- •[Gl]Дәріс №1. Си тілі негіздері.[:] Си тілі негіздері.
- •Жалпы түсініктер
- •Cи тілінің алфавиті
- •2. Си тілінің алфавиті
- •[Gl] Дәріс №2. Тілдің қарапайым объектілері.[:]
- •Тілдің қарапайым объектілері.
- •[Gl]Дәріс №3. Стандартты функциялар.[:] Стандартты функциялар.
- •1. Printf және scanf функциялары
- •2. Спецификациялардың түрлері.
- •[Gl]Дәріс №4. Си тілі операторлары[:] Си тілі операторлары
- •4. Келтіру операциясы
- •5. Логикалық оператор
- •[Gl]Дәріс №5. Цикл операторлары.[:] Цикл операторлары.
- •3.For цикл операторы
- •Int n; // көбейткіш
- •Int p; // көбейтінді
- •5 Санының көбейту кестесі
- •4. Do while цикл операторы
- •[Gl]Дәріс №6. Көшу операторлары[:] Көшу операторлары
- •2. Continue операторы
- •3. Goto операторы
- •[Gl]Дәріс №7. Си тілі элементтері.[:] Си тілі элементтері.
- •Switch ауыстырғыш операторы
- •Эем жадының кластары және айнымалылардың қолданылу аймағы
- •1. Switch ауыстырғыш операторы
- •2. Эем жадының кластары және айнымалылардың қолданылу аймағы
- •[Kgl]Дәріс №8. Cи тіліндегі функциялар.[:] Cи тіліндегі функциялар
- •2. Функция түрлері.
- •Return операторы.
- •[Gl]Дәріс №9. Сөз тіркестерін өңдеу.[:] Сөз тіркестерін өңдеу.
- •2. Сөз тіркестерін өңдеу
- •[Gl]Дәріс №10. Сөз тіркестерін өңдейтін басқа функциялар.[:] Сөз тіркестерін өңдейтін басқа функциялар
- •1. Сөз тіркестерін енгізу-шығару функциялары.
- •2. Сөз тіркестерін өңдейтін басқа функциялар.
- •1. Сөз тіркестерін енгізу-шығару функциялары
- •2.Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін басқа функциялар
- •Программалау технологиясы пәні бойынша тест тапсырмалары
2. Continue операторы
Программа орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығып, қалған операторларды аттап өтіп, осы цикл параметрінің келесі мәніне көшу үшін continue операторы қолданылады, яғни циклдің келесі итерациясына – қадамына басынан бастап ауысу жүзеге асырылады.
Мысалы:
Екіөлшемді массив – A[5,5] берілген. Осы массивтегі теріс элементтердің санын анықтайтын және оларды квадраттайтын программа құру керек.
k=0;
for (i=0;i<=5; i++)
for (j=0;j<=5; j ++)
if (a[i][j]>0
continue;
else
{ k=k+1;
a[i][j]=pow(a[i][j],2);
}
3. Goto операторы
Басқа тілдердегідей Си тілінде goto операторы көп қолданылмайды, бұл оператордың жазылуы:
goto <белгі>;
мұндағы белгі – оператор нөміріне ұқсас ерекше белгі, яғни идентификатор.
Бұл оператор бірінің ішіне бірі енгізілген бірнеше цикл жиынынан (мәліметтер арасында қателер кездессе) бірден сыртқа шығып кету керек болған кезде қолданылады. Мұндайда break операторын пайдалана алмаймыз.
Мысалы:
goto m5;
goto belgi2;
Варианттар:
1) 200-ге дейінгі 3-ке қалдықсыз бөлінетін бүтін сандардың қосындысын табу керек.
2) 100-ге дейінгі жұп оң сандардың қосындысын табу керек.
3) 200-ге дейінгі тақ оң сандардың қосындысын табу керек.
4) 20-дан үлкен және 100-ден кіші 3-ке қалдықсыз бөлінетін оң сандардың қосындысын табу керек.
Жалпы мүшесі көрсетілген өрнекке сәйкес қатар қосындысын e=10-4 дәлдігімен анықтау керек.
[kgl]
[Gl]Дәріс №7. Си тілі элементтері.[:] Си тілі элементтері.
