендерден басқа терінің зақымдануы

C44.9 – терінің анықталмаған бөліктері