Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-Онкология иновация,2 дұрысы - копия (Восстанов...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.06 Mб
Скачать

Онкологиялық парыз танудың негізгі қағидалары мыналар:

Деонтология ережелерінің сақталуы, оның бұлжытпай орындалуы, әрбір дәрігердің жалпы мәдениеттілігіне, білімділігі мен парасаттылығына, пәтуалығына, адамға деген мейрімділік көз қарасынының ілтипаттығына байланысты. Сондықтан жоғарыда көрсетілген қағидаларды орындау тек қана онкологтарға ғана емес, жалпы медицина қызметкерлеріне, оның ішіндегі мейір бикелерге де қатнасты.

Деонтология қағидаларын орындай отырып, онкологиялық ауру туралы кейбір ерекшеліктерді білген шарт.

Олар:

  1. Қатерлі ісіктің өз бетімен жазылып кетпейтінін түсіндіру.

  2. Қазіргі кездегі онкология саласындағы жетістіктерге сүйене отырып, қатерлі ісікті тек арнайы емдік әдістерді қолданғанда ғана жетістікке жететіндікті сендіру.

  3. Қатерлі ісік жұқпалы ауру еместігіне көз жеткізу.

  4. Халық арасындағы «рактан» жазылу мүмкін емес деген пікірдің дұрыс еместігін дәлелдей білу.

  5. Қатерлі ісіктің алғашқы сатысындағы емнің тиімділігін дәлелдей білуі.

  6. Қатерлі ісіктің асқынған кезеңінде де тиімді еммен «өмір сүру сапасын» жақсартуға болатынын ескерту.

  7. Қазіргі кезде, онкологиялық ауруға деген көзқарастың өзгеруіне байланысты, адамда қатерлі ісіктің барын, оның ағымын, аурудың болжамды өмір сүру мерзімін алдына ала айтуға болатынын білу.

  8. Дәрігер қатерлі ісікпен аурған адамға, оның толық жазылатынына еш бір кепілдік бере алмауы.

  9. Дәрігер «дәрігерлік құпияны» тек, өзінің басшысына және заң өкілдеріне ғана аша алатынын естен шығармауы.

Онкологиядағы ең күрделі мәселе - ол ауру адамның өз диагнозын білуі, бұған қоса емдеу тәсілдерінен хабарлас болуы.

Бірнеше жылдар бұрын біздің қоғамда дәрігерлер ауру адамға шын диагнозын жасыратын болған. Бірақ, қазірғі таңда құқықтық елдерде ауру адам өзінің диагнозын білуге және осыған байланысты қандай ем тиімді екенін ұғыну қажет, оның себебі шынайы диагнозы анықталғаннан кейін, ол өзінің тұрмыстық-әлеуметтік және мұрагерлік мәселелерін, оған қоса жеке басының тағдырын алдын ала шешуі тиіс.

Егер де, ауруға оның шын диагнозын жасырсаңыз да, ол бәрібір күдіктенеді, себебі онкологқа қайрылғандықтан, оның мамандығына сәйкес науқас адам жақсы білгендіктен күдіктенеді.

Онкология деген сөздің өзі әр адамда қатты психологиялық күйзеліске ұшыратындығына еш күмәнденуге болмайды, сондықтан адамдардың қөпшілігі сол мекемеге жолдама бергеннен бастап ойлана бастайды «егер менде онкологиялық ауру дәленденсе, емделу қажет пе- деп? Науқастың еш жері ауырмағандықтан, ісік мазаламайды, жалпы хал-ахуалы жақсы болғандықтан сенбейді. Ісік мазаламағандықтан науқас жүре береді сөйтіп алтын уақыттын өткізіп алып, артынан өкінеді, себебі рак еш уақыта алдыңғы сатыларында ауырсыну сезімі болмай, тек асқынып, бөгелме ісік бергенде ғана пайда болады. Бұл кезде, науқас пен дәрігер арасында, адалдық, шындық, толық сенімділік орныққаны дұрыс және бұл екі жақтан бірдей болғанда ғана қатерлі ісікпен белсенді және нәтижелі күресуге болады.

Жан-жақты ауруға ақпарат беру кезінде, ғылыми мәліметтерді міндетті түрде қосып айтпаса, ауруда сенімсіздік туады, сондықтан науқасқа берген ақпарат тиянақты болу үшін, сапалы білім және өмірлік тәжірибе қажет.

Аурудың дәрігерге деген сенімі – ол үлкен несие, оны ақтау – әр дәрігердің борышы.

Онкологиялық аурулар арасындағы этикалық қарым-қатынас деонтологияның негізі болып саналады. Бұл қатынас дұрыс орнамаған жағдайда ауру адам мүгедек болуы ықтимал, сондықтан мұны да алдын-ала дәрігер қарастырып, болжам мүмкіншіліктерінің қалай болып кездесетіндігін ескертуі тиіс. Еш уақытта қарым-қатнас кезінде дәрігер ауруды қинамауы керек және өз мақсатында пайдаланбағаны жөн. Ауру мен дәрігер арасындағы әңгіме тек шынайы диагноз және оның қандай тиімді емдік әдістері бар тұралы болуы тиіс. Жан-жақты хабарлас болған ауру емнің қандай түрін қабылдайтындығын білу - оның заңды құқығы және де науқас сол тұралы тілхат бергені орынды. Қазіргі кезде ауруға тағы да бір құқық берілген, ол емхана мен аурухананы және дәрігерді таңдауы.

Сонымен, онкологиялық деонтология басқа медициналық мамандардан аспанмен жердей айырмашылығы бар, ол бір жағынан катерлі ісіктің өмірге деген кауіптілігінен болса, екінші жағынан ісікті білгеннен кейін ауру адамның қатты психологиялық күйзеліске ұшырайтындығынан. Сондықтан деонтологияның онкологиядағы негізгі бір ұсынысы - «әр уақытта абайлап сөйлеу, үйткені ауруды емдемей жатып мезгілсіз өлтіріп аласың» дегені. Ауруын жасырған «ерте өледі» деген ұғымды біле тұра, науқас адамға, оның жүйке жүйесіне сәйкес сұқпатасу керек. Тек сонда ғана деонтологиялық ереже мұқият орындалады.