- •8 Дәріс. Мәліметтер қорын басқару және жобалау құралдары. Мқ функциялары. Ms access мқбж қолдану және оның негізгі түсініктері.
- •Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж)
- •Microsoft Access тұтасымен
- •Access 2007-дегі кейбір артықшылықтар жаңа форматты пайдалануды қажет етеді.
- •Қарапайым мәліметтер қоры
- •Жедел старт
- •Ассеss 2007 жұмыстық экранының құрылымы
- •Ассеss 2007 файлдарымен жұмыс істеу
- •Ағымдағы мәліметтер қоры
- •Кестелер параметрлері
- •Обьектлер конструкторлары
Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж)
Мақсаты: Кестелерді құру, мәліметтерді кесте ұяшықтарына енгізу, мәліметтерді түзету, мәліметтерді сорттау, сүзгі көмегімен мәліметтерді таңдау, кестелер аралық байланыстар типтері мен оларды орнату жолдарын практикада игеру мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері: Конструктор, шебер және мәліметтерді енгізу көмегімен кесте құрудың, мәліметтерді енгізу мен түзету, сүзгіні орындаудың жалпы принциптерімен таныстыру. Мәліметтер қорының құрылымы мен схемасын жасаудың, кестелер аралық байланыстар типтерін орнату, байланыстарды орнату мен жою әдістерінің дағдыларын қалыптастыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Мәліметтер қорын (МҚ) құру.
Кестелер құру.
Кестелермен жұмыс (мәліметтерді іздеу мен алмастыру, сүзгілер, сорттау).
Кестелер арасындағы байланыс.
Мәліметтер схемасы
Кестелер арасындағы байланысты орнықтыру мен жою.
Теориялық бөлім.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) — бұл олардың көмегімен мәліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын бағдарламалар жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің бірнеше ондаған түрлері бар, олардың көпшілігі шындығына келгенде басқару жүйелері емес, арнайы дайындалған бағдарламалау тілдері болып табылады, олардың көмегімен осы тілді меңгерген әрбір адам қолданушыға ыңғайлы құрылымдағы, кез келген мәліметтер қорын жасап алуына, және оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне болады. Мұндай тілдерге Oracle, Clipper, Paradox, FoxPro және басқалар жатады. Алайда, мұндай мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, қолданушылардың ауқымды бөлігі пайдалана алатындай, шынайы, тіптен кәсіби бағдарламалау дағдылары қажет.
Мәліметтер қорына төмендегідей талаптар қойылады:
мәліметтер қорының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту;
пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, мәліметтер қорының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қамтамасыз ету;
үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін мәліметтер қорының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;
тек қана дұрыс, алдын ала тексерілген ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мәліметтер қорының тұтастығын сақтау;
мәліметтер қорының, тұтынушылардың жекелеген категорияларының жұмыс сітеуіне қажетті, белгілі бір ақпараттық элементтерге енуіне ғана рұқсат ;
қорға енуді, мәліметтер қорына ақпараттар қосу мен түзетуді тек қана авторлық құқығы бар тұтынушылардың орындауы;
мәліметтер қорын пайдаланушылардың талабына сәйкес, мәліметтер элементтерін, түзету, бейнелеу және есептеу құрылғыларын құрудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету;
Әдебиеттерде мынаны, мысалға, FoxPro – бұл бағдарламалау тілі, деген тұжырымды да, әрі бұл мәліметтер қорын басқарушы жүйе деген тұжырымды да кездестіруге болады. Мыныны, соңғы жағдайда МҚБЖ туралы әңгіменің, оның FoxPro тілін пайдалану арқылы жасалғандығы жайында екендігін түсіну қажет.
Бағдарламалаудың қажеттілігі шағын бизнеске мәліметтер қорын кеңінен енгізуді әрқашанда қолдады. Ірі кәсіпорындар “өздеріне ыңғайлы” арнайы жүйелерді бағдарламалауға тапсырыс бере алды. Шағын кәсіпорындардың бұл тапсырмаларды орындау былай тұрсын, оларды дұрыс пайдалануға да шамасы келмеді.
Бұл бағдарламаның ертеректегі нұсқаларының нөмірлері Access 2.0, Access 95 и Access 97. Соңғы нұсқасы — Access 2007 Office 2007 пакетінің құрамына енеді. Алдағы уақытта біз, әртүрлі нұсқалардың жалпы қасиеттеріне сүйене отырып, Access 2007 бағдарламасы туралы сөз етеміз.
Сонымен қатар Access 2007-мен жұмыс істеу бағдарламалау мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Қажет болған жағдайда жүйені өз күшімізбен дамытуға және өзгертуге болады. Бұл үшін Visual Basic тілінде бағдарламалаудың негізін білу қажет.
