Қандағы газ құрамының тұрақтылығы.
Қандағы газ құрамының тұрақтылығы, ішкі ортаның гомеостатикалық (физика-химиялық) функционалды жүйе арқылы басқарылатын қатаң тұрақтылық (констант) болып табылады. Сондай бейімделуді (РСО2 және РО2) бақылап қабылдайтын орталық және шеткі хеморецепторлар болады. Олардың шеткі хеморецепторлары ұйқы қойнауының (синусының) шумақтарында, қолқа денешікте-рінде, жоғары тыныс жолдарында және ұлпаларда орналасқан. Орта-лық хеморецепторлары сопақша мидың ішкі-бүйір (вентролатералды) беттеріндегі ми-жұлын сұйықтықта-рында болады. Тыныс орталығына шеткіге қарағанда, орталық хеморе-цепторлардың әсері өте күшті. Жүйкелік хабар, кезбе жүйкенің құрамындағы қолқа доғасының шеткі хеморецепторларынан, ал тіл-жұтқыншақ жүйке құрамына кіретін, ұйқы артериясының каротитті шумақтарының аференттік талшық бойымен келеді. Қандағы газдың құрамы туралы сұйықтық (гуморалды) хабар, оның орталық хеморецепторларының тікелей түйіскен жері арқылы анықталады. Өкпелер көптеген ішкі ортаның гомеотикалық жүйе қызметіне: қанның рН теңдікке және қанның осмостық қысымын, дене қызуын, қалдық заттарды шығару, артериялық қысым жұмыстарына қатысады. 3. Жастық ерекшеліктер
Нәрестенің тынысы. Нәресте-нің алғашқы дем алуы пайда болуының бірқатар себептері бар. Нәрестенің кіндік сабауын байлаған- нан бастап, бала жолдасы арқылы, оның ағза қанынан және анасынан келетін газ алмасуы тоқтайды. Бұл қанның құрамындағы көмір қышқыл газдың көбейіп, тыныс орталығының жасушасын қоздырады да ырғақты тынысты пайда етеді. Нәрестенің алғашқы дем алу себептерінің пайда болуы, оның тіршілік ету жағдайын да өзгертеді. Сыртқы ортадан келген әр түрлі сан-алуан факторлардың, бала тәнінің барлық қабылдағыштарына әсері рефлекторлы жолмен дем алуды пайда етеді. Солардың ішінде ең күшті тітіркену тері қабылдау-шылары болып саналады. Нәрестенің алғашқы дем алуы өте қиын. Өйткені өкпе ұлпасының серпімділік қасиеті көпіршік және ауатамырлары қабысуынан созылуы ұлғайған болады. Осындай тартылу күші азайған кезде көпіршіктерде бір-біріне жабыспайтын беткі қабық (сурфактант) қалыптаса бастайды. Өкпелердің керіліп-созылуы тыныс бұлшықеттерінің белгілі дәрежеде күші жеткенде ғана өкпе ұлпасы созылады. Егер тыныс бұлшықеттер нашар болса, өкпе созылмайды да тыныстық қимылдар пайда болмайды. Өкпенің алғашқы 1-3 тыныстық қимылынан кейін, өкпе толық жазылады және біркелкі болып ауа толады. Алғашқы дем алған кезде өкпедегі ауа қысымы атмосферамен теңеседі де өкпе сондай болып керілгендіктен, қабырғалық (перис-талды) және ішкі (висцералды) үлпершек (плевра) жапырақшалары өзара беттеседі. Кеуде қуысы өкпеге карағанда тез өседі. Сондықтан да үлпершек қуысында теріс қысым пайда болады да өкпенің тұрақты керіліп-жазылуы үшін жағдай жасалады. Үлпершек қуысындағы теріс қысым және оның тұрақты дәрежеде болуы да үлпершек ұлпасының қасиетіне байланысты. Оның сорғыштық қасиеті