Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-Онкология иновация,2 дұрысы - копия (Восстанов...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.06 Mб
Скачать

Бас бронхты және аралық бронхты айналдыра кесу арқылы жоғарғы лобэктомия жасау (№29 - сурет)

№29- сурет. Аралық бронхты, орталық бронхтың проксимальды

сағасынан кесу

Орталық лобэктомия (№30- сурет)

№30- сурет. Орталық лобэктомия.

Орта бөліктік көк қантамырды байлап, айналасындағы клетчатканы бронхопульмональды лимфа түйіндерімен, алынатын өкпе бөлігіне қарай сылу.

Жоғарғы билобэктомия

Оң жақ өкпенәң жоғарғы және ортаңғы бөліктерін бронхопульмональды, түбір айналасындағы, , жоңарғы және төменгі (бифуркациялық), трахеобронхиальды лимфа түйіндерімен қоса сылу

Төменгі лобэктомия (№31- сурет)

Операция мақсаты – төменгі өкпе бөлігін, түбір айналасындағы, бифуркациялық бронхопульмональды, өңеш айналасындағы және де өкпе байламындағы лимфа бездерді түгел, ортаңғы бронхтың төменгі сағасына дейін сылып алу жатады. Кеудеге ену - бесінші қабырға арасы арқылы қырынан жасалады

№31- сурет. Аралық және ортаңғы бөлік бронхын сына тәрізді кесу арқылы төменгі бөлік бронхысын резекциялау

Төменгі билобэктомия

Оң жақ өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерін сылып алу үшін – жоғарғы бөлік бронхысының сағасынан төмен аралық бронхты кесу арқылы орындалады. Кеудеге ену - бесінші қабырға арасы арқылы қырынан жасалады

Сол өкпе операциялары

Пневмонэктомия (№32- сурет)

Бұл опреацияның мақсаты – сол жақ өкпені бас бронхтың жоғарғы жағынан кесіп, айналасындағы түбір аралық және төменгі кеңірдек-бронх лимфа түйіндері мен клетчаткаларын қоса бір блокта сылып алу. Бұл кездегі анатомиялық ерекшелік –бас бронх, өкпе артериясы мен қайырмалы жүйке нің қолқа доғасының астында орналасуы, артерия байламдарының, жоғарғы көк қан тамырдың шашырап, қысқа стволды болулары және де жүрекпен қалқаланып, өңештің бронхтың артында орналасуы жатады. Кеудеге ену - бесінші қабырға арасы арқылы қырынан жасалады

№32- сурет, Бас бронхтың бір жарты сақинасын қалдырып кесіп,

тігіс салу. Рамада – өкпеқап шеттерін тігу

Кеңейтілген және қосарланған пневмонэктомия

Оныі негізгі мақсаты (№33- сурет) – бас бронхты жоғарлата кесіп, алдыңғы және артқы кеуде аралық, оған қоса жоғарғы және төменгі кеңірдек-брох, өкпе байламындағы лимфа түйіндерін қоса өкпені сылу. Егер бөгелме ісік көк ет пен кезбе жүйкелерін зақымдаса , онда кері жүйкенің жоғарғы жағынан кесу керек. Кеудеге ену - бесінші қабырға арасы арқылы қырынан жасалады

№33- сурет, Сол жақ өкпенің бас бронхысын бір шеміршек

сақинасын қалдырып кесу.

Жоғарғы лобэктомия

Жоғарғы лобэктомия кезінде, оның негізгі бронхысын бас бронхтан басталатын жерінен кесіп (№34- сурет), оған қоса бронхопульмональды, қолқа әйнегіндегі, жоғарғы және төменгі (бифуркациялық) кеңірдек-бронх лимфа түйіндерімен сылып алу керек. Кеудеге ену – төртінші қабырға қыры арасымен жасалады

№34- сурет, сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін сына тәрізді

бас бронх пен төменгі бөлік бронхысынан кесу

.

Бас және төменгі бөлік бронхты айналмалы кесу арқылы жоғарғы лобэктомия жасау.

Мақсаты – жоғарғы бөлік бронхтың сақинасынан, бас және төменгі бронхтан кесіп (№35- сурет), оны аймақтық лимфа түйіндерімен сылып алып, бронх аралық ұшпа-ұш анастомоз салу.(төменгі бронх тұқылы мен бас бронх тұқылы арасына). Кеудеге ену - бесінші қабырға арасы арқылы қырынан жасалады.

№35- сурет, Жоғарғы лобэктомия, бас және төменгі бөлік бронхын айналмалы резекция жасау арқылы. Бас және төменгі брохтарды кесу.

Төменгі лобэктомия.

Бұл операция кезінде (№36- сурет), төменгі бөлікті - бронхопульмональды, төменгі кеңірдек-бронхты, артқы кеуде аралық және өкпе байламындағы лимфа түйіндерімен бірге сылу. Кеудеге ену - бесінші қабырға арасы арқылы қырынан жасалады

№37- сурет – кеуде қуысына артқы-қырлы жолмен ену, операциядан кейінгі көрініс.

№36- сурет, Бас және жоғарғы бронхтарды сына тәрізді кесіп,

төменгі бөлікті сылу.

№ 37- сурет, операциядан кейінгі көрініс