Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-Онкология иновация,2 дұрысы - копия (Восстанов...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.06 Mб
Скачать

Өкпе рагын сәулемен емдеу жолдары

Тек сәулемен емдеу кезінде өкпе рагымен науқастанған адам еш уақытта жазылмайды, бірақ ол химиотерапиямен, немесе операциямен қосарланып қолданса, оның өмірін сәл де болса да ұзартады, Басқа жағдайларда ауруы асқынған адамдарда, операция жасалынбайтын болса немесе одан адамдар бас тартқан жағдайларда, бұл әдіс орын алады.

Сәуле, жайылма клеткалы ракта, аз мөлшердегі дозамен, 60-65 Гр дейін беріліп, ал безді рак кездессе, онда сәуле мөлшері 70-80 Гр дейін жеткізіледі.. Кейде сәуле жоғары деңгейде ұсақталған дозамен 3-5 Гр, немесе 6 Гр беріледі.

Өте маңызды ем болып брахитерапия әдісі саналады. Бұл паллиативті тәсілде, ауруы асқынғандарға, операция қолданбаған жағдайда, сәуле бронх ішінен және сырттан да беріледі.

Өкпе рагын химиотерапиялық жолмен емдеу

Химиотерапия - өзінше жеке дара ем ретінде екі жағдайда қолданады:

  1. асқынған өкпе рагында,

  2. хирургиялық әдіс қолданбағанда.

Көбінде мына дәрілер пайдаланады:

    • платиндер,

    • антиметоболиттер (метотрексат),

    • алкилді қоспалар (циклофосфан, ифосфамид),

    • өсімдіктен алынған дәрілер (вепезид, таксол, таксотер),

    • ісікке қарсы антибиотиктер (адриамицин, доксорубицин).

Дәрілердің емдік қасиеттері ісіктің морфологиялық құрылысына тікелей байланысты болады, Майда клеткалы ракта химиотерапия шешуші ем боп есептеледі. Бұл кезде, дәрілерді қосарландырып бергенде, ісіктің хиомопрепараттарға деген сезімталдығын күшейтеді. Ең нәтижелі ем, дәрілерді платин мен қосарланып берілуі есептелінеді.

Қазіргі стандартты ем, ол цисплатинді этопозидпен қоспалап беру. Осындай үлгіде таксолды карбоплатинмен, немесе цисплатинмен қосып қолдану. Бұл химиотерапиялық үлгілер, әсіресе, 70-тен асқан адамдарда кеңінен қолданады, сондықтан олар шешуші рөл атқарады.

Қосарланған және кешенді ем. Тәжірибеде өкпе рагының ІІ-ІІІ өсу сатысында операция сәулемен, немесе химиотерапиямен қабаттасып қолданады. Сәуле, операция алдында (22-25 Гр) және одан соң 1-2 күн өткенде қолданады. Химиотерапия дүркін-дүркін қайталанып беріледі. Ісіктің өсу дәрежесін және морфологиялық құрылысын есептегенде ғана өкпе рагын емдеу нәтижесі қалыптасады.

Радикалды ем өкпе рагының І-ІІІа (Т1-3N1-2M0) сатыларында қолданылады. Ем қолдану ережесі ісіктің морфологиялық құрылысына тікелей байланысты.

  1. өкпе рагы жайылма клеткалы болса, онда ең негізгі ем операция болып саналады,

  2. ісіктің І-ІІа- сатысы болса, онда тек операция қолданылады,

  3. қалған жағдайлардың барлығында адьювантты химио және сәуле әдісі операциямен қосарланады.

  4. майда клеткалы өкпе рагында негізгі ем ретінде тек химиотерапия әдісі пайдаланады.

  5. Өкпе рагының майда клеткалы түрінде бөгелме ісік ми да жиі орналасуына байланысты, химио-сәуле әдісі біткен соң, ми сәулемен емделеді, онда сәуле дозасы 36-40 Гр дейін жеткізіледі.

  6. Миды сәулелендіргенде міндетті түрде сусыздандыру (дегидратация) емі қолданылады, бұл миға бөгелме ісік беруді 2-3 есе кемітеді.

Өкпе рагын емдеу нәтижелері

Өкпе рагын емдеу нәтижелері тікелей ісіктің өсу сатысына және морфологиялық құрылысына байланысты болады. Аурулардың емнен кейін өмір сүру мерзімдері әлі де болса қанағаттарлық емес.

Операциядан кейін:

  1. І- сатысында, 5 жылдық өмір сүру мерзімі 45-55% құрайды,

  2. ІІІ- сатысында, бұл көрсеткіш 5-20% ғана тең.