зор. Сондықтан да тыныс жүйе дамуындағы ерекшеліктердің ағза дамуындағы әр түрлі кезеңдегі заңдылықтарын орта жағдайына бейімделу механизмдерін және ауырып қалған кездегі жетілуін білген бала-бақшада – тәрбиеші, мектептерде – мұғалімдер балалар-дың, әсіресе, өкпе ауруларының алдын алуын қамтамасыз ете алады. Бала жаңа туылған кезде, мұрын қуысы да өте шағын, мұрын жолдары нашар дамыған болады. Төменгі мұрын жолдары 6 айлық шамасында бастайды да, 3-7 жасына дейін тез өсіп, 13 жасында қалыптасады. Мұрынның ортаңғы жолы 2 жасынан қалыптаса бастап, ол 20 жасына дейін созылады (13-сурет). Мұрынның кілегей (шырышты) қабаты ересекке қарағанда, саңлауларындағы қантамырларымен жабдықталуы мол, ауаны жылытуы жақсы. Бірақ демді алғандығы ауаның өтетін кеуекті бөлімдерінде қантамыр өрімдері жетілмеген. Сондықтан да кілегей үнемі ісініп тұратындықтан мұрынмен тыныс-тану қиындайды, бірақ мұрыннан қан кету мүлдем болмайды. Иіс сезу аймағының кілегейі (шырышы) тез өзгереді. 7 айлығында иіс буылтығы айқындалып, 2 жасқа келгенде үлкен шоғыры түзіледі. Осыған байланысты балада иіс сезімі тез дамиды деп айтуға болады. Нәрестенің мұрын қосалқы қуысы өте жетілмеген. Тор сүйектің шытырманы (лабиринт) 12-14 жаста қалыптасады. Маңдай қуысы 1 жас соңында дами бастайды да, дамуы 11-12 жаста аяқталады. Нәрестенің үстіңгіжақ қуысының нышаны да және қалыптасуы да тек 12 жасынан басталады. Негізгі қуыстардың дамуы 3 жасынан басталып, бұл да 12 жасында аяқталады. Сөйтіп емізулі балаларда мұрынның қосалқы қуысы болмағандықтан, олардың бұл жасында қабыныс (қабынуы) болуы мүмкін емес. Демек қабыну болмайды. Нәрестенің мұрын-жұтқын-шақ жолы өте келте. Ол мүшенің өсетін кезеңі 14-18 жас аралығы. Нәрестенің жұтқыншақ бадамшасы (миндалинасы) жұтқыншақтың артқы қабырғасында орналасады. 1 жасында ол өте тез өсіп, төбеге жақындайды да, оларды жауып қалуы да мүмкін. Одан кейін 6 жастан 14 жасқа дейін өсу баяулайды сосын оның кері дамуы басталады. Есту түтігінің тесігі төмен орналасқандықтан, балалардың жо-ғарғы тыныс жолының аурулары көбінесе ортаңғы құлақтың қабы-нуынан асқындайды. Бұл жағдай ортаңғы құлақ пен жұтқыншақ (ауыз қуысы) аралығын жалғастырып тұратын тұрақты келте, әрі кең түтігі арқылы ортаңғы құлаққа жұқпалы ауру жәндіктері (инфекция) өтуіне байланысты. Нәрестенің көмекейі ересектерге қарағанда, үш омыртқа деңгейінен жоғары орналасқан. Сондықтан да бала бір уақытта (мезгілде) тыныстанады және жұтына да алады. Көмекей әр жаста әр түрлі өсіп дамиды. 3 жасқа дейін ұлдар мен қыздардың көмейі бірдей жылдам өседі. 3 жастан 12 жасқа дейін оның өсуі баяулайды, бірақ шеміршек-тердің пішіні күшті өзгереді. Олардың тығыздығы, шырышты қабатының құрылысы, дыбыс байламы бір жастың ішінде және 14-16 жастарында тез өседі. 