- •[Gl]Дәріс №1. Си тілі негіздері.[:] Си тілі негіздері.
- •Жалпы түсініктер
- •Cи тілінің алфавиті
- •2. Си тілінің алфавиті
- •[Gl] Дәріс №2. Тілдің қарапайым объектілері.[:]
- •Тілдің қарапайым объектілері.
- •[Gl]Дәріс №3. Стандартты функциялар.[:] Стандартты функциялар.
- •1. Printf және scanf функциялары
- •2. Спецификациялардың түрлері.
- •[Gl]Дәріс №4. Си тілі операторлары[:] Си тілі операторлары
- •4. Келтіру операциясы
- •5. Логикалық оператор
- •[Gl]Дәріс №5. Цикл операторлары.[:] Цикл операторлары.
- •3.For цикл операторы
- •Int n; // көбейткіш
- •Int p; // көбейтінді
- •5 Санының көбейту кестесі
- •4. Do while цикл операторы
- •[Gl]Дәріс №6. Көшу операторлары[:] Көшу операторлары
- •2. Continue операторы
- •3. Goto операторы
- •[Gl]Дәріс №7. Си тілі элементтері.[:] Си тілі элементтері.
- •Switch ауыстырғыш операторы
- •Эем жадының кластары және айнымалылардың қолданылу аймағы
- •1. Switch ауыстырғыш операторы
- •2. Эем жадының кластары және айнымалылардың қолданылу аймағы
- •[Kgl]Дәріс №8. Cи тіліндегі функциялар.[:] Cи тіліндегі функциялар
- •2. Функция түрлері.
- •Return операторы.
- •[Gl]Дәріс №9. Сөз тіркестерін өңдеу.[:] Сөз тіркестерін өңдеу.
- •2. Сөз тіркестерін өңдеу
- •[Gl]Дәріс №10. Сөз тіркестерін өңдейтін басқа функциялар.[:] Сөз тіркестерін өңдейтін басқа функциялар
- •1. Сөз тіркестерін енгізу-шығару функциялары.
- •2. Сөз тіркестерін өңдейтін басқа функциялар.
- •1. Сөз тіркестерін енгізу-шығару функциялары
- •2.Сөз тіркестерімен жұмыс істейтін басқа функциялар
- •Программалау технологиясы пәні бойынша тест тапсырмалары
[Gl]Дәріс №4. Си тілі операторлары[:] Си тілі операторлары
Сұрақтар:
1. «Өрнек» немесе меншіктеу операторы
2. Құрама операторлар
3.Типтерді түрлендіру
4. Келтіру операциясы
5. Логикалық оператор
6. Таңдау операторлары
1. «Өрнек» немесе меншіктеу операторы
Кез келген ; таңбасымен аяқталатын өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Өрнек-тің бір түріне бос оператор жатады, ол жай ; операторы.
Мысалдар:
y=1.5e3;
i++;
a+=2;
m1: ;
x=a+b-sin(2*alfa);
;
2. Құрама операторлар
Құрама операторларға жай құрама операторлар және блоктар жатады. Екеуі де жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға қарағанда, айнымалыларды сипат-тау жолдары болады. Мысалы:
{
n++; жай құрама оператор
summa+=n;
}
{
int n=0;
n++; бұл блок
summa+=n;
}
3. Типтерді түрлендіру
Егер өрнекте әр түрлі типтегі сандар мен айнымалылар қолданылса, онда олар жалпы бір типке түрлендіріледі. Біз қарастырған барлық негізгі типтер ішінде төменнен жоғары қарай бағытталған түрлендірілу реттілігі бар. Егер оларды оңған солға қарай реттеп орналастырсақ, мынадай болып шығады:
char ® short ® int ® long ® float ® double
Оң жақтағылары сол жақтағылардан жоғары дәрежелі болып табылады.
Егер char мен short типтері араласса, нәтижесі – chort болады, ал short пен int типтері араласса, нәтижесі – int болады, т.с.с. float пен double типтері араласса, нәтижесі double болады.
1. Егер операция екі түрлі типтегі мәліметтер үшін орындалатын болса, онда олар осы мәлімет-тер типтерінің арасындағы “жоғарғы” типке кел-тіріледі.
2. “Жоғары” типтен бастап, “төмен” типке дей-ін реттелген типтер аттарының тізбегі келесідей түрде көрсетіледі:
double
float
long
int
short
char
3. Меншіктеу операторында оң жақта орналасқан өрнектің есептелген нәтижесі осы оператордың сол жағына жазылған айнымалының типіне келті-ріледі. Осындай процесс типтің “жоғарысына” немесе “төменіне” келтірілуі мүмкін.
Мысалы:
main ()
{
char ch; int i; float fl;
fl=i=ch='A';
printf("ch=%c i=%d fl=%6.2f\n",ch,i,fl); // ch=A i=65 fl= 65.00
ch=ch+1; // ch=66
i=fl+2*ch; // i=65.00+2*66=197
fl=2.0*ch+1; // fl=2*66+1=133
printf("ch=%c i=%d fl=%6.2f\n",ch,i,fl);
}//ch=B i=197 fl=133.00
4. Келтіру операциясы
Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі автоматты түрде орындалады. Мәліметтердің көр-сетілген қажетті типіне келтіру үшін Си тілінде ар-найы бір тәсіл бар. Бұл тәсілде типтердің келтірілуі келесідей түрде қолданылады: айнымалының ал-дында дөңгелек жақшада қажетті типтің аты жазы-лады. Жалпы түрге келтіру операциясы мынадай болып жазылады: (тип)өрнек.
Мысалы:
int m;
float x,y;
y=pow(x,2)+sqrt((double)m);
5. Логикалық оператор
Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылады: ==,!=,<,<=,>,>=
Егер қарастырылатын қатынас нәтижесі ақи-қат болса, шарттық өрнектің мәні 1-ге тең болып саналады. Егер ол жалған болса, шарт-тық өрнек мәні 0-ге тең. Қатынас операциясы-ның приоритеті арифметикалық операциялар-ға қарағанда, төмен және меншіктеу операто-рымен салыстырғанда жоғары болады.
Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қажет.
Си тілінде келесі логикалық операторлар бар
1) және (&&) операциясы f1 && f2
2) немесе | | (or) операциясы f1 || f2
3) терістеу (not) операциясы !f1
Терістеу (емес, қарсы) операциясының приорите-ті өте жоғары, одан тек жақша ішіндегі мәндер-дің приоритеті жоғарылау болады. && операция-сының приоритеті || (or) операциясымен салыс-тырғанда жоғары, ал осы екеуінің приоритеттері қатынас операцияларымен салыстырғанда төмен, меншіктеу операциясынан жоғары болады.
6. Таңдау операторлары
Таңдау операторлары – бұлар шартты оператор және ауыстырғыш (переключатель) оператор.
1. Шартты оператордың толық және қысқа түрі бар.
if (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі
Шарт-өрнек ретінде арифметикалық өрнек, қатынас немесе логикалық өрнек жазылады. Егер шартты өрнек мәні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда оператор атқарылады.
Мысалы:
if (x<y && x<z) min=x;
if (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі
else 2-оператор;
Егер шартты өрнек мәні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда 1-оператор атқарылады, ал ол нөлге тең болса, онда 2-оператор орындалады.
Мысалы:
if (d>=0)
{
x1=(-b-sqrt(d))/(2*a);
x2=(-b+sqrt(d))/(2*a);
printf(“\nx1=%5.2f x2=%5.2f”,x1,x2);
}
else printf(“\nШешуі жоқ”);[kgl]