Емдік нәтиже жайылма клеткалы ракта шамалы жоғары, ал безді ракта нәтиже төменірек болады. Ал майда клеткалы ракта науқастардың 5 жылға дейін өмір сүруі тек 3-15% құрайды.

Тек кешенді (операция + химия +сәуле) ем әдісі аурудың өмір сүру мерзімін, ісік ІІІ- сатысында болса да, ұзартады. Рактың ІІІ-ІV- сатысында сәуле әдісінен кейін 5-7% науқас 5 жылға дейін өмір сүреді, ал химиотерапиядан кейін, бірнеше айдан, 1-2 жылға дейін өмір сүруі мүмкін.

Еңбекке жарамдылық. Радикалды операциялардан кейін науқас 1-2 жыл бойы 2-топтық мүгедектікке жатады, ал жағдайы нашар болса, онда 1- топтық мүгедектік те беріледі. Екі жылдан кейін аурудың жағдайы дұрыс болса, онда 3-топтық мүгедектікке ауыстырылады. Әрине операцияның түрі, көлемі еңбекке жарамдылықты шешетін ең негізгі себеп. Неғұрлым операция көлемі кіші болса, соғұрлым еңбекке науқас адам тез және толық оралады. Әрине, дерттің асқынуы мүгедектік топтарды азайтады, ал IV- сатысындағы өкпе рагында науқасты бірден І топтық мүгедектікке жатқызуға болады.

Диспансерлік бақылау тәртібі қатерлі ісіктердің Ш- клиникалық топ ережесі бойынша орындалады. Кезекті тексеру, физикалық әдістерден басталып, қан мен зәр қосымша талданады және міндетті түрде рентген арқылы науқас мұқият тексеріледі. Керекті жағдайда - ультрадыбысты қосады.

Сабақ қорытындысы:

  1. Өкпе рагы – адам баласындағы қатерлі ісіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі, оның үлесіне барлық ісіктердің 1/4-і (25%) жатады.

  2. Еркектердегі көрсеткіш, әйелдерге қарағанда, орташа есеппен 4-5 есе жиі кездеседі.

  3. Өкпе рагы Қазақстанның Шығыс аймағында жиі, ал Оңтүстік өңірінде сирек кездеседң

  4. Өкпе рагын туғызатын да, қоздыратын да ең негізгі себеп – ауаның канцерогенді заттармен ыластануы.

  5. Қоршаған ортадағы - өндіріс қалдықтарының (асбест, мышьяк, никель, хром), иондық радиация мөлшерінің көбейуі, өкпенің созылмалы қабыну аурулары, тұқым қуалаушылықтың оңтайлы болуы.

  6. Ірі кадрлы флюорография жалпы елді скрининг тәсілімен тексерген кезде өкпе рагын ерте даму сатысында анықтауға көмектеседі.

  7. Өкпе рагы орталық, шеткі және атипті түрі болады.

  8. Орталық рак - бөлім мен сегменттік бронхтарда, ал шеткі түрі майда бронхтар мен бронхиолдарында орналасқандары жатады.

  9. Жалпы ауру ісіктің орналасқан жеріне, клиникалық, рентгенологиялық көріністеріне сәйкес және анықтау мен емделу тәсілдерімен ерекшеленеді.

  10. Орталық өкпе рагы ісіктің бронхтағы өсу айырмашылығына сәйкес бронх ішіндегі және сыртқы айналасындағы болып бөлінеді. Ол түйінді және жайылмалы түрінде өседі.

  11. Ал шет өкпе рагы «шар» тәрізді, Пенкоста рагы және қабынған рак болып бөлінеді.

  12. Гистологиялық құрылысы жөнінен: майда клеткалы және майда клеткалы емес боп екіге бөлінеді.

  13. Өкпе рагының негізгі белгілері: жөтел, қан құсу, ентігу, ауырсыну сезімі және дене қызуы.

  14. Майда клеткалы ракта, ағзада гормон мөлшерінің өзгеруі салдарынан паранеопластикалық белгілер пайда болады.

  15. Өкпе рагын анықтайтын негізгі әдістерге: рентгендік және эндоскопиялық зерттеулер жатады,

  16. Өкпе рагын хирургиялық әдіспен толық жазып шығуға болады, егер операция радикалды жасалынса.

  17. Майда клеткалы өкпе рагында химиотерапия тиімді, ол негізгі ем,

  18. Химиотерапия ісікке қарсы бірнеше дәрілердің қосарланып қолдануы, бір дәріні пайдаланудан әлде қайда тиімді болады.

  19. Химиотерапиялық ем ішінде платин препараттары маңызды рөл атқарады.

  20. Сәуле әдісі науқастың тек өмірін ұзартады, сондықтан да ол паллиативті (жеңілдеткіш) тәсіл болып саналады.