12 жасынан жыныстық белгі айырмашылығы қалыптасады, бұл уақыттан ұлдардың дыбыс байламы (1,65 см), қыздарға (1,5 см) қарағанда ұзарады. Осыған орай ұлдардың дыбысы – дауысы түбегейлі жуандап мутацияланады. Нәрестенің кеңірдегі мен ауатамырлары (бронхтары) 6 айға дейін және 14-16 жас арасында қарқынды дамиды, ал кеңірдек 10 жаста – 2 есе, 25 жаста – 3 есе ұзарады. Нәрестеде кеңірдектің пішіні сүйір (конус), ол көмекейден шамалы кең. Алғашқы 4 айда ол ұршық пішінді болып, одан кейін көмекей диаметріне қарағанда тарылып, жұмыр (цилиндр) пішінді болады. Кеңірдектің серпімді талшықтары нәрестеде сирек болса, 12 жасында олар қалыңдап жылдам дами бастайды. Өкпе, нәрестенің өкпелері алғашқы 2 жасқа дейін қарқынды өсіп-дамиды, 10 жасқа дейін баяуласа, 13-16 жасында қайтадан тездейді. 1 жасқа толғанда өкпенің сыйымдылығы (көлемі) – 4 есе, 7-8 жаста – 8 есе, 13 жаста – 10 есе, ал 20 жаста – 20 есе ұлғаяды. А.Андроскудың көрсетуі бойын-ша – ер кісілерде өкпенің тәнтану-лық (анатомиялық) сыйымдылығы 1674,8 мл, әйелдерде – 1290,5 мл шамасындай болады. Нәресте өкпесінің сарысу (лим-фа) тамырлары мен жүйкелерінің құрылымдық жағынан үлкен адамдардан айырмашылығы өте аз. Негізгі өзгешелік өкпе құрылысында болып, ол 8-14 жасында айқындалады. Ескеретін жағдай. Өлі туылған немесе өкпемен тыныс алмаған баланың өкпесі келте, олардың беті жылтыр тегіс, олар сұр-боз немесе сарғыш түсті. Өкпені суға салса батып кетеді. Бұл құбылысты баланың өлі туылғанында анықтауда сот-медициналық маңызы бар. Туылғанда тірі болған өкпе қызыл түсті, бірінші тыныс алуынан қызғыш реңді болады. Нәрестенің кеуде қуысы (кеудесі). Емізулі баланың қабырѓалары көлденең дерлік болады. 3 жаста олар едәуір қиғаштанып және қабырѓалардың көлемі өзгеруі кеуденең диаметрін өзгертеді. 7 жасқа дейін кеуде қуысы ұзын, 15 жаста, оның көлденең диаметрі тез ұлғайып, артынша өсу баяулап кеуденің кәдімгі пішіні қалыптаса бастайды. 3 жастан қабырѓа тыныс қимылына (актісінде) қатысады. Кеуде қуысы шартты дамуын үш кезеңге бөледі: бірінші - тез өсуді қамтитын жаңа туған кезеңінен екі жас аралығы; екіншісі - екі кезеңге бөлінетін (ажыратылатынын); 2-ден 7 жасқа дейін тез өсетін және 7-12 жасќа дейін баяу дамитын; үшінші кезеңі - 20 жасқа дейін жыныстық жетілу кезеңінде тез өседі; одан кейін даму баяулайтын кезеңді қамтиды.
13-сурет.
Мұрын қуысы
1
– кеңірдек; 2 – өңеш; 3 – құрмау (тіласты)
сүйегі; 4 – тіласты-көмейасты байламы;
5 – көмекей; 6 – көмекейқақпағы; 7 –
жұтқыншақ қуысы; 8 – жұтқыншақ бадамшасы
(миндалина); 9 – жұмсақ таңдай; 10 –
мисауытының негізі; 11 – жұтқыншақтың
мұрын бөлігі; 12 – жұтқыншақ күмбезі: 13
– жұтқыншақтың тесігі (есту түтігі); 14
– түтіктік белдеуі және бадамшасы; 15 –
мұрынның артқы хоанасы; 16 – мұрынның
жоғарғы кеуілжірі; 17 – тор сүйегі; 18 –
мұрынның жоғарғы жолы; 19 – мұрынның
ортаңғы кеуілжірі; 20 – мұрынның ортаңғы
жолы; 21 – мұрынның кіреберісі; 22 –
мұрынның төменгі кеуілжірі; 23 – мұрынның
төменгі жолы; 24 – күректіс түтігі; 25 –
қатты таңдай; 26 – астыңғыжақсүйек; 27 –
тіл; 28 – тіл бадамшасы.
