Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аманжолова СРС физиолгия 313 ОМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.9 Кб
Скачать

«Астана Медицина Университеті» АҚ

«Физиолгия» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:

Қандағы газдың құрамының тұрақтылығын сақтаудың жастык ерекшеліктері

Орындаған: Аманжолова Дина

Топ: 313 ЖМ

Тексерген: Айтибаева Б.Ү.

ЖОСПАР:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

1. Өкпедегі газ алмасу

2. Қандағы газ тұрақтылығы

3. Жас ерекшеліктері

  1. Қорытынды

  2. Қолданылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Тыныс жүйесі адам өміріне өте қажетті газ алмасу (О2, СО2) және иіс сезу, сондай-ақ дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Сыртқы орта мен өкпелер арасындағы газ алмасу – өкпе желдетілуі немесе сыртқы тыныс, қан мен өкпе көпіршіктерінің арасындағы газ алмасу – өкпелік тыныс, қан мен ұлпа арасындағы – ұлпалық немесе жасушалық тыныс деп айтылады. Компоненттердің ішіндегі ең керектісі қан арқылы газдарды (О2 – жасуша – СО2 - ) тасымалдау.

Балалардың ағзасы тұрақты түрде ұлпаға оттегін (О2) үнемі әкеліп, онда тотығу барысынан пайда болған көмір қышқыл газын (СО2) әкетіп отырмаса тіршілік ете алмайды. Бұл қызметті тыныс мүшелері орындайды.

Тыныс мүшесінің тәнтануы бойынша – ауа өткізуші және газ алмастырушы мүшелер деп екі тобына жатқызады. Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамыр (бронх) және өкпелер кіреді. Ауа өткізгіш мүше жолдарында ауа өткенде тазаланады, жылынады, түрлі тітіркендірілуді қабылдау және дем алу ауа көлемін реттеуді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ауа өткізгіш жолдарының кілегей (шырышты) қабатында белсенді өнім (секреторлық) қызметі болады. Мысалы, кеңірдектің кілегей (шырышты) қабаты, биологиялық белсенді заттар: пептидтер, норадре-налин, серотонин, дофамин шыға-ратын эндокринді жасуша болады.

II. Негізгі бөлім

  1. Өкпедегі газ алмасу

Қазіргі кезде өкпелердің газалмасуынан басқа, әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдану тәсіліне қарай маңызды 10 шақты қызметі белгілі болып отыр.

Өкпелердің веноздық қандарын-дағы қосылған қоспалардан бұзылып және түрлері өзгерген жасушалар-дан, майда фибрин қойыртпағынан, майдың ұсақ түйіршіктерінен (микроэмболдан) тазартатын сүзгілік (филтрлік) қызметі болады. Өкпелер-дің арнайы механикалық сүзгісі болмаса да, көптеген ферменттер жәрдемімен өздері өзгертіп өңдеп сіңіреді. Өкпелерде қанның ұюы және ұюға қарсы жүйесіне де әсер етеді. Өкпелердіњ липид алмасуын реттеуде де үлкен маңызы бар. Ыдыратылған май, май қышқылы және глицеридтер кеуде сарысу (лимфа) жолына веноздық қанағымымен өткендері өкпелердің липопротеаздары мен көмір қышқылына дейін тотығады, осы кезде көп мөлшерде энергия бөлінеді. Осылармен бірге май-фосфолипидтер және глицирин белсенді түрде синтезделеді. Өкпелерде тағы да сурфактанттың (ағылш. Surfactand – беті жұқа қабық) негізін құрайтын ақуыз синтезделеді. Мұндай сурфактант-тың жұқа қабығы жетілмей туса, алғашқы тыныс алуда баланың өкпесі керіліп-созылмай, бір-біріне жабысып қалады. Өкпелердің кіші қанайналым шеңберінен көпіршікке келетін, тәулігіне 500 мл су өкпеден шығарылатын, су-тұз алмасуына және ағзадағы дене жылуын реттеуге қатысады.

Өкпелердің тыныс (респиратор) бөлімдік құрылыс-қызметтік бірлігі –көпіршік (ацинус), ол көпіршік қалталы жүйенің соңы болып табылады. Оның тұрақтылығы тыныстың минуттық көлеміне, кеуде қуысының қимылына және тыныс бұлшықеттеріне тікелей байланысты. Олардың жиынтығы өкпенің өмірлік сыйымдылығымен сипатталады. Дем алу – көкет пен сыртқы қабырѓааралық тыныс бұлшықет-терінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысы кеңеюіне байланысты болады. Өкпелерге ауаның енуі көп дәрежеде үлпершек (плерва) қуысының қысымына да байланысты (ол сынап бағанасы бойынша 4-9 мм атмосферадан төмен). Дем шығару – бір жаѓынан, тыныс мускулатуралардың босаңсуы, бір жағынан, екінші жағынан, кеңейген өкпе өзінің серпімділігі арқасында қалпына келуіне байланысты сипатталады.