Сұрақтар:
Switch ауыстырғыш операторы
Эем жадының кластары және айнымалылардың қолданылу аймағы
1. Switch ауыстырғыш операторы
switch ауыстырғыш операторы программада кездесетін бірнеше (екіден артық) нұсқаның бірін таңдап алу керек болған жағдайда қолданылады.
Оператордың жалпы жазылуы:
switch <бүтін типті өрнек>;
{
case белгі1: операторлар; break;
case белгі2: операторлар; break;
................
case белгіN: операторлар; break;
default: операторлар;
}
Оператордың орындалу схемасы:
Мұнда switch сөзінен кейінгі өрнек мәні есептеледі, ол бүтін санды (char типі де) типте болуы тиіс. Сол мән case сөздерінен кейін жазылған константалар мәндерімен салыстырылады. Егер олардың біріне тең болса, сол жол орындалады, жол соңында көшу операторы болмаса, келесі жолдар толық орындалады. Ал бір жолды орындап болған соң, switch операторынан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер switch сөзінен кейінгі өрнек мәні ешбір константамен сәйкес келмесе, онда default сөзінен кейінгі операторлар атқарылады. Кейде default сөзі болмауы да мүмкін.
Егер default сөзі болмаса, онда switch операторынан кейінгі келесі жолдар орындала береді.
Switch операторындағы өрнек түрінде нақты типтегі мәліметтерді, сөз тіркестерін (жолдарды) пайдалануға болмайды.
Нөмірлеріне сәйкес апта күндерінің атауларын шығару мысалы:
1 енгізілсе, дүйсенбі сөзі,
2 енгізілсе, сейсенбі сөзі,
..........
7 енгізілсе, жексенбі сөзі шығарылады.
#include <stdio.h>
#include <conio.h>
main()
{ int i;
printf("\n1-7 арасында бүтін сан енгіз: " );
scanf("%i",&i);
switch(i)
{
case 1: printf("\nдуйсенбі");break;
case 2: printf("\nсейсенбі");break;
case 3: printf("\nсарсенбі");break;
case 4: printf("\nбейсенбі");break;
case 5: printf("\nжұма");break;
case 6: printf("\nсенбі");break;
case 7: printf("\nжексенбі");break;
default: printf(“Сан 1-7 арасында болуы керек");
}
getch();
}
Көбейту кестесін шығару программасы:
int i;
printf("\n1-9 арасында бутін сан енгіз:" );
scanf("%i",&i);
switch(i)
{
case 1: printf("\n%dx1=%d",i,1*i);
case 2: printf("\n%dx2=%d",i,2*i);
case 3: printf("\n%dx3=%d",i,3*i);
case 4: printf("\n%dx4=%d",i,4*i);
case 5: printf("\n%dx5=%d",i,5*i);
case 6: printf("\n%dx6=%d",i,6*i);
case 7: printf("\n%dx7=%d",i,7*i);
case 8: printf("\n%dx8=%d",i,8*i);
case 9: printf("\n%dx9=%d",i,9*i);
default: printf(“Сан 1-9 арасында болуы тиіс");
}
Бұл программаның жұмыс нәтижесі:
1 енгізілгенде мыналар шығарылады:
1x1=1
1x2=2
1x3=3
…
1x9=9
2 енгізілгенде мыналар шығарылады:
2x2=4
2x3=6
…
2x9=18
9 енгізілгенде мыналар шығарылады:
9x9=81
Шығыс күнтізбесі бойынша жыл нөмірінің жануарлар атына сәйкестігін анықтау мысалы:
{ int god;
printf(“Введите год: ");
scanf("%i",&god);
switch (god % 12)
{ case 0 : printf("год Обезьяны");break;
case 1 : printf("год Петуха"); break;
case 2 : printf("год Собаки"); break;
case 3 : printf("год Свиньи"); break;
case 4 : printf("год Крысы"); break;
case 5 : printf("год Коровы"); break;
case 6 : printf("год Тигра"); break;
case 7 : printf("год Зайца"); break;
case 8 : printf("год Дракона"); break;
case 9 : printf("год Змеи"); break;
case 10 : printf("год Лошади"); break;
case 11 : printf("год Овцы"); break;
default: printf("Введите целое без знака");
}