1-3 жас, алғашқы балалық шақтағы тыныс ерекшеліктері
Баланың бір жасқа толғанша өмірінде барлық дерлік ағза жүйе мүшелерінің өсіп-дамуы, оның ішінде тыныс мүшелері де қарқынды қалыптасуымен қызық. Тыныстың жылдамдық көлемі (0,16-0,19 л/с) артады. Тыныс жиілігі орташа минутына 36-дан 24-ке азаяды. Өкпенің өмірлік сыйымдылығы (ӨС) 3 еседен артық (475 мл) көбейеді. ¤кпедегі оттегінің қанығу қарқыны 2 есеге – 88 мл/мин артады, бірақ баланың массасына ол 8 мл/мин.кг дейін кемиді. Өкпедегі газалмасу тиімділігі іс жүзінде өзгермейді, оттегінің қанығуы орташа 32%, ал көмірқышқыл газы бөлінуі - 2,66% құрайды. 2 жылда дененің өсуімен бірдей (пропорционалды) өкпе ауатамырлар (бронхтар) құрылымы да өседі. Егер өкпенің желдету эквивалентінің (3,12-ден 2,95 дейін) келуі байқалса, ол өкпе газалмасуының тиімділігі артып, тыныстануының үнемді (экономды) пайдалануы осы жастан жеке-дара даму кезеңі басталатынын көрсетеді.
4-7 жас, алғашқы балалық шақтағы тыныс ерекшеліктері
Балаларда өкпелердің жаңа ауатамырлар тармақтары 7-8 жасқа дейін өсіп-дамиды. 4-5 жастарында ауа жүретін жолдары (мұрын және ауыз қуыстарынан бастап соңғы ауатамырлар тармақтарына дейін) біркелкі және баяу дамуы бар. Ол 5-7 жастарда ауатамырлар (бронхиалды) талдануының ұзаруынан жуандауы басым болады. Тыныс жиілігі жасына қарай шамалы төмендейді, ол 4 жасында минутына 28-ді, ал 7 жасында 24-ке дейінгі аралығында болады. Тыныс көлемінің ең көп өсімі 5 және 6 жасында кездемеді. Өкпе желдету тиімділігі өкпе газалмасуы мен қанындағы газ құрамы бойынша бағаланады. 4-7 жасқа дейінгі баланың қанындағы оттегі 17,5% және көмір қышқыл газы 3,3% құрайды.
8-12 екінші балалық шақтағы тыныс ерекшеліктері
Бала 8-12 жас аралығында өкпенің және ағзаның қара күшке негізделген дамуының морфология-лық құрылымдары біркелкі жетіледі. Бірақ бала өмірінің 8 және 9 жастарында ауатамырларының тал-дану жүйесінде, оның кеңеюінен ұзаруы басым. Соның нәтижесінде тыныс жолының динамикалық кедергісінің төмендеуі байқалады.
Баланың 8-12 жастарында тыныс жиілігі минутына 22-25 аралығында жасына тәуелсіз болып, тыныс көлемі ұлдарда 167-ден 214 мл дейін, қыздарда 143-тен 220 мл дейін артады. Осы көрсетілген жастарда (8-12) тыныс жүйесінің қызметтік (функционалды) көрсеткішінің анық айырмашылығы алғашқы жыныстық жетілу белгісінің басталғанына дәлел болады (ол қыздарда 10-11 жастан, ұлдарда 12 жастан айқын байқа-лады). Бұл жастарда өкпелердің жоғарғы және төменгі аумағында (зонасында) күмәнсіз қан толған градиеті байқалады. 13-16 жас, жасөспірім кезеңіндегі тыныс жүйесінің ерекшеліктері.
Баланың дене массасының қомақты (едәуір) өсіп-дамуы қыздарда 12-15 жас, ұлдарда 16 жаста болады. Кеудесі (көкірегі) қарқынды өскені байқалады. Оның шеңбері жылына 2,5-3 см ұлғаяды. Жасөспірімдерде тыныс жиілігі минутына 16-22 дейінгі аралықта кездеседі. Жасөспірімдердің тыныс жолда-ры жақсарып, өкпе ұлпалары созылып және кеудесі жазылып мускулатура дамуынан өкпелер көлемінің ұлғаюы байқалады. Жасөспірімдердің жыныс жеті-луіне байланысты тыныс жүйесі жан-жақты жетілуі: тыныстың минуттық көлемінің көпіршік желдеткіш бөлімшелері ұзарады, өкпелердегі оттегінің қанығуы мен көмір қышқыл газы шығарылуы қарқынды жүреді. 12-13 жастағы жасөспірімдердің өкпелік тыныс қызметтерін жыныс-тық жетілудегі І-V кезеңдерін қара күшке байланысты зерттегендегі көрсеткіш қорытындысына қараған-да, жыныс жетілудің V кезеңінде қыздарда тыныс қызметіне біршама күш жұмсағаны байқалған. Бұл жағдай ғалымдарға жыныстық жетілудің V кезеңінде, 12-13 жасар қыздар қара күш ауыртпалығына төзімділігі төмен деген қорытындыға келуге мәжбүр еткен. Екінші сөзбен айтқанда, осы жаста қыз балаларды ауыр жұмыстардан сақтандырып қамқорлық жасау қажет. Сөйтіп, бала туылғаннан кейін (постнаталды) өкпенің тыныс қызме-тінің даму кезеңдеріне тоқталсақ. Нәрестелік кезең – ең сапалы жаңа кезең – кіндік байланып, бірінші дем алудан өкпе ұлпаларының кернеуін кеңейтіп, өкпе қылтамырларында қан ағымы барып, артериялдық қанның оттегімен қанығуы біркелкі түседі (14-сурет). Алғашқы бірінші жыл кезеңі – бұл ауатамыр талдануы мен өкпе борпылдағы (паренхимасы) қарқын-ды дамуы, өкпе өмірлік сыйымды-лығы артып, тыныс өту жолдары жақсаратын кезең. 4 жас – өкпе-ауатамыр (бронх) жүйесінің дифференциалдануы жал-ғасатын, көпіршіктің гипержелденуі төмендеп, өкпенің диффуздық тыныстану қабілеті артатын кезең. 6-7 жас – бұл ауа өткізгіш жолдарының кеңеюі, олардың өсуі-нен басым, ауатамыр (бронхиалды) кернеу-кедергілері едәуір төменде-ген және көпіршік (альвеолды) ауа құрамы біркелкі болып тұрақтаған кезеңі. 10-11 жаста – өкпе борпылдағы (паренхимасы) қарқынды дамитын өкпелердің көлемі ұлғаятын және жыныс белгілерінің функционалды көрсеткіштері байқалатын кезең. Баланың жасы 12-13-ке келген кезең – ағзаның жан-жақты дәрежеде жыныс жетілуі және жасөспірімнің тыныс жүйесі бір к‰нтізбелік жасында дамитын, реттелу меха-низмінің ең жоғарғы дәрежеде нәзік тұрақсыз болатын, дем алуға қарағанда, дем шығарудың ұзақтығы үнемі басым болатын, оң өкпенің желдетулік сыңар жағы күшейген, тыныс жүйесінің ең күшті қызметтік (функционалдық) мүмкіндігі дамуы үшін сезімталдығы (сентитипті) арту кезеңі.
